Жаңалықтар

Емханаларға «www.egov.kz» сайты арқылы тіркелуге болады

Енді емханаларға «www.egov.kz» сайты арқылы тіркелуге болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде «Өз емханаңды таңда!» тақырыбымен өткен баспасөз мәслихатында №8 қалалық емхананың бас дәрігері Айгүл Қасымова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Елімізде бір ай көлемінде тұрғындарды емханаларға тіркеу жөнінде ақпарат пен кепілдендірілген медициналық көмек тізімін медициналық мекемелердің ақпараттық тақталары мен сайттарынан білуге болады», - деді Айгүл Қасымова.  Азаматтарды медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға тіркеу немесе қайта тіркеу мақсатында жыл сайын арнаулы шаралар ұйымдастырылып отырады. Бас дәрігердің айтуынша, 2014 жылғы алғашқы медициналық көмекті қаржыландырудың жаңа жүйесі сапалы медициналық көмек көрсетуге негізделіп отыр. Осыған орай арнайы коммиссия екі ай көлемінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізбек. «Тұрғындарға қолайлы болу үшін электрондық үкімет («www.egov.kz» сайты) көмегімен де емханаларға тіркелу мүмкіндігі жасалған», - деп толықтырды А.Қасымова.   Серікгүл СҰЛТАНҚАЖЫ
11.09.2013 08:44 4697

Енді емханаларға «www.egov.kz» сайты арқылы тіркелуге болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінде «Өз емханаңды таңда!» тақырыбымен өткен баспасөз мәслихатында №8 қалалық емхананың бас дәрігері Айгүл Қасымова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Елімізде бір ай көлемінде тұрғындарды емханаларға тіркеу жөнінде ақпарат пен кепілдендірілген медициналық көмек тізімін медициналық мекемелердің ақпараттық тақталары мен сайттарынан білуге болады», - деді Айгүл Қасымова. 

Азаматтарды медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарға тіркеу немесе қайта тіркеу мақсатында жыл сайын арнаулы шаралар ұйымдастырылып отырады. Бас дәрігердің айтуынша, 2014 жылғы алғашқы медициналық көмекті қаржыландырудың жаңа жүйесі сапалы медициналық көмек көрсетуге негізделіп отыр. Осыған орай арнайы коммиссия екі ай көлемінде ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізбек.

«Тұрғындарға қолайлы болу үшін электрондық үкімет («www.egov.kz» сайты) көмегімен де емханаларға тіркелу мүмкіндігі жасалған», - деп толықтырды А.Қасымова.

 

Серікгүл СҰЛТАНҚАЖЫ
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға