Жаңалықтар

Қазақстан арнасында «Әйел бақыты» ток-шоуы

«9-қыркүйекте «Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Әйел бақыты» атты жаңа ток-шоудың тұсауы кесіледі» - деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы 
24.11.2014 04:46 13589

«9-қыркүйекте «Қазақстан Ұлттық телеарнасында «Әйел бақыты» атты жаңа ток-шоудың тұсауы кесіледі» - деп хабарлады «Қазақстан» АҚ» республикалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы 

Жаңа жобада бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін әйелдердің беделі, отбасындағы күйі, әлеуметтік жағдайы, бала тәрбиесіндегі маңызы, ерлі-зайыптылардың бүгінгі болмысы қозғалады. Керекті кеңес, әдеміліктің құпиясы, сән және т б. мәселелер көтеріледі.
«Әйел бақыты» тікелей эфирде аптасына 5 рет көрсетіледі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – көрермендер тікелей эфир кезінде және одан тыс уақытта да өз суалдарын телефон немесе электронды почта арқылы жолдай алады. Ток-шоудың тұсаукесер саны «Арманым адастырмаса екен» деп аталады. Алғашқы бағдарлама жар таңдауда жаңылмаудың маңызы жайлы болмақ. Ток-шоудың жүргізушілері Ләйлә Сұлтанқызы, Қарагөз Сүлейменова және Әйгерім Есенәлі.
9 қыркүйекте сағат 15.10-да «Қазақстан» Ұлттық арнасынан «Әйел бақыты» атты ток-шоуды тамашалап, тікелей эфирде сұрақ қоюға шақырамыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға