Алматыда киіз бұйымдары фестивалі өтеді
Алматыда 7-8 қыркүйекте «Шебер-2013. Киіз Алма» киіз бұйымдары фестивалі өтеді, деп хабарлайды Afisha.kz. Фестивалдің алғашқы күнінде венгерлік суретші Джудит Покс пен «Шебер» республикалық конкурсының финалистері мен жеңімпаздарының киіз бұйымдары, сондай-ақ қолөнер бойынша архив материалдары және Алматы қаласы архивінен алынған 19-20 ғасырдағы қазақтардың тұрмыстық заттары көрмесі өтеді. Іс-шара аясында қазақстандық дизайнерлердің киіз киімдері топтамасының көрсетілімі өтеді, киіз басудан және шағын кәдесый өнімдерін дайындаудан шеберлік сағаты, көлөнершілер көрмесі ұйымдастырылады. BNews.kz
03.09.2013 08:42
3356
Алматыда 7-8 қыркүйекте «Шебер-2013. Киіз Алма» киіз бұйымдары фестивалі өтеді, деп хабарлайды Afisha.kz.
Фестивалдің алғашқы күнінде венгерлік суретші Джудит Покс пен «Шебер» республикалық конкурсының финалистері мен жеңімпаздарының киіз бұйымдары, сондай-ақ қолөнер бойынша архив материалдары және Алматы қаласы архивінен алынған 19-20 ғасырдағы қазақтардың тұрмыстық заттары көрмесі өтеді.
Іс-шара аясында қазақстандық дизайнерлердің киіз киімдері топтамасының көрсетілімі өтеді, киіз басудан және шағын кәдесый өнімдерін дайындаудан шеберлік сағаты, көлөнершілер көрмесі ұйымдастырылады.
BNews.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Грегор–Иоганн Мендель