Әнші Луинаға ерекше сыйлық тарту етілді
Еліміздің әншісі Луинаға ерекше сыйлық тарту етілді. Оған асыл тұқымды құлынды жаңа бейне баянның түсірілімі кезінде қырғыз атбегісі сыйлаған. Бұл туралы Season.kz хабарлады. Режиссердің жоспарлауы бойынша, Ыстықкөл жағасында көрсетілімге асыл тұқымды құлын алынуы тиіс болған. Алайда, жағалауда серуендегенде ғана мінетін аттар жүргендіктен, ойлағандары іске аса қоймаған.Мұны естіген қырғыз атбегісі дереу көмекке келеді. Екі жастағы құлынды түсірілім алаңына жетелеп әкелген ол оны ойланбастан әншіге тарту етіпті. Америкадан жеткізілген бұл құлынның құны 100 мың доллар тұрады екен. Күтпеген сыйға разы болған Луина көрермендер құлынды жаңа бейне баяннан көре алады дейді. Baq.kz
01.09.2013 06:29
3607
Еліміздің әншісі Луинаға ерекше сыйлық тарту етілді. Оған асыл тұқымды құлынды жаңа бейне баянның түсірілімі кезінде қырғыз атбегісі сыйлаған. Бұл туралы Season.kz хабарлады.
Режиссердің жоспарлауы бойынша, Ыстықкөл жағасында көрсетілімге асыл тұқымды құлын алынуы тиіс болған. Алайда, жағалауда серуендегенде ғана мінетін аттар жүргендіктен, ойлағандары іске аса қоймаған.Мұны естіген қырғыз атбегісі дереу көмекке келеді. Екі жастағы құлынды түсірілім алаңына жетелеп әкелген ол оны ойланбастан әншіге тарту етіпті. Америкадан жеткізілген бұл құлынның құны 100 мың доллар тұрады екен. Күтпеген сыйға разы болған Луина көрермендер құлынды жаңа бейне баяннан көре алады дейді.
Baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Түркиядағы қазақ радиосы 15 жылдығын тойлайды