Жаңалықтар

Қазақстан Президенті ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлығы шықты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Еске сала кетейік, өткен аптада Парижде EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы аясында ұйымдастырылған дауыс беру қорытындысы бойынша Астана EXPO-2017 көрмесінің иесі атанды. Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал белгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласқа түсті. Бельгия «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырыпты ұсынған болатын. Ал Астана энергияның балама көзіне және «жасыл» технологияға арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды.
27.11.2012 07:50 3401

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлығы шықты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Құжат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.


Еске сала кетейік, өткен аптада Парижде EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы аясында ұйымдастырылған дауыс беру қорытындысы бойынша Астана EXPO-2017 көрмесінің иесі атанды. Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал белгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.

ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласқа түсті. Бельгия «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырыпты ұсынған болатын. Ал Астана энергияның балама көзіне және «жасыл» технологияға арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға