Бен Аффлек Бэтменді сомдайды
Америкалық актер Бен Аффлек Супермен туралы жаңа фильмде Бэтменді сомдайды. "Бэтмен-Супермен" деген атау алған туынды режиссер Зак Снайдердің "Болат адам" фильмінің жалғасы ретінде түсірілмекші. Ағымдағы жылы жарыққа шыққан аталмыш кино әлемдік прокаттан 650 миллион доллар пайда түсірген болатын. Warner Bros Pictures кинокомпаниясының өкілі Грэг Силвермен бас кейіпкерге Аффлек әбден лайық деп отыр. Америкалық комикстің екі "батыры" - Бэтмен мен Супермен кездесетін фильмнен сондай-ақ, Генри Кавилл, Эми Адамс, Лоренс Фишберн мен Дайан Лэйнді де көруге болады. Суперменнің басынан кешкен оқиғаларын көрермен қауым 2015 жылы тамашалай алады. Lenta.ru Мақпал ЖҰМАШОВА
23.08.2013 08:32
3430
Ағымдағы жылы жарыққа шыққан аталмыш кино әлемдік прокаттан 650 миллион доллар пайда түсірген болатын. Warner Bros Pictures кинокомпаниясының өкілі Грэг Силвермен бас кейіпкерге Аффлек әбден лайық деп отыр. Америкалық комикстің екі "батыры" - Бэтмен мен Супермен кездесетін фильмнен сондай-ақ, Генри Кавилл, Эми Адамс, Лоренс Фишберн мен Дайан Лэйнді де көруге болады.
Суперменнің басынан кешкен оқиғаларын көрермен қауым 2015 жылы тамашалай алады.
Lenta.ru
Мақпал ЖҰМАШОВА
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазан
Келесі жаңалық
Атырау облысындағы пойыз апаты: үш адам ауыр халде жатыр