«Ата заңым - айбыным!» байқауынан қалыс қалмаңыз!
ҚР Конституция күніне байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Ата заңым - айбыным!» атты байқау жариялаған болатын. Байқаудың басты мақсаты - халықты отаншылдыққа шақыру және Ата заңымызды кеңінен насихаттау. Тамыз айының 1-жұлдызынан басталған байқау 5-қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Бүгінде жарысқа қатысуға өтініш бергендер саны 44-ге жетті. Сіз де өз жұмысыңызды жіберуді ұмытпаңыз. Конкурсқа 10-25 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алатындығын ескертеміз. Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
22.08.2013 09:53
2892
ҚР Конституция күніне байланысты «Ел.кз» әлеуметтік желісі «Ата заңым - айбыным!» атты байқау жариялаған болатын. Байқаудың басты мақсаты - халықты отаншылдыққа шақыру және Ата заңымызды кеңінен насихаттау. Тамыз айының 1-жұлдызынан басталған байқау 5-қыркүйекке дейін жалғасатын болады.
Бүгінде жарысқа қатысуға өтініш бергендер саны 44-ге жетті. Сіз де өз жұмысыңызды жіберуді ұмытпаңыз. Конкурсқа 10-25 жас аралығындағы барлық ниет білдірушілер қатыса алатындығын ескертеміз.
Үздік жұмыстар Конкурстың әділ қазылар алқасының дауыc беруі арқылы анықталады.
Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталатын болады.
Бөлісу:
