Kaztube.kz: «Бағалы сыйлықтар өз жеңімпаздарын күтуде!»
Kaztube.kz бейне-порталы Конституция күніне арналған Қазақстан тарихы туралы ең үздік бейне таңдауға бағытталған байқауға (http://kaztube.kz/ru/video/event/9) қатысып, көпшіліктің қошеметімен қатар бағалы сыйлықтарға бақ сынасып көруге шақырады. Байқау шарттары қарапайым: үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегіне дейін 5-7 минуттан аспайтын "Қазақстанның белгілі тұлғалары", "Қазақстанның аймақтары", "Қазақстан тарихы" тақырыптарындағы бейнероликті Kaztube.kz порталына жүктеп, "Қазақстан тарихы" бөліміне салыңыз. Бүгінгі таңда Kaztube.kz бейне-порталына 5 үміткер өз жұмыстарын жүктеп, сайт пайдаланушыларының назарына ұсынған болатын http://kaztube.kz/kz/video/event/9. Мұнда көрермендер бейнероликтерге дауыс беру арқылы үздік бейнені анықтайтын болады. Бұл Kaztube.kz бейне-порталының өткізіп отырған бірінші байқауы емес. Алдыңғы «Астана - менің арманымның қаласы» атты байқауда (http://kaztube.kz/ru/video/event/8) жеңімпаздар сандық техникаларды сыйға алған болатын.
13.08.2013 06:44
3424
Бұл Kaztube.kz бейне-порталының өткізіп отырған бірінші байқауы емес. Алдыңғы «Астана - менің арманымның қаласы» атты байқауда (https://kaztube.kz/ru/video/event/8) жеңімпаздар сандық техникаларды сыйға алған болатын.
Бөлісу:
