Үндістан 800 млн. азаматын тегін тамақтандырмақ
Үндістан парламенті халықтың үштен екі бөлігіне азық-түлікті субсидиялау бағдарламасын талқылауды бастады. ВВС-дің жазуынша, бағдарламаның негізгі элементі – ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңы Үндістан қазынасынан жылына 24 млрд. АҚШ долларын жұмсауды қажет етеді. Бұл құжат қабылданған жағдайда – әлемдегі әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы ең ірі желі болмақ. Заң бойынша үкімет 800 миллион адамның әрқайсысына айына 5 келіден астық тарату міндетін мойнына алады. Заңды сынаушылар аталған бағдарлама Үндістанның түбіне жететін популистік қадам десе, қолдаушылар кедейшілікпен күресте маңызды шешім деген пікірде. Бағдарламаны орындау үшін 30-дан астам заңды қабылдау қажет көрінеді. Baq.kz
11.08.2013 15:49
3438
Үндістан парламенті халықтың үштен екі бөлігіне азық-түлікті субсидиялау бағдарламасын талқылауды бастады.
ВВС-дің жазуынша, бағдарламаның негізгі элементі – ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі туралы заңы Үндістан қазынасынан жылына 24 млрд. АҚШ долларын жұмсауды қажет етеді. Бұл құжат қабылданған жағдайда – әлемдегі әлеуметтік қамтамасыз ету бағытындағы ең ірі желі болмақ.
Заң бойынша үкімет 800 миллион адамның әрқайсысына айына 5 келіден астық тарату міндетін мойнына алады. Заңды сынаушылар аталған бағдарлама Үндістанның түбіне жететін популистік қадам десе, қолдаушылар кедейшілікпен күресте маңызды шешім деген пікірде.
Бағдарламаны орындау үшін 30-дан астам заңды қабылдау қажет көрінеді.
Baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Құрылысшылар алып ғимаратқа лифт орнатуды ұмытып кеткен
Келесі жаңалық
Әкімдік Астанадағы LRT пойыздарының нобайын көрсетті