Сочи Олимпиадасының алауын Грекиядағы Олимп тауында 29 қыркүйекте жағады
Грецияның Олимп тауында Сочидегі Олимпиаданың алауын жағу салтанаты 2013 жылдың 29 қыркүйегінде өтеді, деп хабарлады «Сочи-2014» ұйымдастыру комитетінің президенті Дмитрий Чернышенко. Оның берген мәліметі бойынша, Мәскеуге алау 6 қазан күні жеткізіледі, одан кейін Олимпиада ойындарының эстафетасы басталады. Ол 123 күнге жалғасып, шамамен 3 мың елді мекенді басып өту арқылы 65 мың шақырымға созылады. Эстафета барысында алау тіпті Солтүстік полюске де жеткізіледі. ҚазАқпарат.
09.08.2013 04:32
3818
Оның берген мәліметі бойынша, Мәскеуге алау 6 қазан күні жеткізіледі, одан кейін Олимпиада ойындарының эстафетасы басталады. Ол 123 күнге жалғасып, шамамен 3 мың елді мекенді басып өту арқылы 65 мың шақырымға созылады. Эстафета барысында алау тіпті Солтүстік полюске де жеткізіледі.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Miss and Mister Deaf International 2013 (фото)