Маңғыстау облысында 94 үміткерден 47 ауыл округтерінің әкімі сайланады
Бүгін Маңғыстау облысында ауыл округтері әкімдерін сайлау өтеді. Оған осыған дейін тіркелген 94 үміткер қатысады. Облыста 47 әкімшілік-аумақтық бірлік бар: аудандық маңыздағы 1 қала (Форт-Шевченко), Жаңаөзен қаласының құрамына енетін 1 кент (Рахат), 20 село мен 25 ауыл округтері. Олардың әрқайсысынан 3 үміткерден ұсынылды. Соның ішінде әр әкімшілік-аумақтық бөліністен 2 адамнан барлығы 94 үміткер тіркелді. «Барлық үміткердің жоғары білімі бар,. Олардың кейбіреуі осы күнгі әкімдер. 94 кандидаттың ішінен ауыл округтерінің 47 әкімін сайлау керек», - деді Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқал. ҚазАқпарат.
07.08.2013 09:29
2657
Облыста 47 әкімшілік-аумақтық бірлік бар: аудандық маңыздағы 1 қала (Форт-Шевченко), Жаңаөзен қаласының құрамына енетін 1 кент (Рахат), 20 село мен 25 ауыл округтері.
Олардың әрқайсысынан 3 үміткерден ұсынылды. Соның ішінде әр әкімшілік-аумақтық бөліністен 2 адамнан барлығы 94 үміткер тіркелді.
«Барлық үміткердің жоғары білімі бар,. Олардың кейбіреуі осы күнгі әкімдер. 94 кандидаттың ішінен ауыл округтерінің 47 әкімін сайлау керек», - деді Маңғыстау облысы сайлау комиссиясының төрағасы Есен Күмісқал.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
