Бельгия ғалымдары суға кеткен адамдарды балықтардың көмегімен іздемек
Бельгия ғалымдары тұқы балықтарды қаза тапқан адамдарды судан іздеп табуға үйретпек. Бұл үшін ғалымдар балықтарды өліктің иісі сіңіп қалған тағамдармен тамақтандыратын болады. Бұндай бағдарламаны Льеж университетінде ойлап тапқан, деп хабарлайды Утро.ру. Үйретілген балықтардың жүрісін бақылап отыру үшін оларды арнайы құрылғылармен жабдықтау жоспарланған. Ғалымдар тұқыларды төмен температураға шыдай алатындықтан, суда аз мөлшердегі ауамен тыныстай алып және қараңғыға тез бейімделетіндіктен таңдап алған. Бұл қасиетке ие балықтар лайланған суларда жоғалып кеткен мәйіттерді іздеуге қолайлы. ҚазАқпарат.
06.08.2013 03:43
3149
Үйретілген балықтардың жүрісін бақылап отыру үшін оларды арнайы құрылғылармен жабдықтау жоспарланған. Ғалымдар тұқыларды төмен температураға шыдай алатындықтан, суда аз мөлшердегі ауамен тыныстай алып және қараңғыға тез бейімделетіндіктен таңдап алған. Бұл қасиетке ие балықтар лайланған суларда жоғалып кеткен мәйіттерді іздеуге қолайлы.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Буэнос-Айрес танго фестиваліне дайындалып жатыр
Келесі жаңалық
Берденовтің орнына Екатерина Смолякова депутат болды