Германияда шылымқорлар үйсіз қалуы мүмкін
Германиялық Дюссельдорф соты егер темекі түтіні жалпы қолданыстағы қоғамдық орындарға таралатын болса, пәтер иесі үйінен қуылуы мүмкін деген қаулы шығарды, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі. 75 жасар Фридхельм Адольфтің көршілері оның үстінен темекісінің түтіні ортақ кіреберісте сезіліп тұрады деп шағым түсірген. Аталған үйде қырық жылдан астам уақыт тұратын ер адам сот отырысында берген түсініктемесінде, «үйімді жел кірмейтіндей бітеп тастамасаңыздар, менің қолымнан ешнәрсе келмейді» деп ақталды. Алайда сот өз шешімін шағымданушылардың үлесіне шешті.
01.08.2013 04:46
3050
75 жасар Фридхельм Адольфтің көршілері оның үстінен темекісінің түтіні ортақ кіреберісте сезіліп тұрады деп шағым түсірген.
Аталған үйде қырық жылдан астам уақыт тұратын ер адам сот отырысында берген түсініктемесінде, «үйімді жел кірмейтіндей бітеп тастамасаңыздар, менің қолымнан ешнәрсе келмейді» деп ақталды. Алайда сот өз шешімін шағымданушылардың үлесіне шешті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Дзюдо-дан Әлем чемпионатына кімдер барады?
Келесі жаңалық
Жетісуда екі жеңіл көлік мұз астына түсіп кетті