Алматы – 2 вокзалында пойыз соқтығысып, іс қозғалды...
Кеше кешке қарай Алматы – 2 темір жол вокзалының 4-ші жолында маневрлік пойыз тіркемесіндегі жолаушыларсыз №15 «Алматы – Петропавл» бағытына қатынайтын пойызбен тап осы жолда жолаушыларды отырғызып жатқан №301/302 «Новосібір – Алматы» пойызымен соқтығысу оқиғасы тіркелген. Бұл жөнінде Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды. Салдарынан түрлі дене жарақаттарымен 4 адам ауруханаға жатқызылып (оның бірі жолаушы), одан өзге 50-ге жақын азамат жеңіл жарақаттармен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Алайда, олар өз еріктерімен аурухана төсегіне жатудан бас тартқан. Осы оқиғаға байланысты Жетісу көлік прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 295 бабы, 4 тармағына сәйкес (темір жол көлігін пайдалану немесе қауіпсіз қозғалту ережесін бұзу фактісі бойынша) қылмыстық іс қозғап, тергеу-тексеру жұмыстарын бастады. Baq.kzКеше кешке қарай Алматы – 2 темір жол вокзалының 4-ші жолында маневрлік пойыз тіркемесіндегі жолаушыларсыз №15 «Алматы – Петропавл» бағытына қатынайтын пойызбен тап осы жолда жолаушыларды отырғызып жатқан №301/302 «Новосібір – Алматы» пойызымен соқтығысу оқиғасы тіркелген. Бұл жөнінде Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Салдарынан түрлі дене жарақаттарымен 4 адам ауруханаға жатқызылып (оның бірі жолаушы), одан өзге 50-ге жақын азамат жеңіл жарақаттармен дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Алайда, олар өз еріктерімен аурухана төсегіне жатудан бас тартқан.
Осы оқиғаға байланысты Жетісу көлік прокуратурасы ҚР Қылмыстық кодексінің 295 бабы, 4 тармағына сәйкес (темір жол көлігін пайдалану немесе қауіпсіз қозғалту ережесін бұзу фактісі бойынша) қылмыстық іс қозғап, тергеу-тексеру жұмыстарын бастады.
Baq.kz
