«Шахтер» - «Скендербеу» матчы өтетін күн белгілі болды
Қазақстанның футболдан екі дүркін чемпионы қарағандылық «Шахтер» мен албандық «Скендербеу» арасында өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Кездесу 30 шілдеде кешкі 19.00-де Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Кіру тегін. KazSport телеарнасы матчты тікелей эфирден көрсетеді, трансляция 18.45-те басталады. Қарағандылық клуб екінші іріктеу кезеңінде белорустық БАТЭ-ні жеңген болатын. Кейіннен «Шахтер» алаңы УЕФА-ның техникалық талаптарына сай келмейтіндігі анықталып, ойын Астанаға ауыстырылды. Бұл жағдай қарағандылық фанаттарға ұнай қойған жоқ. Олар кездесуді Астанаға ауыстыруға қарсы шығып, қала тұрғындарының дауысын жинады. Бақ.кз
26.07.2013 09:19
2794
Қазақстанның футболдан екі дүркін чемпионы қарағандылық «Шахтер» мен албандық «Скендербеу» арасында өтетін күн белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кездесу 30 шілдеде кешкі 19.00-де Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Кіру тегін. KazSport телеарнасы матчты тікелей эфирден көрсетеді, трансляция 18.45-те басталады.
Қарағандылық клуб екінші іріктеу кезеңінде белорустық БАТЭ-ні жеңген болатын. Кейіннен «Шахтер» алаңы УЕФА-ның техникалық талаптарына сай келмейтіндігі анықталып, ойын Астанаға ауыстырылды.
Бұл жағдай қарағандылық фанаттарға ұнай қойған жоқ. Олар кездесуді Астанаға ауыстыруға қарсы шығып, қала тұрғындарының дауысын жинады.
Бақ.кз
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Әйелін қызғанған ғалым у берген