Қазақстандық ватерполшылар әлем чемпионатында алғашқы жеңіске қол жеткізді
Су полосы бойынша Қазақстанның ерлер құрамасы Барселонада жалауы көтерілген су спортының түрлерінен әлем чемпионатында алғашқы жеңіске қол жеткізді. Бұл туралы Vesti.kz жазды. Қазақстандық ватерполшылар екінші ойында Румыния құрамасымен бақ сынасты. Кездесу нәтижесінде олар әріптестерінен 7:4 есебімен басым түсті. Ойынның алғашқы бөлігі 1:0, екіншісі 2:2 есебімен аяқталған болатын. Үшіншісінде 4:1 есебімен жерлестеріміз топ жарса, соңғысы 1:0 есебімен румындықтардың пайдасына шешілді. Айта кетейік, алғашқы турда еліміздің құрамасы 8:9 есебімен неміс ватерполшыларынан жеңілген еді. ҚазАқпарат.
25.07.2013 04:20
2839
Қазақстандық ватерполшылар екінші ойында Румыния құрамасымен бақ сынасты. Кездесу нәтижесінде олар әріптестерінен 7:4 есебімен басым түсті. Ойынның алғашқы бөлігі 1:0, екіншісі 2:2 есебімен аяқталған болатын. Үшіншісінде 4:1 есебімен жерлестеріміз топ жарса, соңғысы 1:0 есебімен румындықтардың пайдасына шешілді.
Айта кетейік, алғашқы турда еліміздің құрамасы 8:9 есебімен неміс ватерполшыларынан жеңілген еді.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Грецияда арал сатылымға шығады
Келесі жаңалық
5 наурызда киножобалар конкурсы басталады