Жаңалықтар

«Ел іші - өнер кеніші»

Шынында да қазір көптеген шаруашылықтарда «Ішімдіксіз ауыл атанамыз» деген бастама көтерушілер қатары көбейе түсті. Ауданда салауыттылық жолындағы күрестің 72 бастауыш ұйымы 1085 адамды өз қатарына біріктіріп отыр. Еңбекшілерге мәдени қызмет көрсетуде игі істерімен көзге түсіп жүрген ұжымдар, шаруашылықтар едәуір. Мысалы, «Албарбөгет» ұжымшарын алайық. Мұнда клубтардың, кітапханалардың жұмысы жақсы жолға қойылған. Биыл осы ұжымшардың базасында мәдениет қызметкерлерінің аудандық семинар-кеңесі өткізілді. Соның ішінде ұжымшардың Тоқанай бөлімшесіндегі мәдениет орындарының қызметі айтарлықтай. Мұнда клуб, кітапхана, дәрігерлік пункт бар. Клубта домбыра, драма үйірмелері жүйелі жұмыс істейді. Клуб музыка аспаптарының түр-түрімен қамтамасыз етілген. Клуб жанындағы кітапханадан да қысы-жазы адам үзілмейді. Кітапханада әртүрлі тақырыпта оқырмандар конференциясын өткізу дәстүрге айналған. Жалпы, Торғай өңірін өнерлі өрендер мекені десе де болғандай. Мұнда ауыл сахнасын ән мен күйге бөлеп, еңбек адамдарының мерейін өсіріп жүргендер көп. Ұжымшар мен бөлімше көркем өнерпаздарының күшімен құрылған ансамбльдер өз алдына, тіпті отбасылық ансамбльдер қаншама! Айталық, аудан жұртшылығы Қасенхановтардың, Әбдікәрімовтердің, Ахметовтердің, Қопақовтардың, Әлмағанбетовтардың, Жаңабергеновтердің, Алматовтардың, Әшірхановтардың, Хамзиндердің отбасылық ансамбльдерінің концертін әрдайым жылы қабылдап, қуана қол соғады. Асылы, «Ел іші - өнер кеніші» деп тегін айтылмаған. Айтыс дәстүрін жалғастырып, суырып салма ақындық өнеріне ден қоюшылар қатары да жыл сайын көбейіп келеді. Биылғы ақпан айында аудандық ақындар айтысы өткізілді. Мұның бәрін тәптіштеп айтып отырған себебіміз, ауыл еңбеккерлері үшін, олардың көңілді демалып, өнімді жұмыс істеуі үшін атқарылатын осындай игілікті мәдени шаралардың басы-қасында әрқашан интеллигенция өкілдері жүреді. Мысалы, тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының технологі А. Досанова, дәрігерлер А.Ыбыраева, С. Демесінова, Б. Медетова, Д. Әбуғалиева, мұғалімдер М. Әбдірахманов, Г. Алматова, М. Бірмұханов, О. Оспанов, А. Қабиеа, кітапханашылар М. Имекенова, Г. Құрманәлина, тағы басқа мамандық иелері мәдениет майданына белсене араласады. Аудан орталығындағы жасыл желекке оранған мектеп үйінің ауласында мәрмәр тұғырға орнатылған аппақ мүсін-ескерткіш сонадайдан көзге шалынады. Бұл – Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші.
23.07.2013 04:45 11568

Шынында да қазір көптеген шаруашылықтарда «Ішімдіксіз ауыл атанамыз» деген бастама көтерушілер қатары көбейе түсті. Ауданда салауыттылық жолындағы күрестің 72 бастауыш ұйымы 1085 адамды өз қатарына біріктіріп отыр.

Еңбекшілерге мәдени қызмет көрсетуде игі істерімен көзге түсіп жүрген ұжымдар, шаруашылықтар едәуір. Мысалы, «Албарбөгет» ұжымшарын алайық. Мұнда клубтардың, кітапханалардың жұмысы жақсы жолға қойылған. Биыл осы ұжымшардың базасында мәдениет қызметкерлерінің аудандық семинар-кеңесі өткізілді. Соның ішінде ұжымшардың Тоқанай бөлімшесіндегі мәдениет орындарының қызметі айтарлықтай. Мұнда клуб, кітапхана, дәрігерлік пункт бар. Клубта домбыра, драма үйірмелері жүйелі жұмыс істейді. Клуб музыка аспаптарының түр-түрімен қамтамасыз етілген. Клуб жанындағы кітапханадан да қысы-жазы адам үзілмейді. Кітапханада әртүрлі тақырыпта оқырмандар конференциясын өткізу дәстүрге айналған.

Жалпы, Торғай өңірін өнерлі өрендер мекені десе де болғандай. Мұнда ауыл сахнасын ән мен күйге бөлеп, еңбек адамдарының мерейін өсіріп жүргендер көп. Ұжымшар мен бөлімше көркем өнерпаздарының күшімен құрылған ансамбльдер өз алдына, тіпті отбасылық ансамбльдер қаншама! Айталық, аудан жұртшылығы Қасенхановтардың, Әбдікәрімовтердің, Ахметовтердің, Қопақовтардың, Әлмағанбетовтардың, Жаңабергеновтердің, Алматовтардың, Әшірхановтардың, Хамзиндердің отбасылық ансамбльдерінің концертін әрдайым жылы қабылдап, қуана қол соғады.

Асылы, «Ел іші - өнер кеніші» деп тегін айтылмаған. Айтыс дәстүрін жалғастырып, суырып салма ақындық өнеріне ден қоюшылар қатары да жыл сайын көбейіп келеді. Биылғы ақпан айында аудандық ақындар айтысы өткізілді.

Мұның бәрін тәптіштеп айтып отырған себебіміз, ауыл еңбеккерлері үшін, олардың көңілді демалып, өнімді жұмыс істеуі үшін атқарылатын осындай игілікті мәдени шаралардың басы-қасында әрқашан интеллигенция өкілдері жүреді. Мысалы, тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының технологі А. Досанова, дәрігерлер А.Ыбыраева, С. Демесінова, Б. Медетова, Д. Әбуғалиева, мұғалімдер М. Әбдірахманов, Г. Алматова, М. Бірмұханов, О. Оспанов, А. Қабиеа, кітапханашылар М. Имекенова, Г. Құрманәлина, тағы басқа мамандық иелері мәдениет майданына белсене араласады.

Аудан орталығындағы жасыл желекке оранған мектеп үйінің ауласында мәрмәр тұғырға орнатылған аппақ мүсін-ескерткіш сонадайдан көзге шалынады. Бұл – Ыбырай Алтынсариннің ескерткіші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға