Жаңалықтар

Аудандағы мәдениет мекемелерінің жұмысы қай дәрежеде деген сауал өз-өзінен туындайды

Облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандағы құрылыс қарқыны шынында да тәуір. Жол қашықтығына байланысты құрылыс материалдарын жеткізу де оңай емес. Дегенмен, соңғы жылдары бой көтерген ақ шаңқан үйлерді әрбір шаруашылықтан кездестіруге болады. Аудан орталығы Торғай ауылының келбеті де әсем. Мұндағы Кеңестер үйі, Ә. Жангелдин атындағы революциялық даңқ музейі, мал дәрігерлік станция, «Балдырған» балабақшасы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп, кең көшенің бойында сап түзеген екі қатарлы тұрғын үйлер ауылдың көркіне көрік қоса түскен. Әрбір үйде электр сәулесі нұр шашып, телевизор, радио сайрап тұр. Көгілдір газ да малшы жұртшылығының тұрмысын жеңілдете түскен. Осы орайда аудандағы мәдениет мекемелерінің жұмысы қай дәрежеде деген сауал өз-өзінен туындайды. Ал шындығына келсек, еңбекшілердің мәдени демалысын ұйымдастыруда, оларға рухани және эстетикалық тәрбие беруде, еңбекке ынталы көзқарасты қалыптастыруда жүзеге асырылып жатқан шаралар аз емес. Ауданда 26 ауылдық клуб, 1 мәдениет үйі, 6 автоклуб, 57 кітапхана, 36 киноқондырғы, 1 кинотеатр, 2 музей жұмыс істейді. Аудандық кітапхана жүйесінде 392226 кітап қоры бар. Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Топжарған» үгіт бригадасының ұжымы алыс отардағы малшылар арасында жиі болып, шопандарға концерт қойып береді, лекциялар оқиды, тұрмыстық қызмет көрсетеді. Әсіресе өткен жылы қабылданған «Маскүнемдік пен алкоголизмді тыю жөніндегі шаралар туралы» және «Клуб мекемелері мен спорт ғимараттарын пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулылардың талаптарына сәйкес клубтардың, кітапханалардың, кинотеатрлардың қызметі біраз жандана түскен. Ішімдіксіз той өткізу тұрмысқа берік ене бастады. Мұндай тойларды ұйымдастыруға кеңес, кәсіподақ қызметкерлері, интеллигенция өкілдері белсене атсалысады. Аудан орталығында ішімдіксіз өткен осындай бір тойға қатысудың сәті түсті. Бұл № 12 ауылдық кәсіптік-техникалық училищенің оқытушысы Айбек Қапақов пен аудандық тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының шаштаразы Гүлсім Мешітбаеваның үйлену тойы еді. Той дастарханында арақ-шарап деген атымен жоқ, оның орнында минералды су, лимонад, алма, жүзім шырындары. Екі иінінен демала буы бұрқыраған самауыр да дастарқан сәнін кіргізіп тұр. Той жастарға тән жалынмен көңілді өтті, ән айтылды, би биленді, әркім өз өнерін ортаға салды. Осы тойда төбесі көкке жеткендей қуанып, жастармен бірге ойнап-күліп, той шырайын кіргізген ақ пейілді анамен жүздестік. Ол – Айбектің анасы, республиканың еңбек сіңірген фармацеві, аудандық дәріхананың меңгерушісі Зұлқия Сыздықова.
23.07.2013 04:44 4082

Облыс орталығынан шалғай орналасқан аудандағы құрылыс қарқыны шынында да тәуір. Жол қашықтығына байланысты құрылыс материалдарын жеткізу де оңай емес. Дегенмен, соңғы жылдары бой көтерген ақ шаңқан үйлерді әрбір шаруашылықтан кездестіруге болады. Аудан орталығы Торғай ауылының келбеті де әсем. Мұндағы Кеңестер үйі, Ә. Жангелдин атындағы революциялық даңқ музейі, мал дәрігерлік станция, «Балдырған» балабақшасы, Ы.Алтынсарин атындағы мектеп, кең көшенің бойында сап түзеген екі қатарлы тұрғын үйлер ауылдың көркіне көрік қоса түскен. Әрбір үйде электр сәулесі нұр шашып, телевизор, радио сайрап тұр. Көгілдір газ да малшы жұртшылығының тұрмысын жеңілдете түскен.

Осы орайда аудандағы мәдениет мекемелерінің жұмысы қай дәрежеде деген сауал өз-өзінен туындайды. Ал шындығына келсек, еңбекшілердің мәдени демалысын ұйымдастыруда, оларға рухани және эстетикалық тәрбие беруде, еңбекке ынталы көзқарасты қалыптастыруда жүзеге асырылып жатқан шаралар аз емес. Ауданда 26 ауылдық клуб, 1 мәдениет үйі, 6 автоклуб, 57 кітапхана, 36 киноқондырғы, 1 кинотеатр, 2 музей жұмыс істейді. Аудандық кітапхана жүйесінде 392226 кітап қоры бар. Аудандық мәдениет үйі жанындағы «Топжарған» үгіт бригадасының ұжымы алыс отардағы малшылар арасында жиі болып, шопандарға концерт қойып береді, лекциялар оқиды, тұрмыстық қызмет көрсетеді.

Әсіресе өткен жылы қабылданған «Маскүнемдік пен алкоголизмді тыю жөніндегі шаралар туралы» және «Клуб мекемелері мен спорт ғимараттарын пайдалануды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» қаулылардың талаптарына сәйкес клубтардың, кітапханалардың, кинотеатрлардың қызметі біраз жандана түскен. Ішімдіксіз той өткізу тұрмысқа берік ене бастады. Мұндай тойларды ұйымдастыруға кеңес, кәсіподақ қызметкерлері, интеллигенция өкілдері белсене атсалысады.

Аудан орталығында ішімдіксіз өткен осындай бір тойға қатысудың сәті түсті. Бұл № 12 ауылдық кәсіптік-техникалық училищенің оқытушысы Айбек Қапақов пен аудандық тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының шаштаразы Гүлсім Мешітбаеваның үйлену тойы еді. Той дастарханында арақ-шарап деген атымен жоқ, оның орнында минералды су, лимонад, алма, жүзім шырындары. Екі иінінен демала буы бұрқыраған самауыр да дастарқан сәнін кіргізіп тұр. Той жастарға тән жалынмен көңілді өтті, ән айтылды, би биленді, әркім өз өнерін ортаға салды.

Осы тойда төбесі көкке жеткендей қуанып, жастармен бірге ойнап-күліп, той шырайын кіргізген ақ пейілді анамен жүздестік. Ол – Айбектің анасы, республиканың еңбек сіңірген фармацеві, аудандық дәріхананың меңгерушісі Зұлқия Сыздықова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға