Жаңалықтар

Жұмыс іздеген кездегі кеңінен кездесетін 10 қателік

Психологтардың айтуынша, адам өмірге деген қызығушылықты жоғалтпас үшін шамамен әр бес жылда жұмыс орнын ауыстырып тұру керек екен. Бұл ережені қолданбайтын адамдар да өмірінде бірнеше рет жаңа жұмысты іздеу мәселесіне жолығады. Жұмыс іздеумен бірнеше рет айналысқан адамдар да көп қателіктер жіберетіні анықталды. Сол қателіктерді қалай айналып өтсек екен? Әрине рекрутинг бизнесіне қатысты кәсіби мамандардың бұл сұрақта әлде қайда білікті келеді. Жұмыс іздеген адамдардың жіберетін негізгі қателіктері жөнінде екі пікір туралы оқып білесіз. Олардың екеуі де америка мамандарынан болғаны мен ұсынып отырған кеңестерін Ресейге де қолдануға болады, әсіресе ірі батыс компанияларының өкілеттіктерінде немесе беделді ресей фирмаларында жұмыс тапқысы келгендерге өте қажетті. Бұл «Beatytime» айтуынша. Олардың біреуін жұмыс башылық саласындағы американдық Ұлттық кеңес берушілер ассоциациясы басып шығарды (National Employment Counseling Association). Сол ассоциация мамандарының пікірінше жұмыс іздеушілердің негізгі 10 қателігі мынадай: 1. Нашар түйіндеме. Осы парақ қағаз сіз туралы бірінші ойды туындатады. Егер түйіндеме нашар болса, онда ол қоқыс шелегіне лақтырылатынына күмәнданбаңыз, бұл сол компанияда жұмыс іздеу жолыңыздың соңғы аялдамасы. 2. Газеттегі хабарландырулардан жұмыс іздеу. Бұл өте тиімсіз әдіс. Шын мәнісінде газет беттерінде бос орындардың 10 пайызы ғана келіп түседі. Көптеген хабарландырулар «қуысты» болуы жиі кездеседі. Оларды жарнама (егер фирма персонал іріктеп жүрсе, онда оның жұмыстары табысты болғаны), коммерциялық мәліметтерді жинау үшін (мысалы, осылайша бәсекелес компанияның жалақы деңгейі туралы ақпарат жинақтауға болады) және т.б. ретінде баспаға шығарады. 3. Өз түйіндемеңізді бір фирмаға жібергеннен кейін, сіз олардың телефоннан немесе хат арқылы хабарласқанын күтіп отырасыз. Алайда бұл өте сирек кездесетін жағдай. Ең сыпайы компаниялардан мынадай хат келуі мүмкін: «Біз сіздің түйіндемеңізбен масаттандық, алайда сол орынға басқа адамды алдық». Ең тиімді әдіс – кадр қызметіне қайта-қайта қоңырау шалып, сіздің бұл дүниеде бар екендігіңізді білдіру. Осы әдісті қолданған адамдардың 60% жағымды нәтиже ала алды. 4. Жұмысты тек таныстардың көмегімен іздеу. Бұл өте қауіпті жол. Сіздің таныстарыңыз сіздің мәселеңіз жөнінде сіз ойлағандай етіп ат салыспайды. Әрине олар кейде сізге қол ұшын береді. Бірақ олардың көмегіне сеніп отыра беруге де болмайды. 5. Сұхбаттан кейін сіз осыдан кейін кіммен хабарласатыныңзды сұрамайсыз. Бұл өте маңызды сұрақ. «Рахмет, сізбен кейініректе хабарласамыз» деген сұрақ сізді қанағаттандырмау керек. Сіз өзіңіз жұмыс жөнінде кіммен хабарласа алатыныңызды сұрап алыңыз. 6. Сұхбаттан кейін сіз персонал менеджерімен байланысуға тырысасыз, одан нәтиже шықпағаннан кейін, өзіңізді іріктеуден өтпедім деп, бұл әрекетіңізді қоясы. Ең дұрысы – жұмыс істегіңіз келген бөлімшенің бастығына звондап, өзіңіз туралы ескерту керек. 7. Жұмысты тек Интернет арқылы іздеу. Көптеген компаниялар өзінің бос жұмыс орындары туралы ақпаратты өздерінің сайттарында орналастырады. Алайда сол компаниялардың мейіріміне қарап отыруға болмайды. Американдық фирмалардың шамамен үштен бір бөлігі мұндай хабарландыруларды түйіндемелерді «жинақтау» үшін береді. Ақпараттардың 10% қателіктен орналастырылуы мүмкін. 8. Сұхбаттан кейін сіз алғысыңызды білдіріп, хат жолдамайсыз. Американдық компанияларда бұл әрекет дәстүрге айналған, егер сіз компания өкілімен кездескеннен кейін, сол компанияда жұмыс істегіңіз келсе, оларға осындай алғыс хат жолдауыңыз керек (ол дәл солай аталады «thank you letter»). Егер компания сізден мұндай хатты ала алмаса, олар сізді бизнес-этиканың негіздерін білмейтін адам деп ойлайды. 9. Сіздің ойыңызша, әр компанияға жақсы қызметкерлерді жұмысқа алу – бірінші мәселе. Ал шын мәнісінде, кез келген компанияның басты мақсаты – табысқа жету. Екіншісі – клиенттерді барынша қанағаттандыру. Ал үшіншісі – фирма иелерінің қанағаттандыру және т.б. 10. Сіздің түйіндемеңізде өткен кездегі табыстар туралы көп жазылған. Бұл кезде ол азанама ретінде қабылдануы мүмкін. Сіз тек болашағыңыз туралы ойлауыңыз керек: өткен өміріңіз сіздің болашақта қандай жетістіктерге жете алатыныңызды, қолыңыздан не келетінін ғана көрсетуі тиіс. Кеңестер www.rabotka.ru сайтының ақпараттары негізінде дайындалған. Baq.kz
23.07.2013 04:40 3246

Психологтардың айтуынша, адам өмірге деген қызығушылықты жоғалтпас үшін шамамен әр бес жылда жұмыс орнын ауыстырып тұру керек екен. Бұл ережені қолданбайтын адамдар да өмірінде бірнеше рет жаңа жұмысты іздеу мәселесіне жолығады.

Жұмыс іздеумен бірнеше рет айналысқан адамдар да көп қателіктер жіберетіні анықталды. Сол қателіктерді қалай айналып өтсек екен? Әрине рекрутинг бизнесіне қатысты кәсіби мамандардың бұл сұрақта әлде қайда білікті келеді. Жұмыс іздеген адамдардың жіберетін негізгі қателіктері жөнінде екі пікір туралы оқып білесіз. Олардың екеуі де америка мамандарынан болғаны мен ұсынып отырған кеңестерін Ресейге де қолдануға болады, әсіресе ірі батыс компанияларының өкілеттіктерінде немесе беделді ресей фирмаларында жұмыс тапқысы келгендерге өте қажетті. Бұл «Beatytime» айтуынша.
Олардың біреуін жұмыс башылық саласындағы американдық Ұлттық кеңес берушілер ассоциациясы басып шығарды (National Employment Counseling Association). Сол ассоциация мамандарының пікірінше жұмыс іздеушілердің негізгі 10 қателігі мынадай:
1. Нашар түйіндеме. Осы парақ қағаз сіз туралы бірінші ойды туындатады. Егер түйіндеме нашар болса, онда ол қоқыс шелегіне лақтырылатынына күмәнданбаңыз, бұл сол компанияда жұмыс іздеу жолыңыздың соңғы аялдамасы.
2. Газеттегі хабарландырулардан жұмыс іздеу. Бұл өте тиімсіз әдіс. Шын мәнісінде газет беттерінде бос орындардың 10 пайызы ғана келіп түседі. Көптеген хабарландырулар «қуысты» болуы жиі кездеседі. Оларды жарнама (егер фирма персонал іріктеп жүрсе, онда оның жұмыстары табысты болғаны), коммерциялық мәліметтерді жинау үшін (мысалы, осылайша бәсекелес компанияның жалақы деңгейі туралы ақпарат жинақтауға болады) және т.б. ретінде баспаға шығарады.
3. Өз түйіндемеңізді бір фирмаға жібергеннен кейін, сіз олардың телефоннан немесе хат арқылы хабарласқанын күтіп отырасыз. Алайда бұл өте сирек кездесетін жағдай. Ең сыпайы компаниялардан мынадай хат келуі мүмкін: «Біз сіздің түйіндемеңізбен масаттандық, алайда сол орынға басқа адамды алдық». Ең тиімді әдіс – кадр қызметіне қайта-қайта қоңырау шалып, сіздің бұл дүниеде бар екендігіңізді білдіру. Осы әдісті қолданған адамдардың 60% жағымды нәтиже ала алды.
4. Жұмысты тек таныстардың көмегімен іздеу. Бұл өте қауіпті жол. Сіздің таныстарыңыз сіздің мәселеңіз жөнінде сіз ойлағандай етіп ат салыспайды. Әрине олар кейде сізге қол ұшын береді. Бірақ олардың көмегіне сеніп отыра беруге де болмайды.
5. Сұхбаттан кейін сіз осыдан кейін кіммен хабарласатыныңзды сұрамайсыз. Бұл өте маңызды сұрақ. «Рахмет, сізбен кейініректе хабарласамыз» деген сұрақ сізді қанағаттандырмау керек. Сіз өзіңіз жұмыс жөнінде кіммен хабарласа алатыныңызды сұрап алыңыз.
6. Сұхбаттан кейін сіз персонал менеджерімен байланысуға тырысасыз, одан нәтиже шықпағаннан кейін, өзіңізді іріктеуден өтпедім деп, бұл әрекетіңізді қоясы. Ең дұрысы – жұмыс істегіңіз келген бөлімшенің бастығына звондап, өзіңіз туралы ескерту керек.
7. Жұмысты тек Интернет арқылы іздеу. Көптеген компаниялар өзінің бос жұмыс орындары туралы ақпаратты өздерінің сайттарында орналастырады. Алайда сол компаниялардың мейіріміне қарап отыруға болмайды. Американдық фирмалардың шамамен үштен бір бөлігі мұндай хабарландыруларды түйіндемелерді «жинақтау» үшін береді. Ақпараттардың 10% қателіктен орналастырылуы мүмкін.
8. Сұхбаттан кейін сіз алғысыңызды білдіріп, хат жолдамайсыз. Американдық компанияларда бұл әрекет дәстүрге айналған, егер сіз компания өкілімен кездескеннен кейін, сол компанияда жұмыс істегіңіз келсе, оларға осындай алғыс хат жолдауыңыз керек (ол дәл солай аталады «thank you letter»). Егер компания сізден мұндай хатты ала алмаса, олар сізді бизнес-этиканың негіздерін білмейтін адам деп ойлайды.
9. Сіздің ойыңызша, әр компанияға жақсы қызметкерлерді жұмысқа алу – бірінші мәселе. Ал шын мәнісінде, кез келген компанияның басты мақсаты – табысқа жету. Екіншісі – клиенттерді барынша қанағаттандыру. Ал үшіншісі – фирма иелерінің қанағаттандыру және т.б.
10. Сіздің түйіндемеңізде өткен кездегі табыстар туралы көп жазылған. Бұл кезде ол азанама ретінде қабылдануы мүмкін. Сіз тек болашағыңыз туралы ойлауыңыз керек: өткен өміріңіз сіздің болашақта қандай жетістіктерге жете алатыныңызды, қолыңыздан не келетінін ғана көрсетуі тиіс.

Кеңестер www.rabotka.ru сайтының ақпараттары негізінде дайындалған.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға