Жаңалықтар

Жаңалыққа жаны құмар

Жаңалыққа жаны құмар, беймәлім дүниені қаузап, ұмыт бола бастаған есімдерді ел есіне салуға ұмтылудан жалықпайтын байырғы әдетімен талантты қазақ жазушысы, 30-жылдары қуғын-сүргін құрбаны болған Жиенғали Тілепбергеновтің ғұмырнамасын көркем-публицистикалық тұрғыдан зерделеп, «Елін сүйген ерек жан» атты кітап жазып шықты. Ол еңбегі 1997 жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көріп, оқырман қолына тисе, 2002 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан аталған жазушының бұрын еш жерде жарық көрмеген «Перизат-Рамазан» атты шығармалар жинағын алғы сөзімен, ғылыми түсіндірмелерімен құрастырып шығарды. С.Байменше былайғы жұртшылыққа аудармашы ретінде де танылған қаламгер. Мемлекеттік тілді іс қағаздары айналымына енгізу жөнінде күнделікті атқарып жүрген қыруар шаруаны былай қойғанда, ол шетел және орыс әдебиеті өкілдерінің бірқатар шығармаларын қазақша сөйлетуге ат салысып жүрген тәжірибелі тәржімеші. Атап айтқанда, Нобель сыйлығының лауреаттары П.Уайттың, У.Гольдингтің повестерін, Ч.Диккенстің бірнеше әңгімелерін, Г.Фиштің очерктерін аударуға қатысты. Осының бәрін Серікқали мемлекеттік қызметтің ауыр да жауапты жүгін арқалай жүріп атқарды дегенге сенгің келмейді. Алайда өзің көзіңмен көріп отырғаннан кейін сенбеске лажың жоқ. Бұл аз десеңіз өзінің күнделікті қызметіне де шығармашылық тұрғыдан қарау С.Байменшенің қанына сіңген қасиет болса керек. Бұған оның «Президент және Парламент» (Алматы, «Атамұра» баспасы, 2000 ж.) атты кітаптың жауапты шығарушысы және республикада тұңғыш рет екі тілде жасалған «Заңдар тізбесі – Перечень законов» (Астана, 2001, 2006 жж.) атты анықтамалық-библиографиялық басылымның авторы екенін айтсақ та жеткілікті. Табиғатында ұқыпты, тиянақты С.Байменшенің ақырын жүріп, анық басып, өзіне де, қоғамға да пайдалы іспен шұғылданып, бұл бағытта абырой деген ең құрметті атаққа қарай біртіндеп, шым-шымдап жылжуына оның бойындағы мойымайтын ерік-жігер мен ерінбейтін еңбекқорлық себеп болды демекпіз. Бұған оның күнделікті қоғамдық жұмысты ғылыммен ұштастыра білген толағай тіршілігі куә. Осының бәрін бағамдай келгенде аса көрнекті қазақ жазушысы Б.Майлин зертханасының табиғатын зерделеуде елді елең еткізген ғылыми жаңалық ашып, Майлинтанудың жаңа бағытын қалыптастырған ғалым-журналист С.Байменшенің жазушы Жиенғали Тілепбергенов шығармаларын зерттеген және бір кітабына «Елін сүйген ерек жан» деп ат бергені ойға оралады. Серікқали Ердіғалиұлы Байменшенің өзі де еліне ерінбей қызмет етіп жүрген қарымы алымды, ойы шалымды, өрелі ғалымдардың бірі. Орынбек Жолдыбай
23.07.2013 04:32 4608

Жаңалыққа жаны құмар, беймәлім дүниені қаузап, ұмыт бола бастаған есімдерді ел есіне салуға ұмтылудан жалықпайтын байырғы әдетімен талантты қазақ жазушысы, 30-жылдары қуғын-сүргін құрбаны болған Жиенғали Тілепбергеновтің ғұмырнамасын көркем-публицистикалық тұрғыдан зерделеп, «Елін сүйген ерек жан» атты кітап жазып шықты. Ол еңбегі 1997 жылы «Ана тілі» баспасынан жарық көріп, оқырман қолына тисе, 2002 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан аталған жазушының бұрын еш жерде жарық көрмеген «Перизат-Рамазан» атты шығармалар жинағын алғы сөзімен, ғылыми түсіндірмелерімен құрастырып шығарды.

С.Байменше былайғы жұртшылыққа аудармашы ретінде де танылған қаламгер. Мемлекеттік тілді іс қағаздары айналымына енгізу жөнінде күнделікті атқарып жүрген қыруар шаруаны былай қойғанда, ол шетел және орыс әдебиеті өкілдерінің бірқатар шығармаларын қазақша сөйлетуге ат салысып жүрген тәжірибелі тәржімеші. Атап айтқанда, Нобель сыйлығының лауреаттары П.Уайттың, У.Гольдингтің повестерін, Ч.Диккенстің бірнеше әңгімелерін, Г.Фиштің очерктерін аударуға қатысты.

Осының бәрін Серікқали мемлекеттік қызметтің ауыр да жауапты жүгін арқалай жүріп атқарды дегенге сенгің келмейді. Алайда өзің көзіңмен көріп отырғаннан кейін сенбеске лажың жоқ. Бұл аз десеңіз өзінің күнделікті қызметіне де шығармашылық тұрғыдан қарау С.Байменшенің қанына сіңген қасиет болса керек. Бұған оның «Президент және Парламент» (Алматы, «Атамұра» баспасы, 2000 ж.) атты кітаптың жауапты шығарушысы және республикада тұңғыш рет екі тілде жасалған «Заңдар тізбесі – Перечень законов» (Астана, 2001, 2006 жж.) атты анықтамалық-библиографиялық басылымның авторы екенін айтсақ та жеткілікті.

Табиғатында ұқыпты, тиянақты С.Байменшенің ақырын жүріп, анық басып, өзіне де, қоғамға да пайдалы іспен шұғылданып, бұл бағытта абырой деген ең құрметті атаққа қарай біртіндеп, шым-шымдап жылжуына оның бойындағы мойымайтын ерік-жігер мен ерінбейтін еңбекқорлық себеп болды демекпіз. Бұған оның күнделікті қоғамдық жұмысты ғылыммен ұштастыра білген толағай тіршілігі куә.

Осының бәрін бағамдай келгенде аса көрнекті қазақ жазушысы Б.Майлин зертханасының табиғатын зерделеуде елді елең еткізген ғылыми жаңалық ашып, Майлинтанудың жаңа бағытын қалыптастырған ғалым-журналист С.Байменшенің жазушы Жиенғали Тілепбергенов шығармаларын зерттеген және бір кітабына «Елін сүйген ерек жан» деп ат бергені ойға оралады. Серікқали Ердіғалиұлы Байменшенің өзі де еліне ерінбей қызмет етіп жүрген қарымы алымды, ойы шалымды, өрелі ғалымдардың бірі.

Орынбек Жолдыбай

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға