Жаңалықтар

С. Байменшенің ерен еңбекқорлығы да осы арадан көрінеді

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Баспасөз орталығының консультанты, Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі Ақпарат бөлімінің екінші хатшысы болып еңбек етті. Бұдан соң 1991 жылы Қазақстан Республикасының бұрынғы Жоғарғы Кеңесінің аппаратына қызметке ауысып, Баспасөз қызметінің референті, консультанты, Жоғарғы Кеңестің Баспасөз хатшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. 1994-1995 жылдары – Жоғарғы Кеңестің Редакциялық-баспа бөлімінің консультанты, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының заң актілерін шығару секторының меңгерушісі болып тағайындалды. Ал 2003 жылдың шілде айынан бері – Парламент Сенаты Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары. Міне осындай қарбалас жұмыстармен ғылымды қатар алып жүру екінің бірінің қолынан келе бермейтін, жүйкеге салмақ түсіретін, машақаты көп, өте жауапты іс деген ойдамыз. Серікқалидың ерен еңбекқорлығы да осы арадан көрінеді.  Серікқали мойымады. Бұған бәлкім сонау студент кезінен рухани тіршілігінің бір көзіне айналған Биағаң өмірінің қоңыр тіршілігі мен жазушының керемет еңбекқорлығы жұғысты болды ма екен кім білсін, әйтеуір Серікқали күнделікті қарбалас қызметте жүрсе де, сүйікті жазушысының шығармашылығын зерттеуден еш қол үзген жоқ. Соның нәтижесінде 1995 жылы «Бейімбет Майлиннің журналистік шығармашылығы» деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымының кандидаты атағына ие болды. Ал араға тоғыз жыл салып, 2004 жылы «Бейімбет Майлиннің белгісіз туындыларының шығармашылық тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертацияны ойдағыдай қорғап шықты. Сонымен, Б.Майлин шығармашылығын тікелей зерттеушілердің арасындағы тұңғыш доктор да осы С.Е. Байменше.  С.Байменшенің жазушы зертханасына жылдар бойы үңіліп, бұл бағытта ерінбей-жалықпай жүргізген зерттеуінің нәтижесін талдап, таразылауды газет беті көтермейтіндіктен, біз ғалымның алдына қойған негізгі мақсатына ойдағыдай қол жеткізгенін, сол арқылы Б.Майлин шығармашылығының бұған дейін беймәлім болып келген белгісіз қырлары айналысқа түсіп, оқырманға жол тартқанын тілге тиек етеміз. Атап айтқанда ғалым жазушының туындыларын ғылыми ой елегінен өткізген, оның идеялық және шығармашылық ізденістеріне тарихи-әдеби зерттеу жүргізген әрі мұны жазушының зертханасындағы фактілермен тиянақтап отырған, толық нұсқасы жоқ бірқатар шығармаларын жаңадан табылған жарияланымдармен толықтырған, тың деректерді салыстыру, талдау, жүйелеу арқылы Биағаның кейбір шығармаларының бірнеше нұсқасы болғандығын дәлелдеген, жазушы шығармашылығының жекелеген ерекшеліктеріне, қаламгерлік тәжірибеге, нақты өмірлік материалдың қорытылу жайына, дәуір дидарын дәйектеу амалдарына назар аударған, ақырында Б.Майлин мұрасын зерделеудің жаңа ғылыми бағытын ұсынған.
23.07.2013 04:31 2979

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Баспасөз орталығының консультанты, Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігі Ақпарат бөлімінің екінші хатшысы болып еңбек етті. Бұдан соң 1991 жылы Қазақстан Республикасының бұрынғы Жоғарғы Кеңесінің аппаратына қызметке ауысып, Баспасөз қызметінің референті, консультанты, Жоғарғы Кеңестің Баспасөз хатшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. 1994-1995 жылдары – Жоғарғы Кеңестің Редакциялық-баспа бөлімінің консультанты, 1996 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының заң актілерін шығару секторының меңгерушісі болып тағайындалды. Ал 2003 жылдың шілде айынан бері – Парламент Сенаты Аппаратының Редакциялық-баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары.

Міне осындай қарбалас жұмыстармен ғылымды қатар алып жүру екінің бірінің қолынан келе бермейтін, жүйкеге салмақ түсіретін, машақаты көп, өте жауапты іс деген ойдамыз. Серікқалидың ерен еңбекқорлығы да осы арадан көрінеді. 

Серікқали мойымады. Бұған бәлкім сонау студент кезінен рухани тіршілігінің бір көзіне айналған Биағаң өмірінің қоңыр тіршілігі мен жазушының керемет еңбекқорлығы жұғысты болды ма екен кім білсін, әйтеуір Серікқали күнделікті қарбалас қызметте жүрсе де, сүйікті жазушысының шығармашылығын зерттеуден еш қол үзген жоқ. Соның нәтижесінде 1995 жылы «Бейімбет Майлиннің журналистік шығармашылығы» деген тақырыпта диссертация қорғап, филология ғылымының кандидаты атағына ие болды. Ал араға тоғыз жыл салып, 2004 жылы «Бейімбет Майлиннің белгісіз туындыларының шығармашылық тарихы» деген тақырыпта докторлық диссертацияны ойдағыдай қорғап шықты. Сонымен, Б.Майлин шығармашылығын тікелей зерттеушілердің арасындағы тұңғыш доктор да осы С.Е. Байменше. 

С.Байменшенің жазушы зертханасына жылдар бойы үңіліп, бұл бағытта ерінбей-жалықпай жүргізген зерттеуінің нәтижесін талдап, таразылауды газет беті көтермейтіндіктен, біз ғалымның алдына қойған негізгі мақсатына ойдағыдай қол жеткізгенін, сол арқылы Б.Майлин шығармашылығының бұған дейін беймәлім болып келген белгісіз қырлары айналысқа түсіп, оқырманға жол тартқанын тілге тиек етеміз. Атап айтқанда ғалым жазушының туындыларын ғылыми ой елегінен өткізген, оның идеялық және шығармашылық ізденістеріне тарихи-әдеби зерттеу жүргізген әрі мұны жазушының зертханасындағы фактілермен тиянақтап отырған, толық нұсқасы жоқ бірқатар шығармаларын жаңадан табылған жарияланымдармен толықтырған, тың деректерді салыстыру, талдау, жүйелеу арқылы Биағаның кейбір шығармаларының бірнеше нұсқасы болғандығын дәлелдеген, жазушы шығармашылығының жекелеген ерекшеліктеріне, қаламгерлік тәжірибеге, нақты өмірлік материалдың қорытылу жайына, дәуір дидарын дәйектеу амалдарына назар аударған, ақырында Б.Майлин мұрасын зерделеудің жаңа ғылыми бағытын ұсынған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға