Жаңалықтар

Бұл оның мәрттігін, жомарттығын, пейілінің кеңдігін, бауырмалдығын көрсетеді

Сәкең маған көзі жұмылғанша қамқорлық жасаған адам. Оқуға түсе алмай, Алматыдан әскерге аттанғанымда да артымнан хат жазып, қамқор көңілін білдіретін. Хаттарында шетелдің, орыстың әдеби классиктерінің аттарын атап, солардың шығармаларымен осы бастан таныс бола беру керек екендігін айтатын. Қазір ойлап отырсам, Сәкең сол кезде жасы жиырмадан енді ғана асқан балаң студент. Ал сөз саптауы, болашаққа бағыт сілтеуі толысып, ақыл тоқтатқан адамның тірлігін елестетеді. Әскерден келгеннен кейін де күндізгі оқу бұйырмай, екі жыл қара жұмысқа жегіліп, сырттай оқып жүргенімде, күндізгі оқуға ауысуыма дәнекер болған да осы Сәкең еді. Бұл аздай-ақ оқуды ойдағыдай бітіріп, ауылға жол тартайын деп тұрған жерімнен теледидарға қызметке орналасуыма да себеп болған Сәкең. Демек, адам ретінде, азамат ретінде қалыптасуыма Сәкеңнің тигізген әсер-ықпалы мол. Титтей қуанышым болса да, титтей ренішім болса да Сәкеңмен бөлісуші едім. Қандай жағдайда да сүйеп жіберуге, не болмаса сөз жәрдемімен демеуге дайын тұратын. Бірде Сәкеңе пәтер алғанымды айтып телефон соқтым. Бірнеше жыл әркімнің есігін сағалап жүргенде қол жеткен үлкен қуаныш қой. Сәкең менен бетер қуанып, пәтерге қашан көшіп кіретінімді сұрады. Мен ордер қалтада, пәтер қайда қашады дейсің, бірер күннен кейін көшетін шығармын дегендей сыңай таныттым. Сәкең шоршып түсті. Өзі де кезінде пәтердің зарын әбден тартқан ғой. Менің жайбасарлығыма ренжіп, тез арада көшіп баруыма ақыл-кеңес берді де, біраздан кейін келетінін айтты. Сол күні жаңа пәтерге кіріп алдық. Турасын айтқанда, Сәкең алтыншы қабатқа жүгімізді бірге тасысып, құтты қонысымызға қондырғаннан кейін ғана көңілі жайланды. Мұндай қамқорлықты, мұндай тілектестікті қалай ұмытарсың!  Бір қызығы, Сәкеңнің осындай қамқорлықтарын мен солай болуға тиіс нәрседей қабылдаппын, пәлендей ризашылық білдіріп, елпілдемеппін. Және мен сүйтіп едім ғой, мен бүйтіп едім ғой деп пәлсінгенді Сәкеңнен де естімеппін. Бұл оның мәрттігін, жомарттығын, пейілінің кеңдігін, бауырмалдығын көрсетеді. Сәкеңнің бойында бала кезден бар сергектік, ширақтық өмір бойы сақталды. Бұған келе-келе адал әдеби сыншыға тән пікір айтқанда мейлінше әділ болу, қажет жерінде адуындылық таныту, сырт көзге сыр бермеу, сол үшін де кейде салқынқанды, суықтау болып көріну, кейде жайдары қалыпқа түсу тәрізді мінездер қосылды. Бұл осылай болуға тиісті жағдай. Өйткені өмірдің өзі сені соған итермелейді. Сенің жұрттың бәрін дос тұтқың келгенімен, саған сырттай өшігіп, жарға итеріп жіберуге дайын тұратын адамдардың табылып қалуы да мүмкін. Сондықтан сыртқы болмыстағы өзгерістерді дәл сол күйінде қабылдамаған жөн.
23.07.2013 04:19 3425

Сәкең маған көзі жұмылғанша қамқорлық жасаған адам. Оқуға түсе алмай, Алматыдан әскерге аттанғанымда да артымнан хат жазып, қамқор көңілін білдіретін. Хаттарында шетелдің, орыстың әдеби классиктерінің аттарын атап, солардың шығармаларымен осы бастан таныс бола беру керек екендігін айтатын. Қазір ойлап отырсам, Сәкең сол кезде жасы жиырмадан енді ғана асқан балаң студент. Ал сөз саптауы, болашаққа бағыт сілтеуі толысып, ақыл тоқтатқан адамның тірлігін елестетеді.

Әскерден келгеннен кейін де күндізгі оқу бұйырмай, екі жыл қара жұмысқа жегіліп, сырттай оқып жүргенімде, күндізгі оқуға ауысуыма дәнекер болған да осы Сәкең еді. Бұл аздай-ақ оқуды ойдағыдай бітіріп, ауылға жол тартайын деп тұрған жерімнен теледидарға қызметке орналасуыма да себеп болған Сәкең. Демек, адам ретінде, азамат ретінде қалыптасуыма Сәкеңнің тигізген әсер-ықпалы мол.

Титтей қуанышым болса да, титтей ренішім болса да Сәкеңмен бөлісуші едім. Қандай жағдайда да сүйеп жіберуге, не болмаса сөз жәрдемімен демеуге дайын тұратын. Бірде Сәкеңе пәтер алғанымды айтып телефон соқтым. Бірнеше жыл әркімнің есігін сағалап жүргенде қол жеткен үлкен қуаныш қой. Сәкең менен бетер қуанып, пәтерге қашан көшіп кіретінімді сұрады. Мен ордер қалтада, пәтер қайда қашады дейсің, бірер күннен кейін көшетін шығармын дегендей сыңай таныттым. Сәкең шоршып түсті. Өзі де кезінде пәтердің зарын әбден тартқан ғой. Менің жайбасарлығыма ренжіп, тез арада көшіп баруыма ақыл-кеңес берді де, біраздан кейін келетінін айтты. Сол күні жаңа пәтерге кіріп алдық. Турасын айтқанда, Сәкең алтыншы қабатқа жүгімізді бірге тасысып, құтты қонысымызға қондырғаннан кейін ғана көңілі жайланды. Мұндай қамқорлықты, мұндай тілектестікті қалай ұмытарсың! 

Бір қызығы, Сәкеңнің осындай қамқорлықтарын мен солай болуға тиіс нәрседей қабылдаппын, пәлендей ризашылық білдіріп, елпілдемеппін. Және мен сүйтіп едім ғой, мен бүйтіп едім ғой деп пәлсінгенді Сәкеңнен де естімеппін. Бұл оның мәрттігін, жомарттығын, пейілінің кеңдігін, бауырмалдығын көрсетеді.

Сәкеңнің бойында бала кезден бар сергектік, ширақтық өмір бойы сақталды. Бұған келе-келе адал әдеби сыншыға тән пікір айтқанда мейлінше әділ болу, қажет жерінде адуындылық таныту, сырт көзге сыр бермеу, сол үшін де кейде салқынқанды, суықтау болып көріну, кейде жайдары қалыпқа түсу тәрізді мінездер қосылды. Бұл осылай болуға тиісті жағдай. Өйткені өмірдің өзі сені соған итермелейді. Сенің жұрттың бәрін дос тұтқың келгенімен, саған сырттай өшігіп, жарға итеріп жіберуге дайын тұратын адамдардың табылып қалуы да мүмкін. Сондықтан сыртқы болмыстағы өзгерістерді дәл сол күйінде қабылдамаған жөн.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға