Жаңалықтар

2050 жылға дейін жер бетінен жойылуы мүмкін елдердің тізімі жарияланды

2050 жылға дейін жер бетінен кейбір мемлекеттер жойылып кетуі мүмкін. Тек негізгі үш ресурсы бар елдер ғана ауыр дағдарысқа төтеп бере алады деген болжам жасады "Институт посткризисного мира" қорының сарапшылары. Бұл жайында "Экспресс К" хабарлайды.  Осыдан 4 жыл бұрын Мәскеуде құрылған аталған сараптама орталығы биыл "Болашақ-2050" деген атпен халықаралық зерттеу жүргізген болатын. Оған әлемнің 63 елінен 303 сарапшы-маман қатысты. Олар болашақта әлемді үлкен дағдарыстың күтіп тұрғандығын айтып, қазірден бастап қамдану керектігін айтқан. Сарапшылар осылайша 2050 жылға қарай құрып кететін елдердің тізімін жасады. Ең бірінші орында басым дауыспен АҚШ тұр. Оның артынан тізілген Франция, Ұлыбритания, Италия, Ресей және Жапония да болашағы бұлыңғыр мемлекеттер қатарында. Қытай да осы "қара тізімге" іліккен. Сарапшылардың 15 пайызы бұл елдің жоғалу қаупі басым деп есептейді. "Ал, Қазақстан бүгінде әлемдегі ең ірі экспортты мемлекет. Сондықтан біздің ел өз халқын ол уақытта асырай алады" деп сенімді пікір жазған "Экспресс К".  baq.kz
23.07.2013 04:14 3130

2050 жылға дейін жер бетінен кейбір мемлекеттер жойылып кетуі мүмкін. Тек негізгі үш ресурсы бар елдер ғана ауыр дағдарысқа төтеп бере алады деген болжам жасады "Институт посткризисного мира" қорының сарапшылары. Бұл жайында "Экспресс К" хабарлайды. 

Осыдан 4 жыл бұрын Мәскеуде құрылған аталған сараптама орталығы биыл "Болашақ-2050" деген атпен халықаралық зерттеу жүргізген болатын. Оған әлемнің 63 елінен 303 сарапшы-маман қатысты. Олар болашақта әлемді үлкен дағдарыстың күтіп тұрғандығын айтып, қазірден бастап қамдану керектігін айтқан.
Сарапшылар осылайша 2050 жылға қарай құрып кететін елдердің тізімін жасады. Ең бірінші орында басым дауыспен АҚШ тұр. Оның артынан тізілген Франция, Ұлыбритания, Италия, Ресей және Жапония да болашағы бұлыңғыр мемлекеттер қатарында. Қытай да осы "қара тізімге" іліккен. Сарапшылардың 15 пайызы бұл елдің жоғалу қаупі басым деп есептейді.
"Ал, Қазақстан бүгінде әлемдегі ең ірі экспортты мемлекет. Сондықтан біздің ел өз халқын ол уақытта асырай алады" деп сенімді пікір жазған "Экспресс К". 

baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға