Жаңалықтар

Ми – өмір шырағы

Соңғы уақытқа дейін мидың адам денсаулығына әсер ететініне мән берілмей келді. Ғалымдар мен дәрігерлер адам организмінің ахуалына көбірек назар  аударды. Біртіндеп бұл мәселеге көзқарас өзгере бастады. Медициналық сәтсіздіктерге «жан-жүйелілік ықпал ету» термині пайда болды. Сөйтіп, ми мен дененің өзара тығыз байланысы зерттеле бастады. Ал парапсихология ғылымы мидың шексіз мүмкіндіктерін ашуға көмектесті. Осыларды организмді жасартуға, денсаулықты нығайтуға, өмірді ұзартуға пайдалануға бола ма деген сұрақ туындайды. Болғанда қандай? Ол үшін, яғни мидың ұзақ жылдар бойында қалыпты жұмыс істеуі үшін дұрыс тамақтану қажет. Бұл орайда өсімдік майы, құрамында түрлі витаминдер мен минералды заттар мол тағамдарды рет-ретімен уақытылы пайдаланып отыру керек. Кез келген орган сияқты, белсенді жұмыстан кейін мидың тыныс алуы қажет. Ақыл-ойға салмақ түсетін қызмет барысында миға тым көп күш түсірмеуге тырысыңыз. Сонымен бірге, миды үнемі   жаттықтырып отыру  керек екенін есте ұстаған жөн. Кейбір мамандар 45 жасқа қарай ми қызметінің белсенділігі төмендейді, ал 75 жаста адам шығармашылық ойлау қабілетінен айырылады деп есептейді. Алайда, көрнекті адамдардың өмірінен осыған кері мысалдар келтіруге болады. Мәселен, Галилей өзінің ең басты жаңалығын 70 жаста ашқан, Бенджамин Франклин атақты өмірбаянын 80 жасында жазған. «Адамның шығу тегі» атты кітабы дүниенің төрткүл бұрышын шарлап кеткенде, Дарвин 60 жаста болатын. 84 жасында Американың алғашқы көмек ұлттық ассоциациясын құрған Клара Бартен 89 жасында машинка басуды үйренген. Әрине, бұған қарап, біздің әрқайсымыз тарихта із қалдыруымыз керек деген қорытынды жасаудың қажеті жоқ. Біздің міндетіміз әлдеқайда жеңіл, миды қартайған кездің өзінде де калыпты жұмыс істейтін қажетті нәрселермен қамтамасыз ету, сөйтіп ақыл мен ойлау машығындағы айқындықты сақтап қалу. Миды «қайнаған өмір шырағы» деу поэтикалық бейнелеу емес, нағыз шындық. Ми-қуатты энергияның көзі, ал одан тараған энергия - өмірдің өзі. Ал егер сіз осы қайнар көзді қажетінше қоректендіріп отырмасаңыз, өмір шырағданы өшеді. Оны өшірмеудің бірден-бір жолы - өзіңді өзің сендіре білу. Сонымен, миға ұзақ ғұмырды, жастық пен денсаулықты ұзартуды енгізуге тиіссіз. Организміңіздегі әрбір клетканың жаңарып жатқанына, қаныңыздың тазара түскеніне, бұлшық еттеріңіздің жеңілділігіне, барлық органдарыңыздың тамаша жұмыс істеп, организмдегі процестердің қалыпты жүріп жатқанына өзіңізді сендіріңіз. Осының бәрін қысқа ғана сөйлемге сыйдырып, әрбір бос уақытыңызда қайталай беріңіз (мәселен, транспортта және міндетті түрде ұйқыға кірісер алдында). Оянған соң әлгі сөйлемді және қайталаңыз. Егер сіз табандылық таныта білсеңіз мидың құдіретіне өз тәжірибеңіз арқылы көз жеткізетін боласыз. Қысқасы, бәрі де өз қолыңызда. Сіз оны дұрыс пайдалана білсеңіз, ол - жасампаз, ал онымен қалай болса солай қарым-қатынас жасасаңыз, ол – қиратушы күшке айналады. Сөз соңында айтарым, әрбір адамның бақытты, толыққанды өмір сүруге мүмкіндігі бар екеніне кәміл сенемін. Мен сізге жастығыңызды немесе жоғалтқан денсаулығыңызды қайтарып бере алмаймын. Егер қаласаңыз, бұл өзіңіздің қолыңыздан келеді. Тек бір нәрсені есте ұстаңыз: өмір ұзақтығына шек қойылмайды, оны сіз өзіңіз белгілеуге тиіссіз. Сондықтан ұзақ ғұмыр жолындағы сапарды келер күнге қалдырмай, тура қазір аттанып кетіңіз. Іске сәт! («Парасат» журналы,  № 10, 1993 жыл)
23.07.2013 03:16 4341

Соңғы уақытқа дейін мидың адам денсаулығына әсер ететініне мән берілмей келді. Ғалымдар мен дәрігерлер адам организмінің ахуалына көбірек назар  аударды. Біртіндеп бұл мәселеге көзқарас өзгере бастады. Медициналық сәтсіздіктерге «жан-жүйелілік ықпал ету» термині пайда болды. Сөйтіп, ми мен дененің өзара тығыз байланысы зерттеле бастады. Ал парапсихология ғылымы мидың шексіз мүмкіндіктерін ашуға көмектесті. Осыларды организмді жасартуға, денсаулықты нығайтуға, өмірді ұзартуға пайдалануға бола ма деген сұрақ туындайды. Болғанда қандай?

Ол үшін, яғни мидың ұзақ жылдар бойында қалыпты жұмыс істеуі үшін дұрыс тамақтану қажет. Бұл орайда өсімдік майы, құрамында түрлі витаминдер мен минералды заттар мол тағамдарды рет-ретімен уақытылы пайдаланып отыру керек. Кез келген орган сияқты, белсенді жұмыстан кейін мидың тыныс алуы қажет. Ақыл-ойға салмақ түсетін қызмет барысында миға тым көп күш түсірмеуге тырысыңыз. Сонымен бірге, миды үнемі   жаттықтырып отыру  керек екенін есте ұстаған жөн.

Кейбір мамандар 45 жасқа қарай ми қызметінің белсенділігі төмендейді, ал 75 жаста адам шығармашылық ойлау қабілетінен айырылады деп есептейді. Алайда, көрнекті адамдардың өмірінен осыған кері мысалдар келтіруге болады. Мәселен, Галилей өзінің ең басты жаңалығын 70 жаста ашқан, Бенджамин Франклин атақты өмірбаянын 80 жасында жазған. «Адамның шығу тегі» атты кітабы дүниенің төрткүл бұрышын шарлап кеткенде, Дарвин 60 жаста болатын. 84 жасында Американың алғашқы көмек ұлттық ассоциациясын құрған Клара Бартен 89 жасында машинка басуды үйренген.

Әрине, бұған қарап, біздің әрқайсымыз тарихта із қалдыруымыз керек деген қорытынды жасаудың қажеті жоқ. Біздің міндетіміз әлдеқайда жеңіл, миды қартайған кездің өзінде де калыпты жұмыс істейтін қажетті нәрселермен қамтамасыз ету, сөйтіп ақыл мен ойлау машығындағы айқындықты сақтап қалу. Миды «қайнаған өмір шырағы» деу поэтикалық бейнелеу емес, нағыз шындық. Ми-қуатты энергияның көзі, ал одан тараған энергия - өмірдің өзі. Ал егер сіз осы қайнар көзді қажетінше қоректендіріп отырмасаңыз, өмір шырағданы өшеді. Оны өшірмеудің бірден-бір жолы - өзіңді өзің сендіре білу.

Сонымен, миға ұзақ ғұмырды, жастық пен денсаулықты ұзартуды енгізуге тиіссіз. Организміңіздегі әрбір клетканың жаңарып жатқанына, қаныңыздың тазара түскеніне, бұлшық еттеріңіздің жеңілділігіне, барлық органдарыңыздың тамаша жұмыс істеп, организмдегі процестердің қалыпты жүріп жатқанына өзіңізді сендіріңіз. Осының бәрін қысқа ғана сөйлемге сыйдырып, әрбір бос уақытыңызда қайталай беріңіз (мәселен, транспортта және міндетті түрде ұйқыға кірісер алдында). Оянған соң әлгі сөйлемді және қайталаңыз. Егер сіз табандылық таныта білсеңіз мидың құдіретіне өз тәжірибеңіз арқылы көз жеткізетін боласыз. Қысқасы, бәрі де өз қолыңызда. Сіз оны дұрыс пайдалана білсеңіз, ол - жасампаз, ал онымен қалай болса солай қарым-қатынас жасасаңыз, ол – қиратушы күшке айналады.

Сөз соңында айтарым, әрбір адамның бақытты, толыққанды өмір сүруге мүмкіндігі бар екеніне кәміл сенемін. Мен сізге жастығыңызды немесе жоғалтқан денсаулығыңызды қайтарып бере алмаймын. Егер қаласаңыз, бұл өзіңіздің қолыңыздан келеді. Тек бір нәрсені есте ұстаңыз: өмір ұзақтығына шек қойылмайды, оны сіз өзіңіз белгілеуге тиіссіз. Сондықтан ұзақ ғұмыр жолындағы сапарды келер күнге қалдырмай, тура қазір аттанып кетіңіз. Іске сәт!

(«Парасат» журналы,  № 10, 1993 жыл)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға