Жаңалықтар

Ұзақ өмір бағдарламасында босаңси білу қабілеттілігі маңызды орын алады

Ұзақ өмір бағдарламасында босаңси білу қабілеттілігі маңызды орын алады. Бұл әдісті меңгерген адам өзінің ойлау қабілеті мен күш-жігерін алға қойған мақсатқа жұмылдыра отырып, табысқа ие бола біледі. Зорланудың, шиыршық атудың, ашуға берілудің ой еңбегіне кері өсер етіп, қан айналымын қиындататыны белгілі. Сондықтан әрбір істе асығыстыққа, аптығуға жол бермеген жөн. Жалпы, табиғатта болып жатқан процестердің барлығы қарама-қарсы нәрселердің тұтастығына негізделген. Мәселен, күн түнді алмастырады, қыстан кейін көктем, сонан соң жаз келеді. Сол сияқты, қатты ширығудан кейін босаңсу да қажет. Жоғарыда біз бұлшық еттің әрекетсіздігі немесе оны дұрыс пайда-ланбау олардың семуіне алып келетінін айттық. Сонымен бірге, қайсыбір шұғыл жұмыс процесінен кейін бұлшык еттердің босаңсуы, демалысы қажет. Өйтпеген жағдайда, қалыпты физиологиялық жағдай бұзылады да, денсаулыққа нұқсан келеді. Демек, табиғатпен тайталасу астамшылық, ол бәрібір өз дегеніне көндіреді. Сондықтам егер сау-сәлеметте болып, ұзақ ғұмыр жасағыңыз келсе, босаңси білуді де үйреніңіз. Ал ол оңай шаруа емес. Бір сәт айналаңызға көз салыңызшы. Бос отырған адамды көрмейсіз. Бірі саусағын қимылдатады, бірі аяғын аяғының үстіне қойып отырады, бірі сөмкенің бауын сырма етіп ойнаса, енді бірі қолындағы қағазын умаждайды. Мұның бәрі күні бойы жинақталып қалған ширығыстарды еріктен тыс сыртқа шығару деуге болады. Бірақ бұдан адам бойындағы ширығыстар жеңілдемейді. Сондықтан олар тыныштандыратын, ұйықтататын дәрі-дәрмекке қарай жүгіреді. Менің пайымдауымша, миды да, бүкіл организмді де тынықтырып, қалыпты жағдайға түсіретін толыққанды ұйқы толық босаңсудың нәтижесінде табиғи түрде келуі тиіс. Шынын айтқанда, адамдардың көпшілігі өз дәрежесінде босаңси білмейді. Сондықтан күні бойы жинақталған ширығыстар толық тарамай, ұйқыдан кейін басы ауырып, мең-зең күйге түседі, шаршағаны басылмайды. Мұндай ахуалды босаңсудың көмегімен жеңуге болады. Оны қалай үйрену керек дейсіз ғой. Ең алдымен бұлшық етті толық босаңсыта білуден бастаған жөн. Тиімді демалыс пен босаңсу құпияларының бірі – басты ыңғайлы жайғастыру. Бастың салмағы бүкіл дене салмағының жиырмадан бір бөлігіндей. Мұндай салмақ тәулік ішінде мойын мен омыртқаның бұлшық еттеріне әжептөуір күш түсіреді. Оған тыныс алуға мүмкіндік беріңіз, есесіне, көңіл күйіңіз айтарлықтай жақсаратын болады. Дененің бұлшық еттерін орындықта отырып та, жатып да босаңсытуға болады. Әсіресе ұйқыға кірісер алдында босаңсу жаттығуларын орындаған пайдалы. Ол үшін тікеңізден тұрыңыз, қолыңызды төмен қарай бос жіберіңіз де, саусақтарыңызды тез ашып-жұмуды бірнеше рет қайталаңыз, соңынан оларды босаңсытыңыз. Кейін қол мен иық буындарын сілкілеп, басыңызды шыр көбелек айналдырып, мойын мен бастың бұлшық еттерін босаңсытыңыз. Енді алға қарай бірнеше рет еңкею жаттығуларын жасаңыз. Осыған орай, қарын мен арқаның бұлшық еттерін босаң ұстауға күш салыңыз. Төменірек еңкейіп бас пен қолды бос салбыратып жіберіңіз. Осы бойда орныңыздан біреу итеріп жібергендей құлай кетіңіз. Орныңыздан асықпай тұрып, төсекке жайғасыңыз. Бөлме желдетілген болуға тиіс. Жылы кезде терезені, ал қыста форточкакы ашып қойып демалыңыз. Төсекке арқаңызбен жайғасып, көзіңізді жұмыңыз да, өзіңізді босатуға жұмылдырыңыз. Басқа ешнәрсеге алаңдаушы болмаңыз. Ойша аяқ-қолыңызбен, бүкіл денеңізбен жаттығу жасап жатқандай күй кешіңіз. Босаңсудың ұзақтығы - 10-15 минут. Осының бәріне әлдеқандай әпенделік деп қарамаңыз, шын көңілмен беріліңіз. Түптеп келгенде, ол санаға оң ықпал етіп, ми мен дененің толық босаңсуына әсерін тигізеді, олардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Сондықтан 5-10 минут бос уақытыңызды босаңсуға арнаңыз. Неғұрлым толық босаңсу жан сарайыңызды жайлылыққа бөлейді. Ал осындай көп болған сайын, сіздің 180 жас шегіне жету мүмкіндігіңіз арта түседі.
23.07.2013 03:16 4068

Ұзақ өмір бағдарламасында босаңси білу қабілеттілігі маңызды орын алады. Бұл әдісті меңгерген адам өзінің ойлау қабілеті мен күш-жігерін алға қойған мақсатқа жұмылдыра отырып, табысқа ие бола біледі. Зорланудың, шиыршық атудың, ашуға берілудің ой еңбегіне кері өсер етіп, қан айналымын қиындататыны белгілі. Сондықтан әрбір істе асығыстыққа, аптығуға жол бермеген жөн. Жалпы, табиғатта болып жатқан процестердің барлығы қарама-қарсы нәрселердің тұтастығына негізделген. Мәселен, күн түнді алмастырады, қыстан кейін көктем, сонан соң жаз келеді. Сол сияқты, қатты ширығудан кейін босаңсу да қажет. Жоғарыда біз бұлшық еттің әрекетсіздігі немесе оны дұрыс пайда-ланбау олардың семуіне алып келетінін айттық. Сонымен бірге, қайсыбір шұғыл жұмыс процесінен кейін бұлшык еттердің босаңсуы, демалысы қажет. Өйтпеген жағдайда, қалыпты физиологиялық жағдай бұзылады да, денсаулыққа нұқсан келеді. Демек, табиғатпен тайталасу астамшылық, ол бәрібір өз дегеніне көндіреді. Сондықтам егер сау-сәлеметте болып, ұзақ ғұмыр жасағыңыз келсе, босаңси білуді де үйреніңіз.

Ал ол оңай шаруа емес. Бір сәт айналаңызға көз салыңызшы. Бос отырған адамды көрмейсіз. Бірі саусағын қимылдатады, бірі аяғын аяғының үстіне қойып отырады, бірі сөмкенің бауын сырма етіп ойнаса, енді бірі қолындағы қағазын умаждайды. Мұның бәрі күні бойы жинақталып қалған ширығыстарды еріктен тыс сыртқа шығару деуге болады. Бірақ бұдан адам бойындағы ширығыстар жеңілдемейді. Сондықтан олар тыныштандыратын, ұйықтататын дәрі-дәрмекке қарай жүгіреді.

Менің пайымдауымша, миды да, бүкіл организмді де тынықтырып, қалыпты жағдайға түсіретін толыққанды ұйқы толық босаңсудың нәтижесінде табиғи түрде келуі тиіс. Шынын айтқанда, адамдардың көпшілігі өз дәрежесінде босаңси білмейді. Сондықтан күні бойы жинақталған ширығыстар толық тарамай, ұйқыдан кейін басы ауырып, мең-зең күйге түседі, шаршағаны басылмайды. Мұндай ахуалды босаңсудың көмегімен жеңуге болады. Оны қалай үйрену керек дейсіз ғой. Ең алдымен бұлшық етті толық босаңсыта білуден бастаған жөн.

Тиімді демалыс пен босаңсу құпияларының бірі – басты ыңғайлы жайғастыру. Бастың салмағы бүкіл дене салмағының жиырмадан бір бөлігіндей. Мұндай салмақ тәулік ішінде мойын мен омыртқаның бұлшық еттеріне әжептөуір күш түсіреді. Оған тыныс алуға мүмкіндік беріңіз, есесіне, көңіл күйіңіз айтарлықтай жақсаратын болады. Дененің бұлшық еттерін орындықта отырып та, жатып да босаңсытуға болады. Әсіресе ұйқыға кірісер алдында босаңсу жаттығуларын орындаған пайдалы. Ол үшін тікеңізден тұрыңыз, қолыңызды төмен қарай бос жіберіңіз де, саусақтарыңызды тез ашып-жұмуды бірнеше рет қайталаңыз, соңынан оларды босаңсытыңыз. Кейін қол мен иық буындарын сілкілеп, басыңызды шыр көбелек айналдырып, мойын мен бастың бұлшық еттерін босаңсытыңыз. Енді алға қарай бірнеше рет еңкею жаттығуларын жасаңыз. Осыған орай, қарын мен арқаның бұлшық еттерін босаң ұстауға күш салыңыз. Төменірек еңкейіп бас пен қолды бос салбыратып жіберіңіз. Осы бойда орныңыздан біреу итеріп жібергендей құлай кетіңіз. Орныңыздан асықпай тұрып, төсекке жайғасыңыз. Бөлме желдетілген болуға тиіс. Жылы кезде терезені, ал қыста форточкакы ашып қойып демалыңыз.

Төсекке арқаңызбен жайғасып, көзіңізді жұмыңыз да, өзіңізді босатуға жұмылдырыңыз. Басқа ешнәрсеге алаңдаушы болмаңыз. Ойша аяқ-қолыңызбен, бүкіл денеңізбен жаттығу жасап жатқандай күй кешіңіз. Босаңсудың ұзақтығы - 10-15 минут. Осының бәріне әлдеқандай әпенделік деп қарамаңыз, шын көңілмен беріліңіз. Түптеп келгенде, ол санаға оң ықпал етіп, ми мен дененің толық босаңсуына әсерін тигізеді, олардың қалыпты қызметін қамтамасыз етеді. Сондықтан 5-10 минут бос уақытыңызды босаңсуға арнаңыз. Неғұрлым толық босаңсу жан сарайыңызды жайлылыққа бөлейді. Ал осындай көп болған сайын, сіздің 180 жас шегіне жету мүмкіндігіңіз арта түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға