Жаңалықтар

Жастықты ұзартудың ең тиімді әдісінің бірі - бұлшық етті дұрыс пайдалана білу

Жастықты ұзартудың ең тиімді әдісінің бірі - бұлшық етті дұрыс пайдалана білу. Бұл үшін арнаулы даярлықтың қажеті жоқ. Олар мидың белгі беруі бойынша жұмыс істейді және дұрыс бағыт-бағдарға ие болған жағдайда кереметтер жасай алады. Атап айтқанда, бұлшық етті баптай білсеңіз, иек астындағы салпыншақ, кең қарындағы қатпардан, мойындағы өжімнен арыласыз, бет терісін тегістейсіз. Доктор Эдвард Берц әлсіз бұлшық еттер ерте қартаюға ықпал етеді деп есептейді. Өзіңізді жақсы сезінетін жас кезіңізде жүгіру, секіру, билеу тәрізді бұлшық етке салмақ түсіретін әртүрлі жаттығулармен табиғи шұғылданатындықтан адамның бұлшық еттері бабында болады. Отыз жастан асқаннан кейін сіздің жүріс-тұрысыңыз бен кимылыңыз біртіндеп баяулай береді. Демек, бұлшық еттердің жұмысы да біртіндеп азайып, ет орнын май баса бастайды. Алайда, бұлшық еттің әрекетсіздігі ғана емес, оны өз орнымен пайдаланбаудың да зиянды жағы бар екенін бәрі біле бермейді. Автобусқа мінген адамдардың одан түсер кезде орындықтан тұру үшін қолына күш салатынын мен күн сайын байқаймын. Ал бұл міндетті негізінен жамбас пен қарын айналасындағы бұлшық еттер атқаруға тиіс. Сіз бұл бұлшық еттерді неғұрлым аз пайдалансаңыз, ол соғұрлым марғаулана түсіп, ақыр аяғында орындықтан қол күшінсіз көтеріле алмайтын азапқа ұшырайсыз. Сондықтан қол көмегін әдетке айналдырмауға тырысқан жөн. Басқаша айтқанда, егер бұлшық еттеріңіздің икемді, сұлу, жас болуын қаласаңыз, оны үнемі бабында ұстауға көңіл бөліңіз. Бұлшық еттің жүмысын дұрыс ұйымдастыра білу туралы біздің эрамызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген ежелгі гректер айтып кеткен. Демек, сол кездің өзінде адамдар бұлшық етті нығайтудың маңызын білген. Ежелгі Грецияда 12-16 жасар ер балаларға арналған палестрлар болған (жеке меншік гимнастика мектептері). Онда балаларды бұлшық етті бұлтитып қатайтуға емес, оларды дұрыс пайдалана білуге үйреткен. Оқыту мақсаты бұлшық еттің жұмысын дұрыс үйлестіруге, бақылауға үйрету болды. Нәтижесінде, ежелгі гректер дене бітімі жағынан жақсы дәрежеге жетті. Егер сіздің де сондай сұлу мүсінге ие болғыңыз келсе, өзіңізді-өзіңіз бақылауға алып, тәніңізді жаттықтыруға кірісіңіз. Бұлшық етті нығайту нәтижесінде сіз денеңізге жаңа бір күш құйылғанын сезіне бастайсыз. Қозғалыста болуды, жүріп-тұруды жаныңыз қалап тұратын болады. Қимыл-қозғалыстан көңіліңіз көтеріледі, тәннің қозғалыста болуы біртіндеп қажеттілікке айналады. Сонымен бірге, бұлшық етті қоректендіріп отыруды да ұмытпау керек. Ол керек десеңіз, бұлшық етті шынықтыруды жолға қоюдағы негізгі факторлардың бірінен саналады. Атап айтқанда, бұлшық еттің серпінділігін арттыруға В тобындағы барлық витаминдер (әсіресе Б2 және В6), Е витамині, кальций, сондай басқа да минералды заттар мен витаминдер мол үлес қоса алады. Жоғарыда айтылғандардан бұлшық етті жасартудың, оны бабында ұстаудың құпиясы - дұрыс тамақтану мен бұлшық етті мүмкіндігінше дұрыс пайдалана білуде жатқанын аңғарамыз. Осы принциптерді сақтаған жағдайда сергектік пен тіршілікке қабілеттіліктің арта түсетініне кепілдік беруге болады.
23.07.2013 03:15 4440

Жастықты ұзартудың ең тиімді әдісінің бірі - бұлшық етті дұрыс пайдалана білу. Бұл үшін арнаулы даярлықтың қажеті жоқ. Олар мидың белгі беруі бойынша жұмыс істейді және дұрыс бағыт-бағдарға ие болған жағдайда кереметтер жасай алады. Атап айтқанда, бұлшық етті баптай білсеңіз, иек астындағы салпыншақ, кең қарындағы қатпардан, мойындағы өжімнен арыласыз, бет терісін тегістейсіз.

Доктор Эдвард Берц әлсіз бұлшық еттер ерте қартаюға ықпал етеді деп есептейді. Өзіңізді жақсы сезінетін жас кезіңізде жүгіру, секіру, билеу тәрізді бұлшық етке салмақ түсіретін әртүрлі жаттығулармен табиғи шұғылданатындықтан адамның бұлшық еттері бабында болады. Отыз жастан асқаннан кейін сіздің жүріс-тұрысыңыз бен кимылыңыз біртіндеп баяулай береді. Демек, бұлшық еттердің жұмысы да біртіндеп азайып, ет орнын май баса бастайды.

Алайда, бұлшық еттің әрекетсіздігі ғана емес, оны өз орнымен пайдаланбаудың да зиянды жағы бар екенін бәрі біле бермейді. Автобусқа мінген адамдардың одан түсер кезде орындықтан тұру үшін қолына күш салатынын мен күн сайын байқаймын. Ал бұл міндетті негізінен жамбас пен қарын айналасындағы бұлшық еттер атқаруға тиіс. Сіз бұл бұлшық еттерді неғұрлым аз пайдалансаңыз, ол соғұрлым марғаулана түсіп, ақыр аяғында орындықтан қол күшінсіз көтеріле алмайтын азапқа ұшырайсыз. Сондықтан қол көмегін әдетке айналдырмауға тырысқан жөн. Басқаша айтқанда, егер бұлшық еттеріңіздің икемді, сұлу, жас болуын қаласаңыз, оны үнемі бабында ұстауға көңіл бөліңіз.

Бұлшық еттің жүмысын дұрыс ұйымдастыра білу туралы біздің эрамызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген ежелгі гректер айтып кеткен. Демек, сол кездің өзінде адамдар бұлшық етті нығайтудың маңызын білген. Ежелгі Грецияда 12-16 жасар ер балаларға арналған палестрлар болған (жеке меншік гимнастика мектептері). Онда балаларды бұлшық етті бұлтитып қатайтуға емес, оларды дұрыс пайдалана білуге үйреткен. Оқыту мақсаты бұлшық еттің жұмысын дұрыс үйлестіруге, бақылауға үйрету болды. Нәтижесінде, ежелгі гректер дене бітімі жағынан жақсы дәрежеге жетті.

Егер сіздің де сондай сұлу мүсінге ие болғыңыз келсе, өзіңізді-өзіңіз бақылауға алып, тәніңізді жаттықтыруға кірісіңіз.

Бұлшық етті нығайту нәтижесінде сіз денеңізге жаңа бір күш құйылғанын сезіне бастайсыз. Қозғалыста болуды, жүріп-тұруды жаныңыз қалап тұратын болады. Қимыл-қозғалыстан көңіліңіз көтеріледі, тәннің қозғалыста болуы біртіндеп қажеттілікке айналады. Сонымен бірге, бұлшық етті қоректендіріп отыруды да ұмытпау керек. Ол керек десеңіз, бұлшық етті шынықтыруды жолға қоюдағы негізгі факторлардың бірінен саналады. Атап айтқанда, бұлшық еттің серпінділігін арттыруға В тобындағы барлық витаминдер (әсіресе Б2 және В6), Е витамині, кальций, сондай басқа да минералды заттар мен витаминдер мол үлес қоса алады. Жоғарыда айтылғандардан бұлшық етті жасартудың, оны бабында ұстаудың құпиясы - дұрыс тамақтану мен бұлшық етті мүмкіндігінше дұрыс пайдалана білуде жатқанын аңғарамыз. Осы принциптерді сақтаған жағдайда сергектік пен тіршілікке қабілеттіліктің арта түсетініне кепілдік беруге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға