Жаңалықтар

Жалпы организмнің қалыпты қызметі қайсыбір дәрежеде тағамның сапасына да байланысты

Зат алмасу процесіне белсене қатысатын белоктар (протеиндер) тамақтанудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан белогы бар азық-түлікті әрбір тамақтанған сайын пайдаланған дұрыс (мысалы, таңертеңгі тамақта жұмыртқа, түскі аста ет, ал кешкі аста сыр немесе балық деген сияқты). Жалпы организмнің қалыпты қызметі қайсыбір дәрежеде тағамның сапасына да байланысты. Дұрыс тамақтанбау кейбір ауруларға себеп болумен бірге, ой еңбегіне теріс әсер етіп, өмірді қысқартады. Және де бұрын егде адамдарға ет жеген зиян дейтін. Керісінше, есейген организмге ет, балық, жұмыртқа және сүзбе өте қажет. Организм оларды қорытып үлгере алмайтын болғандықтан, майды аз мөлшерде пайдалану керек. Әсіресе сары май, шошқа майы тәрізді мал майларын тартына қолданған жөн. Оларда холестериннің проценті жоғары келеді. Маргарин тәрізді табиғи емес майларды пайдаланғанда да сақ болған жөн. Олар өсімдік майын өңдеуден алынатындықтан, ұқсату барысында бойындағы бүкіл нәрінен айырылады. Жалпы, ұзақ сақтауға арналып дайындалған азық-түлік тағамдарының кез-келгені өлі тағам екенін есте ұстау керек. Тамақ пісіруге, көкөністі тұздықтауға өсімдік майын қолданған пайдалы. Тағам мәзірінде витаминдер мен минералды заттардың мол болуының да маңызы зор. Организмнің оларды жеткілікті мөлшерде алуы үшін жеміс-жидек пен көкөністі пайдаланып отыру қажет. Сонымен, қорытындылай келгенде, бағыт-бағдарламамыздағы ұзақ өмір сүрудің негізгі факторы - ұтымды, мейлінше әр түрлі тамақтану. Тағамды әрбір қабылдауға мыналар енуге тиіс: белоктар (ет, сүзбе, жұмыртқа, балық), углеводтар (қант, крахмал), майлар, витаминдер мен минералдық заттар. Дұрыс тамақтану жөніндегі ортаға салған ойымызды аяқтай келе тепе-тең тамақтануға арналған күндік дастархан мәзірінің бір үлгісін айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Олар мынау: таңертеңгі ас - жұмыртқа, бауыр немесе балық (қуырмаған), екі жапырақ нан, май, бал, жаңа піскен жеміс. Ботқа жемеу керек; екінші таңертеңгі ас - бір стакан сүт немесе басқа сүт өнімі; түскі ас - сорпа, томат немесе жаңа піскен кез-келген жеміс шырыны, ет, балық, жұмыртқа (таңертеңгі аста желінбеген) , қабығымен пісірілген бір үлкен немесе екі кішкентай картоп, я болмаса, май жағылған бір жапырақ нан, көкөніс, жеміс; түстен кейінгі ас – сұйық кофе немесе сүт қатқан шай. Тәтті нан жеуге болмайды; кешкі ас – түскі аста жемеген тағамдар. Жоғарыда мен сіздерге ұтымды тамақтанудың негіздерін білудің қаншалықты маңызды екенін нақты мысалдармен көрсетуге күш салдым. Осылай еткендер көптеген елеулі аурулардың, соның ішінде жан-жүйе ауруының да алдын ала алатынына мен кәміл сенімдімін.
23.07.2013 03:14 3890

Зат алмасу процесіне белсене қатысатын белоктар (протеиндер) тамақтанудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан белогы бар азық-түлікті әрбір тамақтанған сайын пайдаланған дұрыс (мысалы, таңертеңгі тамақта жұмыртқа, түскі аста ет, ал кешкі аста сыр немесе балық деген сияқты).

Жалпы организмнің қалыпты қызметі қайсыбір дәрежеде тағамның сапасына да байланысты. Дұрыс тамақтанбау кейбір ауруларға себеп болумен бірге, ой еңбегіне теріс әсер етіп, өмірді қысқартады. Және де бұрын егде адамдарға ет жеген зиян дейтін. Керісінше, есейген организмге ет, балық, жұмыртқа және сүзбе өте қажет.

Организм оларды қорытып үлгере алмайтын болғандықтан, майды аз мөлшерде пайдалану керек. Әсіресе сары май, шошқа майы тәрізді мал майларын тартына қолданған жөн. Оларда холестериннің проценті жоғары келеді. Маргарин тәрізді табиғи емес майларды пайдаланғанда да сақ болған жөн. Олар өсімдік майын өңдеуден алынатындықтан, ұқсату барысында бойындағы бүкіл нәрінен айырылады. Жалпы, ұзақ сақтауға арналып дайындалған азық-түлік тағамдарының кез-келгені өлі тағам екенін есте ұстау керек. Тамақ пісіруге, көкөністі тұздықтауға өсімдік майын қолданған пайдалы.

Тағам мәзірінде витаминдер мен минералды заттардың мол болуының да маңызы зор. Организмнің оларды жеткілікті мөлшерде алуы үшін жеміс-жидек пен көкөністі пайдаланып отыру қажет.

Сонымен, қорытындылай келгенде, бағыт-бағдарламамыздағы ұзақ өмір сүрудің негізгі факторы - ұтымды, мейлінше әр түрлі тамақтану. Тағамды әрбір қабылдауға мыналар енуге тиіс: белоктар (ет, сүзбе, жұмыртқа, балық), углеводтар (қант, крахмал), майлар, витаминдер мен минералдық заттар. Дұрыс тамақтану жөніндегі ортаға салған ойымызды аяқтай келе тепе-тең тамақтануға арналған күндік дастархан мәзірінің бір үлгісін айта кеткенді жөн көріп отырмыз. Олар мынау: таңертеңгі ас - жұмыртқа, бауыр немесе балық (қуырмаған), екі жапырақ нан, май, бал, жаңа піскен жеміс. Ботқа жемеу керек; екінші таңертеңгі ас - бір стакан сүт немесе басқа сүт өнімі; түскі ас - сорпа, томат немесе жаңа піскен кез-келген жеміс шырыны, ет, балық, жұмыртқа (таңертеңгі аста желінбеген) , қабығымен пісірілген бір үлкен немесе екі кішкентай картоп, я болмаса, май жағылған бір жапырақ нан, көкөніс, жеміс; түстен кейінгі ас – сұйық кофе немесе сүт қатқан шай. Тәтті нан жеуге болмайды; кешкі ас – түскі аста жемеген тағамдар.

Жоғарыда мен сіздерге ұтымды тамақтанудың негіздерін білудің қаншалықты маңызды екенін нақты мысалдармен көрсетуге күш салдым. Осылай еткендер көптеген елеулі аурулардың, соның ішінде жан-жүйе ауруының да алдын ала алатынына мен кәміл сенімдімін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға