Жаңалықтар

180 жыл өмір сүру үйреншікті нәрсе

Адам баласының мыңдаған жылдық тарихында бұл сауал кімдерді толғандырмады. Қаншама хикмет көрмесін, адам өмірге ғашықтық көзқарасынан танбайды. Ол ол ма, адам мәңгілік өмір сүруді армандайды. Бірақ сонау ықылым заманнан бері қарай оның емі табылмай келеді. Сондықтан төрткүл дүниені билеген патша да, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты батыр да, аузымен құс тістеген небір шешен, ақын да, түрлі қорлыққа көне алмай, өлейін десе өле алмай жүрген кембағал да, қысқасы, барша адам біткен ажал деген суық сөзден айылын жиып, оның алдында амалы таусылып, тізе бүгіп, мойын ұсынумен келеді. Алайда, ажалды тоқтататын күш жоқ болғанымен өмірді ұзарту, жарық дүниені әлі қызықтай түсу өзімізге байланысты көрінеді. Ағылшынның герантолог-ғалымы Джустин Гласс өзінің ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеуінің нәтижесінде жазып шыққан «180 жасқа дейін өмір сүру» деген кітабында осындай түйін жасайды. Төменде осы кітаптан ықшамдап алынған үзіндіні оқырман назарына ұсынып отырмыз. Адам баласы қанша жыл өмір сүре алады деп ойлайсыз? Биолог-ғалымдардың есептеуі бойынша, кез-келген организмнің тіршілік ету ұзақтығы сол организм толысу шегіне жететін 7-ден 14 кезеңге дейінгі уақыттан тұрады. Адам 20-25 жасында кемелденеді, демек, оның өмірі 280 жасқа дейін жетуі мүмкін. Кейбір геронтологтар адам мұнан да ұзақ өмір сүре алады деп есептейді. Мысалы, Лондондық доктор Кристоферсон мынадай ой айтады: «Егер оның организмі өмір сүру үшін қажетті заттармен қамтамасыз етілсе, адам баласы 300, 400, тіпті 1000 жыл өмір сүре алады». Ұзақ өмір сүру проблемасын зерделеуші, белгілі табиғат зерттеушісі Роджер Бэкон да адам өмірінің қалыпты ұзақтығы 1000 жыл деп есептейді. Демек, 180 жыл өмір сүру үйреншікті нәрсе деуге болады. Ғалымдар протоплазмада адамды қартайтатын элементтердің жоқ екенін айтады. Ал адам организмі протоплазмадан тұратыны және белгілі. Жалпы адам баласының тарихынан ұзақ өмір сүрудің мысалдарын көптеп іздестіруге болады. Ежелгі гректер (пеласгтер) 70 жаста өлуді бесікте тұншыққанмен бірдей деп санады. Ал сол ежелгі грек жазушылары мен тарихшыларының айтуынша,  пеласгтер ұзақ өмір сүрген. Және өмірінің ақырына дейін қуатынан айырылмаған, шаштары ағармаған. Беріректегі тарихтан да қызықты мысалдар келтіруге болады. 1588 жылы Лондонда туған Томас Парр 152 жасында қайтыс болған. Үшінші алтын тойларын тойлауға үш жыл қалғанда (147 жыл) дүниеден өткен ерлі-зайыптылар бар. Күйеуі 173, әйелі 184 жыл өмір сүрген. ХХ ғасырдың 60 жылдары Иранда Сейіт Әли атты 195 жасар адам өмір сүрген. өзінің айтуынша, ол 1790-жылы үйленген. Үлкен ұлы жастай, небәрі 120 жасында дүниеден өткен. Әлидің тағы да төрт баласы: екі ұлы (105 және 90 жаста) және екі қызы (110 және 80 жаста) бар. Сейіт Әли сол кезде көзінің көргіштігі жақсы, бақуатты болған.
23.07.2013 03:10 4311

Адам баласының мыңдаған жылдық тарихында бұл сауал кімдерді толғандырмады. Қаншама хикмет көрмесін, адам өмірге ғашықтық көзқарасынан танбайды. Ол ол ма, адам мәңгілік өмір сүруді армандайды. Бірақ сонау ықылым заманнан бері қарай оның емі табылмай келеді.

Сондықтан төрткүл дүниені билеген патша да, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты батыр да, аузымен құс тістеген небір шешен, ақын да, түрлі қорлыққа көне алмай, өлейін десе өле алмай жүрген кембағал да, қысқасы, барша адам біткен ажал деген суық сөзден айылын жиып, оның алдында амалы таусылып, тізе бүгіп, мойын ұсынумен келеді.

Алайда, ажалды тоқтататын күш жоқ болғанымен өмірді ұзарту, жарық дүниені әлі қызықтай түсу өзімізге байланысты көрінеді. Ағылшынның герантолог-ғалымы Джустин Гласс өзінің ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеуінің нәтижесінде жазып шыққан «180 жасқа дейін өмір сүру» деген кітабында осындай түйін жасайды. Төменде осы кітаптан ықшамдап алынған үзіндіні оқырман назарына ұсынып отырмыз.

Адам баласы қанша жыл өмір сүре алады деп ойлайсыз? Биолог-ғалымдардың есептеуі бойынша, кез-келген организмнің тіршілік ету ұзақтығы сол организм толысу шегіне жететін 7-ден 14 кезеңге дейінгі уақыттан тұрады. Адам 20-25 жасында кемелденеді, демек, оның өмірі 280 жасқа дейін жетуі мүмкін.

Кейбір геронтологтар адам мұнан да ұзақ өмір сүре алады деп есептейді. Мысалы, Лондондық доктор Кристоферсон мынадай ой айтады: «Егер оның организмі өмір сүру үшін қажетті заттармен қамтамасыз етілсе, адам баласы 300, 400, тіпті 1000 жыл өмір сүре алады». Ұзақ өмір сүру проблемасын зерделеуші, белгілі табиғат зерттеушісі Роджер Бэкон да адам өмірінің қалыпты ұзақтығы 1000 жыл деп есептейді.

Демек, 180 жыл өмір сүру үйреншікті нәрсе деуге болады. Ғалымдар протоплазмада адамды қартайтатын элементтердің жоқ екенін айтады. Ал адам организмі протоплазмадан тұратыны және белгілі.

Жалпы адам баласының тарихынан ұзақ өмір сүрудің мысалдарын көптеп іздестіруге болады. Ежелгі гректер (пеласгтер) 70 жаста өлуді бесікте тұншыққанмен бірдей деп санады. Ал сол ежелгі грек жазушылары мен тарихшыларының айтуынша,  пеласгтер ұзақ өмір сүрген. Және өмірінің ақырына дейін қуатынан айырылмаған, шаштары ағармаған.

Беріректегі тарихтан да қызықты мысалдар келтіруге болады. 1588 жылы Лондонда туған Томас Парр 152 жасында қайтыс болған. Үшінші алтын тойларын тойлауға үш жыл қалғанда (147 жыл) дүниеден өткен ерлі-зайыптылар бар. Күйеуі 173, әйелі 184 жыл өмір сүрген.

ХХ ғасырдың 60 жылдары Иранда Сейіт Әли атты 195 жасар адам өмір сүрген. өзінің айтуынша, ол 1790-жылы үйленген. Үлкен ұлы жастай, небәрі 120 жасында дүниеден өткен. Әлидің тағы да төрт баласы: екі ұлы (105 және 90 жаста) және екі қызы (110 және 80 жаста) бар. Сейіт Әли сол кезде көзінің көргіштігі жақсы, бақуатты болған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға