Жаңалықтар

"Ел боламыз десек…"

Мысалы, ғалымның 2000 жылы жарық көрген, Шығыстан шыққан есімі әлемге мәшһүр Ж.Баласағұн, А.Яссауи, А.Йүгінеки, Низами, Науаи, Мақтымқұлы, Бердақ, Біләл Назым тәрізді түркі тілдес халықтардың даналарынан бастап, қазақтың Абай, Мағжан сияқты данышпандарына дейінгі исі түркі поэзиясының жарық жұлдыздары жайындағы зерттеу еңбектері енген "Жұлдыздар жарығы" деген кітабын танымдық тұрғыдан алғанда дайын оқулық деуге болады. Мұнда автордың ХІ-ХХ ғасыр аралығындағы түрік әдебиетіне қатысты ой-пікірлері жинақталған. Дәлірек айтқанда, ғалым бұл еңбегінде осы уақыт аралығында өмір сүрген, Кеңес үкіметі кезінде әңгіме ауанына қарай оқта-текте ғана ауызға алынатын, Шығыстың кемел ойлы ақындарын оқырманға кеңірек таныстыруды мақсат тұтқан. Және оларды бір еңбектің аясына жинақтап, сабақтастықпен, топтастырып беруінің де мәні бар. Осы арқылы ол жалпы алғанда Шығыс халқының, соның ішінде түрік жұртының қаншалықты білімдар, қаншалықты кемел болғанын, халық даналығының тақыр жерден басталмайтынын, арши, көре білген адамға оның тамыры тереңде жатқанын оқырманға және бір сездіріп қойғысы келгендей. Еңбектің және бір құндылығы онда ғылыми айналымда бұрыннан бар, есімі жұртшылыққа таныс Шығыстың атақты ғұламалары мен ақындарының шығармалары тапқа, жікке бөлу тәрізді қасаңдықтан ада, таза ғылыми тұрғыдан талданумен бірге, бұрын оқырманға беймәлім болып келген есімдердің де аталуы дер едік. Мәселен, түріктің ұлы ақыны Юнус Емре, өзінің туындыларын қазақ, башқұрт, татар тілдерінде жазған, ағартушы ақын, ойшыл Ақмолла (Мифтахетдин) Мұхамедияров, құмық халқының ұлы ақыны Ирчи Қазақ (Жыршы Қазақ) (шын аты Қазақ Татархан оғлы) тәрізді көрнекті ақындар өлеңдерінің қоғамдық, әлеуметтік мәні, көркемдік ерекшеліктері әңгімеленеді. Сол сияқты Майлы Сұлтанқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Мұсабек Байзақұлы, Шәді Жәңгірұлы, Ергөбек тәрізді есімдері қазақ әдебиетінде сирек аталатын ақындардың шығармаларына тереңірек тоқталып, олар қалдырған мұраның күні бүгінге дейін халық жадынан өшпеуінің мәнін түсіндіреді. Сөз реті келгенде ғалымның арғы-бергі өткен, қазіргі көзі тірі көрнекті ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, ақындардың, жазушылардың шығармашылық портреттерін сомдаудағы шеберлігін, кейіпкерінің бойындағы суреткерге тән қасиеттерін туындыларды талдаумен шебер ұштастыра отырып, оқырманға дөп басып, қапысыз жеткізе білетін ұтқырлығын айта кеткеніміз жөн. Бұған оның "Ел боламыз десек…" атты кітабындағы қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Нәзір Төреқұлов, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев, көрнекті әдебиетші Бейсембай Кенжебаев, белгілі ақын-жазушылар Сафуан Шәймерденов пен Мұзафар Әлімбаев туралы жазған "Нәзірдің жұлдызы", "Кемелдіктің бір қыры", "Ғалым тағлымы", "Азамат сөзін айта білген", "Сөзден інжу іздеген" деген очерктері және "Жұлдыздар жарығы" деген еңбегінде сөз болатын Шығыс ғұламаларының, ақындарының шығармашылықтарын талдап көрсетуге арналған туындыларымен танысу арқылы анық көз жеткізуге болады.
22.07.2013 11:28 3322

Мысалы, ғалымның 2000 жылы жарық көрген, Шығыстан шыққан есімі әлемге мәшһүр Ж.Баласағұн, А.Яссауи, А.Йүгінеки, Низами, Науаи, Мақтымқұлы, Бердақ, Біләл Назым тәрізді түркі тілдес халықтардың даналарынан бастап, қазақтың Абай, Мағжан сияқты данышпандарына дейінгі исі түркі поэзиясының жарық жұлдыздары жайындағы зерттеу еңбектері енген "Жұлдыздар жарығы" деген кітабын танымдық тұрғыдан алғанда дайын оқулық деуге болады.

Мұнда автордың ХІ-ХХ ғасыр аралығындағы түрік әдебиетіне қатысты ой-пікірлері жинақталған. Дәлірек айтқанда, ғалым бұл еңбегінде осы уақыт аралығында өмір сүрген, Кеңес үкіметі кезінде әңгіме ауанына қарай оқта-текте ғана ауызға алынатын, Шығыстың кемел ойлы ақындарын оқырманға кеңірек таныстыруды мақсат тұтқан. Және оларды бір еңбектің аясына жинақтап, сабақтастықпен, топтастырып беруінің де мәні бар. Осы арқылы ол жалпы алғанда Шығыс халқының, соның ішінде түрік жұртының қаншалықты білімдар, қаншалықты кемел болғанын, халық даналығының тақыр жерден басталмайтынын, арши, көре білген адамға оның тамыры тереңде жатқанын оқырманға және бір сездіріп қойғысы келгендей.

Еңбектің және бір құндылығы онда ғылыми айналымда бұрыннан бар, есімі жұртшылыққа таныс Шығыстың атақты ғұламалары мен ақындарының шығармалары тапқа, жікке бөлу тәрізді қасаңдықтан ада, таза ғылыми тұрғыдан талданумен бірге, бұрын оқырманға беймәлім болып келген есімдердің де аталуы дер едік. Мәселен, түріктің ұлы ақыны Юнус Емре, өзінің туындыларын қазақ, башқұрт, татар тілдерінде жазған, ағартушы ақын, ойшыл Ақмолла (Мифтахетдин) Мұхамедияров, құмық халқының ұлы ақыны Ирчи Қазақ (Жыршы Қазақ) (шын аты Қазақ Татархан оғлы) тәрізді көрнекті ақындар өлеңдерінің қоғамдық, әлеуметтік мәні, көркемдік ерекшеліктері әңгімеленеді. Сол сияқты Майлы Сұлтанқожаұлы, Құлыншақ Кемелұлы, Мұсабек Байзақұлы, Шәді Жәңгірұлы, Ергөбек тәрізді есімдері қазақ әдебиетінде сирек аталатын ақындардың шығармаларына тереңірек тоқталып, олар қалдырған мұраның күні бүгінге дейін халық жадынан өшпеуінің мәнін түсіндіреді.

Сөз реті келгенде ғалымның арғы-бергі өткен, қазіргі көзі тірі көрнекті ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің, ақындардың, жазушылардың шығармашылық портреттерін сомдаудағы шеберлігін, кейіпкерінің бойындағы суреткерге тән қасиеттерін туындыларды талдаумен шебер ұштастыра отырып, оқырманға дөп басып, қапысыз жеткізе білетін ұтқырлығын айта кеткеніміз жөн. Бұған оның "Ел боламыз десек…" атты кітабындағы қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Нәзір Төреқұлов, ұлы ғалым Қаныш Сәтбаев, көрнекті әдебиетші Бейсембай Кенжебаев, белгілі ақын-жазушылар Сафуан Шәймерденов пен Мұзафар Әлімбаев туралы жазған "Нәзірдің жұлдызы", "Кемелдіктің бір қыры", "Ғалым тағлымы", "Азамат сөзін айта білген", "Сөзден інжу іздеген" деген очерктері және "Жұлдыздар жарығы" деген еңбегінде сөз болатын Шығыс ғұламаларының, ақындарының шығармашылықтарын талдап көрсетуге арналған туындыларымен танысу арқылы анық көз жеткізуге болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға