Жаңалықтар

Туған тілінің бүгінгі хәл-күйі ғалымды айрықша толғандыратыны осы еңбектен айқын аңғарылады

Осындай құнды ұсыныстар мына кітапта да молынан қамтылған. Олардың тақырып аясы да кең, халықтың әлеуметтік-мәдени өмірінің барлық саласын дерлік қамтиды. Мақалаларының бірінде "ескі түркі әдебиетінің туындыларын меңгеріп, рухани даму қасиетіне жаратуды" (17-бет), "қазақ халқының көркемдік мәдениетіне қатысты кем дегенде 2000 жылдық тарихы бар әдеби-фольклорлық ескерткіштерді жекелеп те, топтап та зерттеуді" (103-бет) сөз етсе, енді бірінде "мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытып, ой-өрісін кеңейтетін сан-сала суреттік кітапшалар мен қолданбалар шығару", "бастауыш мектептен бастап, жоғары оқу орындарының түрлі пәндері бойынша қазақ тілінде төл оқулықтар шығару", "Қазақ тіліндегі кітаптардың тақырыптық шеңберін кеңейту", "Дүние жүзінің ең үлгілі ғылыми, көркем ескерткіштерін қазақ тіліне тәржімелеу" (25-26-беттер), "Шет жақта жүрген отандастарымыздың рухани дамуына көмектесу" (38-бет) керектігін ескертеді, үшінші бір мақаласы мемлекеттік тілді дамытудың, оны өмірдің барлық саласына енгізудің, халықтық музыканы насихаттаудың өзекті мәселелерін қаузайды. Туған тілінің бүгінгі хәл-күйі ғалымды айрықша толғандыратыны осы еңбектен айқын аңғарылады. Бұл жөнінде кітаптың өн бойында ретіне қарай пікір білдіріліп отыратынын былай қойғанда "Тіл тағдыры – ұлыс тағдыры" деген бір тарау түгелдей мемлекеттік тілдің көкейкесті мәселелерін қозғауға арналған. Онда мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілінің еліміздегі мәртебесіне қатысты батыл да дәлелді ойлар ортаға салынады. Тарауда топтастырылған "Шегінерге жер жоқ", "Заң көкпар емес", "Өзен басынан былғанбасын", "Өзіңнен туған ұл өзекке тепсе", "Дүбәрадан дұрыстық шықпайды", "Қақпақылға түскен қайран тіл", "Ұлт рухы сезілсе", "Теңдік сұрар күн туса", Мемлекеттік… әрі ұлтаралық", "Мәңгілік кепілі" деген публицистикалық шығармаларында ғалым қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына тек қазақтар ғана емес, әділдік сезімін жоғалтпаған барша халық өкілдерінің тілектес болғанын, Заңға күмән келтіруге дәті барғандардың арсыздығына таң қалатынын (151-бет), ешқашан шектеу көрмей келген орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру мәселесін талқылаймыз дегенді біржола ұмыту керектігін (157-бет), қазақ тілінің құрдымға біржолата түсіп кету процесінің тоқталғаны көңілімізге үміт ұялататынын, қазақ отаншылдары, орыс халқының және басқа ұлттардың адал ұлдары қазақ тілінің шыққан биігінен қайта құлап түсуіне жол бермес деп сенетінін (166-бет), халықты өзінің төл есімінен, тілінен, жерінен жұрдай еткісі келетіндердің дегені болмайтынын (168-бет), Ата Заңымызда "біз, қазақ халқы және Қазақстандағы барша халықтар" деп айтуға жүрексінсек, былайғы тіршілікте ұлтпыз деп ашық айтуымыз екіталай болмақтығын (172-бет), тілімізді өзіміз құрметтеу үлгісін көрсетпесек, басқаларға өкпелеудің орны жоқтығын (176-бет), туған халқының қасиетінен хабарсыз өскендерді космополиттік дағдыдан қайтарып, өз елінің тілін, салтын қадірлейтін ететін батыл шаралар керектігін, ал бүгінгі жас буынға толық ұлттық тәрбие беру – ел боп жасауымыздың мықты кепілі екендігін (186-бет) шабыттана да ширыға да толғайды.
22.07.2013 11:24 3103

Осындай құнды ұсыныстар мына кітапта да молынан қамтылған. Олардың тақырып аясы да кең, халықтың әлеуметтік-мәдени өмірінің барлық саласын дерлік қамтиды. Мақалаларының бірінде "ескі түркі әдебиетінің туындыларын меңгеріп, рухани даму қасиетіне жаратуды" (17-бет), "қазақ халқының көркемдік мәдениетіне қатысты кем дегенде 2000 жылдық тарихы бар әдеби-фольклорлық ескерткіштерді жекелеп те, топтап та зерттеуді" (103-бет) сөз етсе, енді бірінде "мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытып, ой-өрісін кеңейтетін сан-сала суреттік кітапшалар мен қолданбалар шығару", "бастауыш мектептен бастап, жоғары оқу орындарының түрлі пәндері бойынша қазақ тілінде төл оқулықтар шығару", "Қазақ тіліндегі кітаптардың тақырыптық шеңберін кеңейту", "Дүние жүзінің ең үлгілі ғылыми, көркем ескерткіштерін қазақ тіліне тәржімелеу" (25-26-беттер), "Шет жақта жүрген отандастарымыздың рухани дамуына көмектесу" (38-бет) керектігін ескертеді, үшінші бір мақаласы мемлекеттік тілді дамытудың, оны өмірдің барлық саласына енгізудің, халықтық музыканы насихаттаудың өзекті мәселелерін қаузайды.

Туған тілінің бүгінгі хәл-күйі ғалымды айрықша толғандыратыны осы еңбектен айқын аңғарылады. Бұл жөнінде кітаптың өн бойында ретіне қарай пікір білдіріліп отыратынын былай қойғанда "Тіл тағдыры – ұлыс тағдыры" деген бір тарау түгелдей мемлекеттік тілдің көкейкесті мәселелерін қозғауға арналған. Онда мемлекеттік тіл, яғни қазақ тілінің еліміздегі мәртебесіне қатысты батыл да дәлелді ойлар ортаға салынады. Тарауда топтастырылған "Шегінерге жер жоқ", "Заң көкпар емес", "Өзен басынан былғанбасын", "Өзіңнен туған ұл өзекке тепсе", "Дүбәрадан дұрыстық шықпайды", "Қақпақылға түскен қайран тіл", "Ұлт рухы сезілсе", "Теңдік сұрар күн туса", Мемлекеттік… әрі ұлтаралық", "Мәңгілік кепілі" деген публицистикалық шығармаларында ғалым қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесін алғанына тек қазақтар ғана емес, әділдік сезімін жоғалтпаған барша халық өкілдерінің тілектес болғанын, Заңға күмән келтіруге дәті барғандардың арсыздығына таң қалатынын (151-бет), ешқашан шектеу көрмей келген орыс тіліне мемлекеттік тіл мәртебесін беру мәселесін талқылаймыз дегенді біржола ұмыту керектігін (157-бет), қазақ тілінің құрдымға біржолата түсіп кету процесінің тоқталғаны көңілімізге үміт ұялататынын, қазақ отаншылдары, орыс халқының және басқа ұлттардың адал ұлдары қазақ тілінің шыққан биігінен қайта құлап түсуіне жол бермес деп сенетінін (166-бет), халықты өзінің төл есімінен, тілінен, жерінен жұрдай еткісі келетіндердің дегені болмайтынын (168-бет), Ата Заңымызда "біз, қазақ халқы және Қазақстандағы барша халықтар" деп айтуға жүрексінсек, былайғы тіршілікте ұлтпыз деп ашық айтуымыз екіталай болмақтығын (172-бет), тілімізді өзіміз құрметтеу үлгісін көрсетпесек, басқаларға өкпелеудің орны жоқтығын (176-бет), туған халқының қасиетінен хабарсыз өскендерді космополиттік дағдыдан қайтарып, өз елінің тілін, салтын қадірлейтін ететін батыл шаралар керектігін, ал бүгінгі жас буынға толық ұлттық тәрбие беру – ел боп жасауымыздың мықты кепілі екендігін (186-бет) шабыттана да ширыға да толғайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға