Жаңалықтар

Р. Бердібай "Екіге бөлінген ұлыс" деген мақаласы

Бұлардан Кавказды мекендеген ноғай халқының қазақтарға етене жақындығын, Алтын Орда дәуірлеген тұста және одан бертінгі ел билеген Едіге кезеңінде, ХҮІ ғасырдың орта тұсына дейін Ноғай Ордасының бір мезетте үш жүз мың әскер шығара алатын іргелі ел болғанын, бірі Мәскеудің сойылын соғамын деп, бірі оған қарсы шығып өзді-өзі қырқысудың нәтижесінде тоз-тозы шыққанын, қазір олардың саны жүз мыңның ол жақ бұл жағында екенін білуге болады. Ал кітаптағы "Құмықтар" деген мақаладан түркі тілдес құмық тілінің Дағыстанда жүздеген жылдар бойы халықаралық қатынас тілі болғанын оқудың өзі түркі тілі аясының кеңдігін дәлелдейтін қызықты дерек. Алайда ашкөз отаршылдықтың ауқымы ұлғайған сайын тілдің де, халықтың да өрісі тарыла беретінін Р. Бердібай "Екіге бөлінген ұлыс" деген мақаласындағы қарашайлар мен малқарлардың қилы тағдырын әңгімелей отырып дәлелдейді, халықтың аз-көптігіне қарамай, оларды жер бетінен жойып жіберудің сыннан өткен әдістерін шебер пайдаланған отаршылдардың, әсіресе мұсылман халықтарына қырғидай тигенін, ол үшін "бөлшекте де билей бер" әдісін кеңінен пайдаланғанын айта келіп, патшаның аяр саясаты жөнінде мынадай ой түйеді: "Отаршылдар солтүстік Кавказдағы мұсылман халықтары арасына сына қағып арандату қиын екенін білген соң, тілі басқа ұлыстарды бір-біріне қосып, өзара бәсекелес етіп қоюды көздеген. Тіл бойынша бір топқа жататын адыгей, черкес, кабардыларды үш халық санатында бөлшектеп жіберген. Ал егер бұл ұлыстар бір автономиялы әкімшілік қарауына біріксе, сан жағынан көрнекті елге айналатыны кәміл еді. Қарашай мен черкесті, кабарды мен малқарды бір-бір әкімшілік аймаққа бөлудің түпкі есебі оларды өзара орысша сөйлеттіріп, арғы тегін ұмыттыру болатын… Мұндай анық озбырлықты "аз халықтарға қамқорлық" деп көрсеткен." (115-бет). Ғалым еңбектерінің, оның публицистикалық сарында жазылған шығармаларының және бір ерекшелігін атап өткен жөн. Ол қай елде болмасын, қандай мәселе қозғамасын әңгіме арқауына айналып отырған нәрсенің қазақ халқына, түрік тілдес бауырларға тигізер ортақ пайдасын ешқашан естен шығармайды. Үнемі жеке мәселеден жалпылама ой түйіп, белгілі бір қорытынды шығарып отырады. Мәселен, оқырманмен Түркияға барған сапары жөнінде ой бөліскенде ғасырлар бойында шаңрағы шайқалмаған, іргесі таймаған, туы жығылмаған Түркия елінің тарихы мен мәдениеті, өмірдің сан саласында қол жеткізген табыстары төңрегінде тамсана әңгімелеп, құрғақ баяндай бермей, үйренетін, үлгі алатын, бізде де осылай болса дейтін тұстарын ортаға салып, пікірлесіп отырады.
22.07.2013 11:21 3547

Бұлардан Кавказды мекендеген ноғай халқының қазақтарға етене жақындығын, Алтын Орда дәуірлеген тұста және одан бертінгі ел билеген Едіге кезеңінде, ХҮІ ғасырдың орта тұсына дейін Ноғай Ордасының бір мезетте үш жүз мың әскер шығара алатын іргелі ел болғанын, бірі Мәскеудің сойылын соғамын деп, бірі оған қарсы шығып өзді-өзі қырқысудың нәтижесінде тоз-тозы шыққанын, қазір олардың саны жүз мыңның ол жақ бұл жағында екенін білуге болады.

Ал кітаптағы "Құмықтар" деген мақаладан түркі тілдес құмық тілінің Дағыстанда жүздеген жылдар бойы халықаралық қатынас тілі болғанын оқудың өзі түркі тілі аясының кеңдігін дәлелдейтін қызықты дерек. Алайда ашкөз отаршылдықтың ауқымы ұлғайған сайын тілдің де, халықтың да өрісі тарыла беретінін Р. Бердібай "Екіге бөлінген ұлыс" деген мақаласындағы қарашайлар мен малқарлардың қилы тағдырын әңгімелей отырып дәлелдейді, халықтың аз-көптігіне қарамай, оларды жер бетінен жойып жіберудің сыннан өткен әдістерін шебер пайдаланған отаршылдардың, әсіресе мұсылман халықтарына қырғидай тигенін, ол үшін "бөлшекте де билей бер" әдісін кеңінен пайдаланғанын айта келіп, патшаның аяр саясаты жөнінде мынадай ой түйеді: "Отаршылдар солтүстік Кавказдағы мұсылман халықтары арасына сына қағып арандату қиын екенін білген соң, тілі басқа ұлыстарды бір-біріне қосып, өзара бәсекелес етіп қоюды көздеген. Тіл бойынша бір топқа жататын адыгей, черкес, кабардыларды үш халық санатында бөлшектеп жіберген. Ал егер бұл ұлыстар бір автономиялы әкімшілік қарауына біріксе, сан жағынан көрнекті елге айналатыны кәміл еді. Қарашай мен черкесті, кабарды мен малқарды бір-бір әкімшілік аймаққа бөлудің түпкі есебі оларды өзара орысша сөйлеттіріп, арғы тегін ұмыттыру болатын… Мұндай анық озбырлықты "аз халықтарға қамқорлық" деп көрсеткен." (115-бет).

Ғалым еңбектерінің, оның публицистикалық сарында жазылған шығармаларының және бір ерекшелігін атап өткен жөн. Ол қай елде болмасын, қандай мәселе қозғамасын әңгіме арқауына айналып отырған нәрсенің қазақ халқына, түрік тілдес бауырларға тигізер ортақ пайдасын ешқашан естен шығармайды. Үнемі жеке мәселеден жалпылама ой түйіп, белгілі бір қорытынды шығарып отырады. Мәселен, оқырманмен Түркияға барған сапары жөнінде ой бөліскенде ғасырлар бойында шаңрағы шайқалмаған, іргесі таймаған, туы жығылмаған Түркия елінің тарихы мен мәдениеті, өмірдің сан саласында қол жеткізген табыстары төңрегінде тамсана әңгімелеп, құрғақ баяндай бермей, үйренетін, үлгі алатын, бізде де осылай болса дейтін тұстарын ортаға салып, пікірлесіп отырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға