Жаңалықтар

«Астананың ең үздік келбеті» фотоконкурсынан үздік шыққандар марапатталды (фото, видео)

  El.kz жастар әлеуметтік желісінде Елордамыз Астананың 15 жылдығына арналған «Астананың ең үздік келбеті» атты фотоконкурсы өз мәресіне жетті. Бүгін «Казконтент» АҚ мәжіліс залында жеңімпаздарды құттықтау рәсімі өткізілді.  Байқауға қатысушылар тарапынан 31 жұмыс келіп түсті. Соның ішінен үш адамның бәйгеге қосқан дүниелері үздік шығып, бағалы жүлделерге ие болды. Бас жүлдеге иелік еткен Сұлтан Сейітов есімді азамат «Астана Ақшамы» газетінде 6 жылдан бері фототілші қызметін атқарып келеді екен. «Менің байқауға өмірімде бірінші рет қатысуым. Бірақ бірінші рет қатысып, бас жүлдеге иелік етем деп ойламаппын. Алдағы уақытта «Казконтент» АҚ ұйымдастыратын барлық фото байқаулардан қалыс қалмауға тырысамын. Астананың әдемі жерлері көп. Маған ең қатты ұнайтыны «Тәуелсіздік» монументі орналасқан аумақ. Ол жер күндіз де, түнде де әдемі. Астананы Анкара қаласымен салыстыратындар бар. Менің ойымша, Астана Анкарадан әдемі болмаса да, одан әлдеқайда таза қала», – деді марапаттау рәсімінен кейін қуанышын жасырмай. Екінші орынға иелік еткен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Талғат Мұхитдин есімді азамат. Өкінішке қарай Талғат Мұхитдин марапаттау рәсіміне қатыса алмағанды. Үшінші орынға иелік еткен Руслан Карсамов бірнеше жылдан бері жекеменшік студияда фотограф болып істейді екен. «Бұл – менің ең алғашқы байқауым. Үшіні орын болса да мен үшін маңызы зор. Мен көбіне Астананың түнгі көрінісін, Есілдің жағасын нысанаға алғанды ұнатамын», – дейді. Конкурс жеңімпаздарының жұмыстарын осы жерден көре аласыздар.          
22.07.2013 10:40 4196

 

El.kz жастар әлеуметтік желісінде Елордамыз Астананың 15 жылдығына арналған «Астананың ең үздік келбеті» атты фотоконкурсы өз мәресіне жетті. Бүгін «Казконтент» АҚ мәжіліс залында жеңімпаздарды құттықтау рәсімі өткізілді. 

Байқауға қатысушылар тарапынан 31 жұмыс келіп түсті. Соның ішінен үш адамның бәйгеге қосқан дүниелері үздік шығып, бағалы жүлделерге ие болды.

Бас жүлдеге иелік еткен Сұлтан Сейітов есімді азамат «Астана Ақшамы» газетінде 6 жылдан бері фототілші қызметін атқарып келеді екен.

«Менің байқауға өмірімде бірінші рет қатысуым. Бірақ бірінші рет қатысып, бас жүлдеге иелік етем деп ойламаппын. Алдағы уақытта «Казконтент» АҚ ұйымдастыратын барлық фото байқаулардан қалыс қалмауға тырысамын. Астананың әдемі жерлері көп. Маған ең қатты ұнайтыны «Тәуелсіздік» монументі орналасқан аумақ. Ол жер күндіз де, түнде де әдемі. Астананы Анкара қаласымен салыстыратындар бар. Менің ойымша, Астана Анкарадан әдемі болмаса да, одан әлдеқайда таза қала», – деді марапаттау рәсімінен кейін қуанышын жасырмай.

Екінші орынға иелік еткен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Талғат Мұхитдин есімді азамат. Өкінішке қарай Талғат Мұхитдин марапаттау рәсіміне қатыса алмағанды.

Үшінші орынға иелік еткен Руслан Карсамов бірнеше жылдан бері жекеменшік студияда фотограф болып істейді екен.

«Бұл – менің ең алғашқы байқауым. Үшіні орын болса да мен үшін маңызы зор. Мен көбіне Астананың түнгі көрінісін, Есілдің жағасын нысанаға алғанды ұнатамын», – дейді.

Конкурс жеңімпаздарының жұмыстарын осы жерден көре аласыздар.

 

 

 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға