Жаңалықтар

Рақаң озбырлық біткенге бей-жай қарай алмайды

Ғалым қазақта бар "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр" эпостық жырларының, "Едіге батыр", "Ер Қосай", "Ер Сайын", "Бозжігіт", "Бозұғлан" дастандарының, Алдар Көсе, Жиренше, Қожанасыр туралы ертегілік аңыздардың, тойбастар, айтыс, аужар, сыңсу, жоқтау, бесік жыры, терме, толғау тәрізді ауыз әдебиеті жанрларының қарақалпақта да қайталануы қарақалпақ пен қазақтың тегі мен тағдыры ғана емес, күллі ақындық, шешендік өнер жүйесі, тілдік өлең кестесі, теңеме, баламалары, ой толғамдары, шалқыған биік поэзиялық мәдениеті егіз екеніне шүбә келтірмейді. Түркмен, башқұрт халықтарының ауыз әдебиеті жөнінде әңгімелегенде де автор түбі бір туысқан елдерді жақындастыра түсудің жолдарын қарастырып, құнды пікірлер айтады. Бір мезет бауырлас жұрттар фольклор шығармаларының тілін салыстыра тексеру арқылы көптеген көмескі ұғымдардың дәл мәнін табуға болатынын еске салады. "Біздің тілші мамандарымыз түркі тілдерінің салыстырма сөздіктерін жасауға кіріссе, аса пайдалы тарихи жұмыс болар еді. – деп жазады ғалым "Түркмен толғауы" деген мақаласында, - Айталық қыпшақ, оғыз, карлук тобынан бір-бір тілді алып сөздік тізсе, бұлардың арасындағы бірыңғайлық пен айырмашылықтың көлемі мен сипаты мейлінше айқындала түспек, қайсыбір терминдерді саралауға, ортақ ұғымдарды екшеуге, сөйтіп тілдердің бұдан былай жақындасуына мүмкіндік молаймақ. Біздің бүгінде кейде тосырқап, кейде түсінбей жүрген сөздеріміздің біразы бір түбірден шыққанын ондай сөздіктер нақтылы ұқтырар еді." (71-бет). Дүниеде озбырлықты көп көрген, бодандықтың ащы дәмін татқан, қисапсыз әділетсіздіктерден санасы сансыраған, тұла бойы қалжыраған сәтінде егемендікке ие болып, аждаһаның аузына жұтылып кетуден әупірімдеп аман қалған қазақ халқының өкілі ретінде, жай ғана өкілі емес, халықтың өзіндік болмысын, тілін, дінін сақтау мақсатына өмірін арнаған азамат ретінде Рақаң озбырлық біткенге бей-жай қарай алмайды. Мұны аталған кітапты парақтағанда айқын аңғаруға болады. Халықтарды бір-біріне айдап салу, күшпен жаулап алу, өзге елдің аумағына жымын білдірмей, мысықтабандап ену, құлдыққа бас игендерді ішке тарту, оларды дүние-мүлікпен қызықтыру, қорлыққа көнбегендерді қудалау, жазалау, жерін тартып алу, еріксіз шоқындыру тәрізді тағы басқа толып жатқан айла-шарғымен үлесін ұлғайтқан Ресейдің зымиян саясатының зардабын тартқан татар, ноғай, құмық, қарашай, малқар, қарайым сияқты түркі тілдес халықтардың өмірінен жазған мақалаларында олардың өткендегі аянышты тағдырын, кейбіреуінің бүгінгі күні жойылып кетудің сәл-ақ алдында тұрған мүшкіл хәлін жанашырлықпен әңгімелейді, отаршылдардың өзге халықты жаулап алып қана қоймай, оны өзіне сіңіру не мүлде жойып жіберу үшін адам жанын түршіктіретін небір сорақылықтарға барғанын ашына жазады.
22.07.2013 10:37 3042

Ғалым қазақта бар "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр" эпостық жырларының, "Едіге батыр", "Ер Қосай", "Ер Сайын", "Бозжігіт", "Бозұғлан" дастандарының, Алдар Көсе, Жиренше, Қожанасыр туралы ертегілік аңыздардың, тойбастар, айтыс, аужар, сыңсу, жоқтау, бесік жыры, терме, толғау тәрізді ауыз әдебиеті жанрларының қарақалпақта да қайталануы қарақалпақ пен қазақтың тегі мен тағдыры ғана емес, күллі ақындық, шешендік өнер жүйесі, тілдік өлең кестесі, теңеме, баламалары, ой толғамдары, шалқыған биік поэзиялық мәдениеті егіз екеніне шүбә келтірмейді.

Түркмен, башқұрт халықтарының ауыз әдебиеті жөнінде әңгімелегенде де автор түбі бір туысқан елдерді жақындастыра түсудің жолдарын қарастырып, құнды пікірлер айтады. Бір мезет бауырлас жұрттар фольклор шығармаларының тілін салыстыра тексеру арқылы көптеген көмескі ұғымдардың дәл мәнін табуға болатынын еске салады. "Біздің тілші мамандарымыз түркі тілдерінің салыстырма сөздіктерін жасауға кіріссе, аса пайдалы тарихи жұмыс болар еді. – деп жазады ғалым "Түркмен толғауы" деген мақаласында, - Айталық қыпшақ, оғыз, карлук тобынан бір-бір тілді алып сөздік тізсе, бұлардың арасындағы бірыңғайлық пен айырмашылықтың көлемі мен сипаты мейлінше айқындала түспек, қайсыбір терминдерді саралауға, ортақ ұғымдарды екшеуге, сөйтіп тілдердің бұдан былай жақындасуына мүмкіндік молаймақ. Біздің бүгінде кейде тосырқап, кейде түсінбей жүрген сөздеріміздің біразы бір түбірден шыққанын ондай сөздіктер нақтылы ұқтырар еді." (71-бет).

Дүниеде озбырлықты көп көрген, бодандықтың ащы дәмін татқан, қисапсыз әділетсіздіктерден санасы сансыраған, тұла бойы қалжыраған сәтінде егемендікке ие болып, аждаһаның аузына жұтылып кетуден әупірімдеп аман қалған қазақ халқының өкілі ретінде, жай ғана өкілі емес, халықтың өзіндік болмысын, тілін, дінін сақтау мақсатына өмірін арнаған азамат ретінде Рақаң озбырлық біткенге бей-жай қарай алмайды. Мұны аталған кітапты парақтағанда айқын аңғаруға болады.

Халықтарды бір-біріне айдап салу, күшпен жаулап алу, өзге елдің аумағына жымын білдірмей, мысықтабандап ену, құлдыққа бас игендерді ішке тарту, оларды дүние-мүлікпен қызықтыру, қорлыққа көнбегендерді қудалау, жазалау, жерін тартып алу, еріксіз шоқындыру тәрізді тағы басқа толып жатқан айла-шарғымен үлесін ұлғайтқан Ресейдің зымиян саясатының зардабын тартқан татар, ноғай, құмық, қарашай, малқар, қарайым сияқты түркі тілдес халықтардың өмірінен жазған мақалаларында олардың өткендегі аянышты тағдырын, кейбіреуінің бүгінгі күні жойылып кетудің сәл-ақ алдында тұрған мүшкіл хәлін жанашырлықпен әңгімелейді, отаршылдардың өзге халықты жаулап алып қана қоймай, оны өзіне сіңіру не мүлде жойып жіберу үшін адам жанын түршіктіретін небір сорақылықтарға барғанын ашына жазады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға