Жаңалықтар

Ғалымның айрықша шабыттанып кететіні бар

Мұндай әңгімелер арқау болған жерлерде ғалымның айрықша шабыттанып кететіні бар. Түбі бір халықтардың тарихтағы тату болған, берекелі кезеңдерін сағынышпен еске алып, бүгінгі ұрпаққа ғибрат етеді, ауызбірлігінен жаңылып, тоз-тозы шыққан тұстарын, ұрымтал сәтті аңдыған дұшпанның қатігез озбырлығын өзегі өртене отырып қағазға түсіреді. Мәселен, өзбек пен қазақтың әу баста бір ұлт болғандығын дәлелдейтін тың да тосын, таныс та бейтаныс деректер келтіреді. Ғалым аталған деректерді тағы да өзінің өмір бойы зерттеп жүрген саласы – ауыз әдебиетінен табады. "Фольклордың эпос, ертегі, аңыз, мақал-мәтел секілді жанрларындағы ұқсастық пен үндестік тіпті мол. – деп жазады автор, - Олар халықтарымыздың арасындағы тарихи-генетикалық, тарихи-мәдени қарым-қатынастардың күрделі болғанын байқатады… Қазақтың классикалық қаһармандық эпосы "Алпамыс батырдың" өзбектер арасында да даңққа бөленіп отыруы осы жырды шығарушы, айтушы, дамытушылар қазақ, өзбек құрамындағы рулар екенін дәлелдейді. Ертеде өзбектер той үстінде "жар-жар" айтқаны, домбыра, қобыз тәрізді саздық аспаптардың күні бүгінге дейін өзбектер арасында сақталып келуі халықтарымыздың бір кезде "қазақ-өзбек" немесе "өзбек-қазақ" болып келген кезеңінің куәгерлері." (53-бет). Ал қарақалпақ пен қазақтың етенелігін, тіпті егіздің сыңарындай екендігін дәлелдейтін деректердің мұнан да көптігіне ғалым өзінің "Қарақалпақ қазынасы" деген шағын мақаласында көз жеткізеді. Ел арасын алыстатқысы келетіндер қаншама тырысып, бұл халықтардан "айырмашылықтар" іздегенімен, ежелгі түбі бірге туысқандық көрінбей, байқалмай тұрмайтындығын, анық түбірлестікті іздеген адам, қолдан жасалған жалған теориясымақтарға жүгінбей, халық даналығы жасаған ауыз әдебиеті ескерткіштерін оқуы керектігін қадап айтады. Шынында да, тарихқа үңілсек, ежелден тағдыры ортақ елдің Алтын Орда, Ноғай Ордасы тұсындағы тығыз қарым-қатынасын былай қойғанда, қарақалпақтар ХҮІІ ғасырдың соңынан ХҮІІІ ғасырдың орта шеніне дейін Сырдария бойында өмір сүрген. Осының өзі-ақ түбі бірге туыстықтың сырын біршама айқындайды. Екі халықтың етене туыстығы әсіресе "Қарақалпақ фольклорының" жиырма томдығында анық көрініс береді. Ғалым ауыз әдебиетінің барша жанры қамтылған осы томдардан мысалдар келтіре отырып, көптеген қазыналардың екі халыққа да ортақ болып келетінін, мұның өзі арғы түбіміздің бір екендігін тағы да дәлелдей түсетінін сүйсіне баяндайды.
22.07.2013 10:35 3270

Мұндай әңгімелер арқау болған жерлерде ғалымның айрықша шабыттанып кететіні бар. Түбі бір халықтардың тарихтағы тату болған, берекелі кезеңдерін сағынышпен еске алып, бүгінгі ұрпаққа ғибрат етеді, ауызбірлігінен жаңылып, тоз-тозы шыққан тұстарын, ұрымтал сәтті аңдыған дұшпанның қатігез озбырлығын өзегі өртене отырып қағазға түсіреді. Мәселен, өзбек пен қазақтың әу баста бір ұлт болғандығын дәлелдейтін тың да тосын, таныс та бейтаныс деректер келтіреді. Ғалым аталған деректерді тағы да өзінің өмір бойы зерттеп жүрген саласы – ауыз әдебиетінен табады. "Фольклордың эпос, ертегі, аңыз, мақал-мәтел секілді жанрларындағы ұқсастық пен үндестік тіпті мол. – деп жазады автор, - Олар халықтарымыздың арасындағы тарихи-генетикалық, тарихи-мәдени қарым-қатынастардың күрделі болғанын байқатады… Қазақтың классикалық қаһармандық эпосы "Алпамыс батырдың" өзбектер арасында да даңққа бөленіп отыруы осы жырды шығарушы, айтушы, дамытушылар қазақ, өзбек құрамындағы рулар екенін дәлелдейді. Ертеде өзбектер той үстінде "жар-жар" айтқаны, домбыра, қобыз тәрізді саздық аспаптардың күні бүгінге дейін өзбектер арасында сақталып келуі халықтарымыздың бір кезде "қазақ-өзбек" немесе "өзбек-қазақ" болып келген кезеңінің куәгерлері." (53-бет).

Ал қарақалпақ пен қазақтың етенелігін, тіпті егіздің сыңарындай екендігін дәлелдейтін деректердің мұнан да көптігіне ғалым өзінің "Қарақалпақ қазынасы" деген шағын мақаласында көз жеткізеді. Ел арасын алыстатқысы келетіндер қаншама тырысып, бұл халықтардан "айырмашылықтар" іздегенімен, ежелгі түбі бірге туысқандық көрінбей, байқалмай тұрмайтындығын, анық түбірлестікті іздеген адам, қолдан жасалған жалған теориясымақтарға жүгінбей, халық даналығы жасаған ауыз әдебиеті ескерткіштерін оқуы керектігін қадап айтады.

Шынында да, тарихқа үңілсек, ежелден тағдыры ортақ елдің Алтын Орда, Ноғай Ордасы тұсындағы тығыз қарым-қатынасын былай қойғанда, қарақалпақтар ХҮІІ ғасырдың соңынан ХҮІІІ ғасырдың орта шеніне дейін Сырдария бойында өмір сүрген. Осының өзі-ақ түбі бірге туыстықтың сырын біршама айқындайды.

Екі халықтың етене туыстығы әсіресе "Қарақалпақ фольклорының" жиырма томдығында анық көрініс береді. Ғалым ауыз әдебиетінің барша жанры қамтылған осы томдардан мысалдар келтіре отырып, көптеген қазыналардың екі халыққа да ортақ болып келетінін, мұның өзі арғы түбіміздің бір екендігін тағы да дәлелдей түсетінін сүйсіне баяндайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға