Жаңалықтар

Түркі тілдес халықтар арасындағы сабақтастықтар

Тарихтың белестерін, ескі ұғымдар мен салттардың тізбегін, адамдардың өзін, оның қоршаған орта, табиғат, қоғам туралы түсінігін ерекше тәсілмен баяндайтын аса бағалы мұра – эпос-жырларды зерттеу объектісіне айналдыра отырып ғылыми пайымдаулар жасайды. Мысалы, кітаптағы "Алтайды аралап қайтқанда" деген еңбегінде автор былай деп жазады: "Қазақ пен Алтайдың көне туыстығын әйгілейтін фактілер, әсіресе ауыз әдебиеті нұсқаларында жиірек ұшырайды… Қазіргі кезде алтай фольклорының он томы алтай тілінде, кейбір эпос нұсқалары орыс тілінде шығарылып отыр. Сол кітаптарды ашып қарасақ, біздің халықтарымыздың ежелгі поэзиясында ұқсастық, тіпті, бірдейлік қаншалық көп екеніне көз жетеді. Жеке жолдар, шумақтар, тіркестер, бейнелеу жүйесіндегі бірыңғайлықты айтпағанда, үлкен-үлкен жырлар мен ертегілердің, аңыздардың ұқсастықтарын да кездестіреміз. "Алпамыс" жырына сарындас сюжет алтайлықтарда "Алып Манаш" деп аталады. Ал қазақтардың "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" жырын еске салатын әңгімелер де алтайлықтарда бір емес, әлденешеу екені анықталып отыр… Ең ғажап нәрсенің бірі – жырымыздың өлшемі, ырғағы, ұйқасы, бейнелеуі көп ретте бірдей болып келушілігі." (11-12-беттер). Түркі тілдес халықтар арасындағы осындай сабақтастықтарды ол ұйғыр, хакас, тоба, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркмен әдебиеті мен мәдениетін зерделеген кезде де ортаға салады. Айталық, "Өркениетке үлес қосқан ел" деген туындысында ұйғырлардың бір кездері жазу-сызуы, ежелгі мәдениеті бар іргелі ел болғанын, түрік халықтарына ортақ ескерткіш болып табылатын Баласағұн мен Қашғарлының "Құтты білігі", "Түрік тілдерінің сөздігі" өзгелерден гөрі ұйғыр диалектісіне жақын екендігін, ұйғыр халқы тарихының фольклор мен жазба әдебиетке байлығын нақты мысалдар келтіре отырып әңгімелесе, "Жырда сақталған сыр" деген келесі еңбегінде хақастың "Алтын-Арығ" ("Алтын ару") деген қаһармандық эпосына талдау жасай отырып, хақас эпосы құрылысының өзге түрік халықтарының, соның ішінде қазақ қаһармандық жырларымен типологиялық үндестігін көрсетеді. Ал "Құрылықтың кіндігінде" деген мақаласында оқырманды тоба халқының тарихы мен мәденитінен хабардар етеді. "Түрік эпосы" деп аталатын ұланғайыр мол көркемдік байлықтың ішінде тобалардың үлесі аз емес екенін айта келіп автор: "Халықтар мен халықтар, мәдениеттер мен мәдениеттер арасындағы байланыстарды салыстырып тексерудің жолдары көп. Ұқсастық, үндестік бірде көне заттық ескерткіштерден көрінсе, екінші бір тұста ескі наным-сенім жағынан аңғарылады. Қазақтар мен тобалардың бір алуан рухани туыстығы музыкалық фольклор тарапынан табылғандай екен…
22.07.2013 10:29 17429

Тарихтың белестерін, ескі ұғымдар мен салттардың тізбегін, адамдардың өзін, оның қоршаған орта, табиғат, қоғам туралы түсінігін ерекше тәсілмен баяндайтын аса бағалы мұра – эпос-жырларды зерттеу объектісіне айналдыра отырып ғылыми пайымдаулар жасайды. Мысалы, кітаптағы "Алтайды аралап қайтқанда" деген еңбегінде автор былай деп жазады: "Қазақ пен Алтайдың көне туыстығын әйгілейтін фактілер, әсіресе ауыз әдебиеті нұсқаларында жиірек ұшырайды… Қазіргі кезде алтай фольклорының он томы алтай тілінде, кейбір эпос нұсқалары орыс тілінде шығарылып отыр. Сол кітаптарды ашып қарасақ, біздің халықтарымыздың ежелгі поэзиясында ұқсастық, тіпті, бірдейлік қаншалық көп екеніне көз жетеді. Жеке жолдар, шумақтар, тіркестер, бейнелеу жүйесіндегі бірыңғайлықты айтпағанда, үлкен-үлкен жырлар мен ертегілердің, аңыздардың ұқсастықтарын да кездестіреміз. "Алпамыс" жырына сарындас сюжет алтайлықтарда "Алып Манаш" деп аталады. Ал қазақтардың "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" жырын еске салатын әңгімелер де алтайлықтарда бір емес, әлденешеу екені анықталып отыр… Ең ғажап нәрсенің бірі – жырымыздың өлшемі, ырғағы, ұйқасы, бейнелеуі көп ретте бірдей болып келушілігі." (11-12-беттер).

Түркі тілдес халықтар арасындағы осындай сабақтастықтарды ол ұйғыр, хакас, тоба, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, түркмен әдебиеті мен мәдениетін зерделеген кезде де ортаға салады. Айталық, "Өркениетке үлес қосқан ел" деген туындысында ұйғырлардың бір кездері жазу-сызуы, ежелгі мәдениеті бар іргелі ел болғанын, түрік халықтарына ортақ ескерткіш болып табылатын Баласағұн мен Қашғарлының "Құтты білігі", "Түрік тілдерінің сөздігі" өзгелерден гөрі ұйғыр диалектісіне жақын екендігін, ұйғыр халқы тарихының фольклор мен жазба әдебиетке байлығын нақты мысалдар келтіре отырып әңгімелесе, "Жырда сақталған сыр" деген келесі еңбегінде хақастың "Алтын-Арығ" ("Алтын ару") деген қаһармандық эпосына талдау жасай отырып, хақас эпосы құрылысының өзге түрік халықтарының, соның ішінде қазақ қаһармандық жырларымен типологиялық үндестігін көрсетеді. Ал "Құрылықтың кіндігінде" деген мақаласында оқырманды тоба халқының тарихы мен мәденитінен хабардар етеді. "Түрік эпосы" деп аталатын ұланғайыр мол көркемдік байлықтың ішінде тобалардың үлесі аз емес екенін айта келіп автор: "Халықтар мен халықтар, мәдениеттер мен мәдениеттер арасындағы байланыстарды салыстырып тексерудің жолдары көп. Ұқсастық, үндестік бірде көне заттық ескерткіштерден көрінсе, екінші бір тұста ескі наным-сенім жағынан аңғарылады. Қазақтар мен тобалардың бір алуан рухани туыстығы музыкалық фольклор тарапынан табылғандай екен…

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға