Көкшетауда тегін ойын кешені ашылды
Көкшетауда қалалық орталық мәдениет және демалыс саябағында заманауи ойын кешені ашылды. Облыстық әкімдіктен хабарлағандай, балаларға арналған жаңа ойын кешені «Қалаға тарту» бастамасының шеңберінде салынған. Бұл - «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ның балғындарға жасаған тосын сыйы. Өңірде соңғы жылдары балалар мекемелерін, алаңқайларды салу әлеуметтік әріптестіктің басым бағытына айналып отыр. Айта кеткен жөн, жаңа аттракциондар тегін. ҚазАқпарат.
19.07.2013 08:06
3432
Облыстық әкімдіктен хабарлағандай, балаларға арналған жаңа ойын кешені «Қалаға тарту» бастамасының шеңберінде салынған. Бұл - «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ның балғындарға жасаған тосын сыйы.
Өңірде соңғы жылдары балалар мекемелерін, алаңқайларды салу әлеуметтік әріптестіктің басым бағытына айналып отыр.
Айта кеткен жөн, жаңа аттракциондар тегін.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:
