Дубайда арықтаған адамдарға алтын үлестіріп жатыр
Дубайда "Сенің салмағың - алтын" деген атаумен ерекше байқау басталды. Оның шарты бойынша операциясыз жоғалтқан әрбір келі үшін қатысушыға ұйымдастырушылар 1 грамм алтын сыйға береді. Ал, байқау өз мәресіне жеткеннен кейін алғашқы үш орынды иеленген жандарға құны 5,5 мың АҚШ долларын құрайтын алтын құймалары тарту етілмек. Аталған шара мемлекет тарапынан өткізіліп отыр. Мақсаты - халықты салауатты өмір салтына насихаттап, семіздікпен күресу. Өйткені, Батыстың басты проблемасына айналған семіздік дерті қазір араб елдеріне де жетіп отыр. Baq.kz
18.07.2013 09:44
3400
Дубайда "Сенің салмағың - алтын" деген атаумен ерекше байқау басталды. Оның шарты бойынша операциясыз жоғалтқан әрбір келі үшін қатысушыға ұйымдастырушылар 1 грамм алтын сыйға береді.
Ал, байқау өз мәресіне жеткеннен кейін алғашқы үш орынды иеленген жандарға құны 5,5 мың АҚШ долларын құрайтын алтын құймалары тарту етілмек.
Аталған шара мемлекет тарапынан өткізіліп отыр. Мақсаты - халықты салауатты өмір салтына насихаттап, семіздікпен күресу. Өйткені, Батыстың басты проблемасына айналған семіздік дерті қазір араб елдеріне де жетіп отыр.
Baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қытайдың қазақ актерлері қазақстандық жаңа телехикаяға түседі
Келесі жаңалық
Жел, тұман, көктайғақ: 24 ақпанға арналған ауа райы болжамы