Парақорды ұстасаңыз $600 сыйақы аласыз
Ақтөбеде мемсанэпидқадағалау басқармасында пара алу туралы мәлімет берген жергілікті тұрғынға қаржы полициясының қызметкерлері $573 сыйақы берді. Қаржы полициясының ақпараты бойынша, мемлекеттік мекеменің бас маманы Ақтөбе теміржол вокзалында сауда нүктесін ашуға рұқсат беруге уәде етіп, $200 пара алған. Қаржы полициясы қылмыскерді тұтқындап, оның үстінен ҚР ҚК 312-бабы («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол 3 жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Қазір сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат берген тағы 2 азаматты марапаттау мәселесі шешіліп жатыр. Олар шамамен 200 мың теңге алуы тиіс. Baq.kz
17.07.2013 09:21
3208
Ақтөбеде мемсанэпидқадағалау басқармасында пара алу туралы мәлімет берген жергілікті тұрғынға қаржы полициясының қызметкерлері $573 сыйақы берді.
Қаржы полициясының ақпараты бойынша, мемлекеттік мекеменің бас маманы Ақтөбе теміржол вокзалында сауда нүктесін ашуға рұқсат беруге уәде етіп, $200 пара алған. Қаржы полициясы қылмыскерді тұтқындап, оның үстінен ҚР ҚК 312-бабы («Пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғады. Ол 3 жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айырылды.
Қазір сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат берген тағы 2 азаматты марапаттау мәселесі шешіліп жатыр. Олар шамамен 200 мың теңге алуы тиіс.
Baq.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
В столице стали больше производить железнодорожные вагоны