Жаңалықтар

EXPO-2017: Әлем Астананы таңдады

Сүйінші, халайық! Алашымның Астанасы әлемді тағы да мойындатты. Бүгін, қарашаның 22-сінде Франция астанасы Париж қаласында Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы өтіп, онда әлемнің 161 мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын Астанаға алып берді. Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы-мемлекеті Астананы қолдап, 44-і «қарсы» дауыс берді. Бұның өзі – Қазақстан елордасының айқын жеңісі. Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі хабарлады. Бұған дейін де хабарланғанымыздай, жаһандық шараны жүзеге асыру құқығын иеленуге Қазақстанның Астанасымен бірге Белгияның Льеж қаласы үміттеніп, екеуара бәсекеге түсіп, бақ сынасқан болатын. Сөйтіп, бұған дейін де әлем жұртшылығын әсемдігімен өзіне тартып келген, халықаралық шараларды өткізу тәжірибесімен тәнті еткен Елорда жаһандық деңгейде тағы бір маңызды жауапкершілікті өз мойнына алды. Айта кетерлік тағы бір жайт, Бас қаламызда өтетін ЕХРО-2017 Орталық Азия өңірінде ғана емес, ТМД-да өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болмақ.  Ал әлем елдерінің кеңінен қолдауына ие болып, шет мемлекеттерді мойындату үшін Астана қандай жолдан өтті? Өзінің қарсыласы Льежбен күресте қандай артықшылықтармен басымдыққа ие болды? Бұл сауалға жауап қату үшін Астананың EXPO-2017 жолындағы тарихына тағы бір үңілсек. Қазақстан Халықаралық көрме бюросының мүшелігіне 1997 жылы қабылданған болатын. Сонымен қатар, алғаш рет Қазақстан жалауы 1998 жылы Лиссабонда өткен EXPO-ның Халықаралық мамандырылған көрмесінде көтерілді. Бұдан бөлек, белсенді экспонент ретінде Қазақстан EXPO-ға 2005 жылдан бері қатысып келеді. Дәл осы жылы көрме Жапонияның Аичи қаласында өткен болатын. Испанияның Сарагос қаласында өткен EXPO-2008 көрмесінде Қазақстан павильоны С санаты бойынша ІІІ орынға ие болғаны да белгілі. Ал Қытайдың Шанхай қаласындағы EXPO-2010 көрмесінде Қазақстан павильонын жарты миллионнан астам адам аралап көрген еді. Ағымдағы жылы Қазақстан Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласына өткен EXPO-2012 көрмесіне де белсенді қатысты. Ал үміткер болу тарихына келер болсақ, былтыр, 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев Бюроның Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесіп, ҚР Премьер-Министрінің қолы қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырған болатын. Сөйтіп былтырғы 10 маусымнан бастап Казақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау нақанына кірісіп, кейіннен өтінім құжаттамасы (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындалып, Халықаралық көрмелер бюросына тапсырылды. Бюро талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласы әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн. адамды қабылдайтындай шамасы болу керек. Қазақстан халықаралық көрме тақырыбын «Болашақ энергиясы» деп таңдаған болатын. Бұндай тақырыптың таңдалуының да өзіндік ерекшеліктері ғана емес, жаһандық өзектілігі де баршылық. Мәселен, орнықты дамуға көшу, баламалы энергия көздеріне ізденістер проблемасы әлемдік қоғамдастық тарапынан біршама жылдар бойы көтеріліп келеді. Жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығы да жылдан-жылға артып келетіні айтпаса да түсінікті. Техногендік апаттардың салдары жылдан-жылға ауырлап және болжамдау шеңберінен де шығып жатыр. Мәселен, Мексика бұғазындағы мұнай платформасында орын алған алапат апат, «Фукусима» атом электр стансасының қасіреті экологиялық таза әрі барынша қауіпсіз, сондай-ақ жеңіл қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану жөніндегі мәселені жаһан жұртшылығының алдына кесе көлденең тартады. Сондықтан да әлемдік ғылым үшін де, әлемдік экономика үшін де ең басты міндет – болашақ энергиясы болып табылады. Бұл ретте Астананың «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдау арқылы жаһандық мәселені көтеріп отырғанын айтуымыз керек. Сонымен қатар, осы тақырып арқылы Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада баламалы қуат көздері саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды, инноваторлар, ғалымдарды жинауға ұмтылады. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар баламалы әрі жаңартылатын күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл бағытта жаңа технологияларды іздеу ел үшін басым міндет болып табылады және Қазақстан Үкіметінің қолдауымен іске асырылады. Мысалы, жел энергиясын пайдалану жұмыстары 2004 жылдан бері БҰҰ Даму бағдарламасымен бірге жүргізіліп, жүзеге асып келеді. Бұдан бөлек, «Назарбаев Университетінде» бейіндік зерттеу орталығы, соның ішінде Альтернативтік энергия орталығы құрылған болатын. Астананың артықшылықтары туралы айтқанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтың Париждегі баспасөз мәслихатында жасаған мәлімдемесін де алға тартуға болады. Онда Қайрат Нематұлы болашақта Қазақстан Мыңжылдықты дамыту және орнықты дамыту мақсаттары аясындағы мәселелерді шешуді көздейтінін, өйткені бұл идеялар қазақстандық тарапқа жақын болып табылатынын айтқан еді. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл көпір» бастамасын іске қосты. Соңғы «Рио+20» конференциясында бұл бастама өзінің өзектілігін тағы да дәлелдеді. Мәселе «жасыл экономиканы» тек Еуропада ғана емес, бүкіл әлемде дамыту бойынша еуропалық бастама туралы болып отыр. Астана әлемдегі «жасыл экономиканың» осындай орталығы болуға ниетті», - деп атап өткен болатын Вице-премьер Қайрат Нематұлы. Бұдан басқа, Астана кандидаттығына маңызды дәлелдер арасында Қайрат Келімбетов Қазақстанның Ресей және Қытаймен шекаралас екендігін, халық саны көп Үндістанмен де алшақта емес екенін атап өтті. Бұл 2,5 миллиард адам үшін Астанаға «жасыл экономиканы» дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісу бойынша өзара байланысып, сапар жасауға мүмкіндік болады. Жалпы осы Париждегі соңғы баспасөз мәслихатында 2017 жылы EXPO Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге үміткер қалалар – Астана және Льеж өздерінің артықшылықтары туралы айтысқан болатын. Осы бағытта Премьер-Министр орынбасары Қайрат Келімбетов Льеж қаласы өтінімінің негізгі артықшылығы EXPO көрмесін 6 рет өткізген Бельгияның тәжірибелігінде деп айтқан еді. «Бұл үлкен институционалдық тәжірибе. Менің ойымша, Бельгия кемел мемлекет ретінде бүкіл әлем бойынша дипломатиялық өкілдіктердің кең желісіне ие. Сондықтан бельгиялық «дауыс» бізге қарағанда жақсырақ естілуі мүмкін», - деді Қайрат Нематұлы. Астананың тағы бір артықшылығы қазақстандық тараптың өтінімі дамыған әрі дамушы елдердің мүддесіне сай келеді. Өйткені, ондай дамуы әртүрлі елдердің Астанада кездесуі мыңжылдықтың ғаламдық мақсаттарға бірлесіп қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, Льеж қаласының мэрі Вилли Демейер (Willy Demeyer) Астана өтінімінің басты артықшылығы ретінде «егер Астана жеңсе көрменің азиялық құрлықта өткізілетінінде» екенін атап өткен болатын. «Халықаралық көрмелер бюросы – 161 мүше-мемлекеттен тұратын жаһандық ұйым. Бұл ретте түрлі үміткерлер әлемнің әр алуан тұстарынан болуы да аса маңызды. Меніңше, бұндай мәселе Ұйымның өзін тек байыта, дамыта түсетіні айқын. Сонымен қатар, Қазақстанмен өзара әрекеттестік бізге басқа әлемді көруге мүмкіндік береді. Біз қазақстандық делегациямен бүкіл адамзат прогресі үшін жұмыс істеудеміз», - деп атап өтті Льеж қаласының мэрі Вилли Демейер. Осы тұста еске сала кететін жайт, Астанамен бірге бәсекеге түскен Льеж «Әлем мен адамзатты біріктірейік» тақырыбын ұсынған болатын. Ал Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов «EXPO-2017 көрмесінің Астанада өткізілуі – Қазақстанда ғана емес, онымен көршілес елдердегі «экономикалық сағаттың» жүрісін өзгерте алатын тарихи маңызды оқиға болып табылады» деген пікір білдірген еді. «Астана – болашаққа ұмтылған жастық шақ энергиясының өмірлік ырғағын айқындайтын қала. Небары 14 жылда елорда маңыздылығы бойынша жүзжылдықпен өлшенетін елеулі қадам жасай алды. Осы уақытта қала халқының саны 2,5 есеге өсті. Аймақтың жалпы өнімінің көлемі 90 есеге өсті. Біз қаланы дамыту үшін 30 есе көп инвестиция тарттық. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 11 есеге өсті. Сонымен қатар, Астанада әлемге танымал сәулетшілердің ең керемет дизайнерлік ойлары іске асырылды», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов. Қала әкімінің айтуынша, халықаралық көрме кешені де бірегей туынды болмақ. Сондай-ақ, сарапшылар бағалауынша Астанада өткізілетін EXPO-2017 көрмесін тамашалауға елордаға бес миллионнан астам адам келеді. Дегенмен, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтың айтуынша, Астанаға келетін адамдардың саны емес, көрме аясында өткізілуі жоспарланып отырған шаралардың әлемдік үдерістер барысына қалай әсер ететіні баса маңызды болмақ. «Біздің алға қойған мақсаттар - мыңжылдықты дамыту, орнықты әлемдік даму мақсаттары, «жасыл экономика» мен «жасыл энергетиканы» дамыту мақсаттары», - дейді Қайрат Нематұлы. Оның сөзіне қарағанда, бұл мақсаттарға Қазақстан Үкіметі 62 миллион еуро бөледі. Сөйтіп, өзінің артықшылықтарымен Бельгияның Льеж қаласынан басым түскен Астана 2017 жылы өтетін ауқымды шараға бүгіннен бастап кірісетін болады. Осынау Астанадағы көрмеге 100-ден астам қатысушы мемлекеттер жиналады, соның ішінде 10-ға жуық әлемнің жетекші ұйымдары болады деп болжанады. Үш айға ұласатын павильондарда 5 миллионға жуық адам келіп қайтса, бұның өзі зор міндет, ауқымды жұмысты талап ететіні айтпаса да түсінікті. Айта кетерлігі, EXPO-2017 Халықаралық көрмесі үшін Астана әкімдігі жалпы ауданы 113 гектар жер учаскесін белгілеп қойған болатын. Соның ішінде 25 гектар аумақ – кешеннің өзі болса, қалған бөлігі көліктерді қоюға және сыртқы жабдықтауға, сондай-ақ EXPO-қалашыққа арналатыны жоспарланған. Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов көрме қалашығының EXPO өткізілген соң да қолданылатынына сенім білдіреді. Оның айтуынша, EXPO-қалашығы болашақ қаланың нақты көріністеріне де айналады. EXPO көрмесін өткізген соң кешенде ғылым, табиғат, мәдени мұра орталықтары орналасатын көпбейінді кеңістік құру да жоспарланыпты. Сонымен бірге, «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін EXPO көрмесі аумағының ерекшелігі мен артықшылығы, оның жаңғырмалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуінде болмақ. Әзірге белгілісі көрменің аумағында – Өмір, Бейбітшілік, Сана, Ғарыш атты 4 тақырыптық павильон орналастырылады. Астананың таңдауы айқындалған ендігі күні Қазақстанның алдында EXPO көрмесіне арналған үлкен аумақты жайландыру жұмыстары тұр. «Құрылысқа инвестициялар тарту, өз инвестицияларымызды, мемлекеттік инвестицияларды салу бойынша белсенді жұмыстар күтіп тұр бізді. Бұдан басқа, EXPO көрмесін өткізгеннен кейін Астанаға енгізілетін бүкіл капиталды пайдалану сияқты үлкен міндетттер де баршылық. Жалпы бұл Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ EXPO көрмесіне қатысатын мемлекеттердің де ғылым мен техникасының қазіргі заманғы жетістіктерін көрсететін, үлкен көрме кешені болмақ», - дейді ИманғалиТасмағамбетов. Сөйтіп, Астана қаласының әкімдігі алдағы уақытта жай ғана көрме орталығын емес, ғылыми зерттеулер орталығын жасауға тырысады. «EXPO көрмесін – бүгінгі күннің жетістіктері атты бір тақырып бойынша ғана өткізу – негізгі мақсат емес. Негізгі мақсат – осы тақырып бойынша болашақта өте жақсы нәтижелер беретін, одан арғы зерттеулер жүргізуде», - дейді елорда әкімі. Жалпы, EXPO 2017 өтінім науқанына қатысудан бастап, әлемнің көптеген мемлекетінің қолдауын иеленгенге дейінгі аралықта Қазақстан барынша көп тәжірибе жинады, өз ізденісіне қажетті нәрселер таба алды. Өз кандидатурасын жылжыту арқылы науқан барысында Қазақстан сөзсіз, Халықаралық көрме бюросының айтарлықтай барлық мүше-мемлекеттерімен дипломатиялық және сауда-экономикалық қатынастарын орнатуда ілгері қадам жасады. Үгіт науқаны барысында еліміздің өкілдері ұйымға мүше мемлекеттердің барлығына дерлік барып шықты. Тынбастан төгілген тердің нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл 20-жылдық тарихында бұрын-соңды болып көрмеген тағы бір белес бағынды. Көптеген елдер, өтінім беру барысында Астана қаласы инфрақұрылымның даму деңгейін, қала халқының өмір деңгейі және жалпы, Қазақстан экономикасының даму жайы жөнінде жоғары пікірге ие болды. Ендігі күні асығы алшысынан түскен Астанаға «Іске сәт!» деп тілеу ғана қалып отыр.
22.11.2012 20:23 5058

Сүйінші, халайық! Алашымның Астанасы әлемді тағы да мойындатты. Бүгін, қарашаның 22-сінде Франция астанасы Париж қаласында Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының 152-ші сессиясы өтіп, онда әлемнің 161 мемлекеті жасырын дауыс беру арқылы EXPO-2017 көрмесін өткізу құқығын Астанаға алып берді. Халықаралық көрмелер бюросының 103 қатысушы-мемлекеті Астананы қолдап, 44-і «қарсы» дауыс берді. Бұның өзі – Қазақстан елордасының айқын жеңісі. Бұл туралы BNews.kz ақпараттық агенттігі хабарлады.

Бұған дейін де хабарланғанымыздай, жаһандық шараны жүзеге асыру құқығын иеленуге Қазақстанның Астанасымен бірге Белгияның Льеж қаласы үміттеніп, екеуара бәсекеге түсіп, бақ сынасқан болатын. Сөйтіп, бұған дейін де әлем жұртшылығын әсемдігімен өзіне тартып келген, халықаралық шараларды өткізу тәжірибесімен тәнті еткен Елорда жаһандық деңгейде тағы бір маңызды жауапкершілікті өз мойнына алды. Айта кетерлік тағы бір жайт, Бас қаламызда өтетін ЕХРО-2017 Орталық Азия өңірінде ғана емес, ТМД-да өткізілетін алғашқы халықаралық көрме болмақ. 

Ал әлем елдерінің кеңінен қолдауына ие болып, шет мемлекеттерді мойындату үшін Астана қандай жолдан өтті? Өзінің қарсыласы Льежбен күресте қандай артықшылықтармен басымдыққа ие болды? Бұл сауалға жауап қату үшін Астананың EXPO-2017 жолындағы тарихына тағы бір үңілсек.

Қазақстан Халықаралық көрме бюросының мүшелігіне 1997 жылы қабылданған болатын. Сонымен қатар, алғаш рет Қазақстан жалауы 1998 жылы Лиссабонда өткен EXPO-ның Халықаралық мамандырылған көрмесінде көтерілді. Бұдан бөлек, белсенді экспонент ретінде Қазақстан EXPO-ға 2005 жылдан бері қатысып келеді. Дәл осы жылы көрме Жапонияның Аичи қаласында өткен болатын. Испанияның Сарагос қаласында өткен EXPO-2008 көрмесінде Қазақстан павильоны С санаты бойынша ІІІ орынға ие болғаны да белгілі. Ал Қытайдың Шанхай қаласындағы EXPO-2010 көрмесінде Қазақстан павильонын жарты миллионнан астам адам аралап көрген еді. Ағымдағы жылы Қазақстан Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласына өткен EXPO-2012 көрмесіне де белсенді қатысты.

Ал үміткер болу тарихына келер болсақ, былтыр, 2011 жылдың 10 маусымында Париждегі Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде EXPO-2017 жобасының ұлттық үйлестірушісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев Бюроның Бас хатшысы Винсенте Гонсалес Лоссерталеспен кездесіп, ҚР Премьер-Министрінің қолы қойылған Қазақстан Республикасының ресми өтінімін тапсырған болатын. Сөйтіп былтырғы 10 маусымнан бастап Казақстан Астанада ЕХРО-2017 көрмесін өткізу бойынша сайлау нақанына кірісіп, кейіннен өтінім құжаттамасы (көрмені өткізу тұжырымдамасы, техникалық-экономикалық негіздеме, көрмені өткізу жоспары, қонақтардың қауіпсіздігі мен оларды қарсы алу туралы инфрақұрылымдық шешімдер) дайындалып, Халықаралық көрмелер бюросына тапсырылды. Бюро талаптарына сай көремені өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қаласы әлемнің 100 мемлекетінен 3-4 млн. адамды қабылдайтындай шамасы болу керек.

Қазақстан халықаралық көрме тақырыбын «Болашақ энергиясы» деп таңдаған болатын. Бұндай тақырыптың таңдалуының да өзіндік ерекшеліктері ғана емес, жаһандық өзектілігі де баршылық. Мәселен, орнықты дамуға көшу, баламалы энергия көздеріне ізденістер проблемасы әлемдік қоғамдастық тарапынан біршама жылдар бойы көтеріліп келеді. Жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығы да жылдан-жылға артып келетіні айтпаса да түсінікті. Техногендік апаттардың салдары жылдан-жылға ауырлап және болжамдау шеңберінен де шығып жатыр. Мәселен, Мексика бұғазындағы мұнай платформасында орын алған алапат апат, «Фукусима» атом электр стансасының қасіреті экологиялық таза әрі барынша қауіпсіз, сондай-ақ жеңіл қалпына келтірілетін энергия көздерін пайдалану жөніндегі мәселені жаһан жұртшылығының алдына кесе көлденең тартады. Сондықтан да әлемдік ғылым үшін де, әлемдік экономика үшін де ең басты міндет – болашақ энергиясы болып табылады. Бұл ретте Астананың «Болашақ энергиясы» тақырыбын таңдау арқылы жаһандық мәселені көтеріп отырғанын айтуымыз керек. Сонымен қатар, осы тақырып арқылы Қазақстан энергетиканы дамытуға өз үлесін қосуға және Астанада баламалы қуат көздері саласында таңдаулы ойшылдар мен жобаларды, инноваторлар, ғалымдарды жинауға ұмтылады. Бұл тақырып энергия сақтау бойынша таңдаулы әлемдік технологиялармен, әлемде бар баламалы әрі жаңартылатын күн, жел, теңіз, мұхит және термалдық су энергияларын пайдалану бойынша жаңа жобалар мен технологиялармен кеңінен таныстыруға мүмкіндік береді. Бұл бағытта жаңа технологияларды іздеу ел үшін басым міндет болып табылады және Қазақстан Үкіметінің қолдауымен іске асырылады. Мысалы, жел энергиясын пайдалану жұмыстары 2004 жылдан бері БҰҰ Даму бағдарламасымен бірге жүргізіліп, жүзеге асып келеді. Бұдан бөлек, «Назарбаев Университетінде» бейіндік зерттеу орталығы, соның ішінде Альтернативтік энергия орталығы құрылған болатын.

Астананың артықшылықтары туралы айтқанда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтың Париждегі баспасөз мәслихатында жасаған мәлімдемесін де алға тартуға болады. Онда Қайрат Нематұлы болашақта Қазақстан Мыңжылдықты дамыту және орнықты дамыту мақсаттары аясындағы мәселелерді шешуді көздейтінін, өйткені бұл идеялар қазақстандық тарапқа жақын болып табылатынын айтқан еді. «ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл көпір» бастамасын іске қосты. Соңғы «Рио+20» конференциясында бұл бастама өзінің өзектілігін тағы да дәлелдеді. Мәселе «жасыл экономиканы» тек Еуропада ғана емес, бүкіл әлемде дамыту бойынша еуропалық бастама туралы болып отыр. Астана әлемдегі «жасыл экономиканың» осындай орталығы болуға ниетті», - деп атап өткен болатын Вице-премьер Қайрат Нематұлы. Бұдан басқа, Астана кандидаттығына маңызды дәлелдер арасында Қайрат Келімбетов Қазақстанның Ресей және Қытаймен шекаралас екендігін, халық саны көп Үндістанмен де алшақта емес екенін атап өтті. Бұл 2,5 миллиард адам үшін Астанаға «жасыл экономиканы» дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісу бойынша өзара байланысып, сапар жасауға мүмкіндік болады.

Жалпы осы Париждегі соңғы баспасөз мәслихатында 2017 жылы EXPO Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге үміткер қалалар – Астана және Льеж өздерінің артықшылықтары туралы айтысқан болатын. Осы бағытта Премьер-Министр орынбасары Қайрат Келімбетов Льеж қаласы өтінімінің негізгі артықшылығы EXPO көрмесін 6 рет өткізген Бельгияның тәжірибелігінде деп айтқан еді. «Бұл үлкен институционалдық тәжірибе. Менің ойымша, Бельгия кемел мемлекет ретінде бүкіл әлем бойынша дипломатиялық өкілдіктердің кең желісіне ие. Сондықтан бельгиялық «дауыс» бізге қарағанда жақсырақ естілуі мүмкін», - деді Қайрат Нематұлы. Астананың тағы бір артықшылығы қазақстандық тараптың өтінімі дамыған әрі дамушы елдердің мүддесіне сай келеді. Өйткені, ондай дамуы әртүрлі елдердің Астанада кездесуі мыңжылдықтың ғаламдық мақсаттарға бірлесіп қол жеткізуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, Льеж қаласының мэрі Вилли Демейер (Willy Demeyer) Астана өтінімінің басты артықшылығы ретінде «егер Астана жеңсе көрменің азиялық құрлықта өткізілетінінде» екенін атап өткен болатын. «Халықаралық көрмелер бюросы – 161 мүше-мемлекеттен тұратын жаһандық ұйым. Бұл ретте түрлі үміткерлер әлемнің әр алуан тұстарынан болуы да аса маңызды. Меніңше, бұндай мәселе Ұйымның өзін тек байыта, дамыта түсетіні айқын. Сонымен қатар, Қазақстанмен өзара әрекеттестік бізге басқа әлемді көруге мүмкіндік береді. Біз қазақстандық делегациямен бүкіл адамзат прогресі үшін жұмыс істеудеміз», - деп атап өтті Льеж қаласының мэрі Вилли Демейер. Осы тұста еске сала кететін жайт, Астанамен бірге бәсекеге түскен Льеж «Әлем мен адамзатты біріктірейік» тақырыбын ұсынған болатын.

Ал Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов «EXPO-2017 көрмесінің Астанада өткізілуі – Қазақстанда ғана емес, онымен көршілес елдердегі «экономикалық сағаттың» жүрісін өзгерте алатын тарихи маңызды оқиға болып табылады» деген пікір білдірген еді. «Астана – болашаққа ұмтылған жастық шақ энергиясының өмірлік ырғағын айқындайтын қала. Небары 14 жылда елорда маңыздылығы бойынша жүзжылдықпен өлшенетін елеулі қадам жасай алды. Осы уақытта қала халқының саны 2,5 есеге өсті. Аймақтың жалпы өнімінің көлемі 90 есеге өсті. Біз қаланы дамыту үшін 30 есе көп инвестиция тарттық. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 11 есеге өсті. Сонымен қатар, Астанада әлемге танымал сәулетшілердің ең керемет дизайнерлік ойлары іске асырылды», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов. Қала әкімінің айтуынша, халықаралық көрме кешені де бірегей туынды болмақ. Сондай-ақ, сарапшылар бағалауынша Астанада өткізілетін EXPO-2017 көрмесін тамашалауға елордаға бес миллионнан астам адам келеді. Дегенмен, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетовтың айтуынша, Астанаға келетін адамдардың саны емес, көрме аясында өткізілуі жоспарланып отырған шаралардың әлемдік үдерістер барысына қалай әсер ететіні баса маңызды болмақ. «Біздің алға қойған мақсаттар - мыңжылдықты дамыту, орнықты әлемдік даму мақсаттары, «жасыл экономика» мен «жасыл энергетиканы» дамыту мақсаттары», - дейді Қайрат Нематұлы. Оның сөзіне қарағанда, бұл мақсаттарға Қазақстан Үкіметі 62 миллион еуро бөледі.

Сөйтіп, өзінің артықшылықтарымен Бельгияның Льеж қаласынан басым түскен Астана 2017 жылы өтетін ауқымды шараға бүгіннен бастап кірісетін болады. Осынау Астанадағы көрмеге 100-ден астам қатысушы мемлекеттер жиналады, соның ішінде 10-ға жуық әлемнің жетекші ұйымдары болады деп болжанады. Үш айға ұласатын павильондарда 5 миллионға жуық адам келіп қайтса, бұның өзі зор міндет, ауқымды жұмысты талап ететіні айтпаса да түсінікті.

Айта кетерлігі, EXPO-2017 Халықаралық көрмесі үшін Астана әкімдігі жалпы ауданы 113 гектар жер учаскесін белгілеп қойған болатын. Соның ішінде 25 гектар аумақ – кешеннің өзі болса, қалған бөлігі көліктерді қоюға және сыртқы жабдықтауға, сондай-ақ EXPO-қалашыққа арналатыны жоспарланған. Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов көрме қалашығының EXPO өткізілген соң да қолданылатынына сенім білдіреді. Оның айтуынша, EXPO-қалашығы болашақ қаланың нақты көріністеріне де айналады. EXPO көрмесін өткізген соң кешенде ғылым, табиғат, мәдени мұра орталықтары орналасатын көпбейінді кеңістік құру да жоспарланыпты. Сонымен бірге, «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтетін EXPO көрмесі аумағының ерекшелігі мен артықшылығы, оның жаңғырмалы энергия көздері арқылы жұмыс істеуінде болмақ. Әзірге белгілісі көрменің аумағында – Өмір, Бейбітшілік, Сана, Ғарыш атты 4 тақырыптық павильон орналастырылады.

Астананың таңдауы айқындалған ендігі күні Қазақстанның алдында EXPO көрмесіне арналған үлкен аумақты жайландыру жұмыстары тұр. «Құрылысқа инвестициялар тарту, өз инвестицияларымызды, мемлекеттік инвестицияларды салу бойынша белсенді жұмыстар күтіп тұр бізді. Бұдан басқа, EXPO көрмесін өткізгеннен кейін Астанаға енгізілетін бүкіл капиталды пайдалану сияқты үлкен міндетттер де баршылық. Жалпы бұл Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ EXPO көрмесіне қатысатын мемлекеттердің де ғылым мен техникасының қазіргі заманғы жетістіктерін көрсететін, үлкен көрме кешені болмақ», - дейді ИманғалиТасмағамбетов.

Сөйтіп, Астана қаласының әкімдігі алдағы уақытта жай ғана көрме орталығын емес, ғылыми зерттеулер орталығын жасауға тырысады. «EXPO көрмесін – бүгінгі күннің жетістіктері атты бір тақырып бойынша ғана өткізу – негізгі мақсат емес. Негізгі мақсат – осы тақырып бойынша болашақта өте жақсы нәтижелер беретін, одан арғы зерттеулер жүргізуде», - дейді елорда әкімі.

Жалпы, EXPO 2017 өтінім науқанына қатысудан бастап, әлемнің көптеген мемлекетінің қолдауын иеленгенге дейінгі аралықта Қазақстан барынша көп тәжірибе жинады, өз ізденісіне қажетті нәрселер таба алды. Өз кандидатурасын жылжыту арқылы науқан барысында Қазақстан сөзсіз, Халықаралық көрме бюросының айтарлықтай барлық мүше-мемлекеттерімен дипломатиялық және сауда-экономикалық қатынастарын орнатуда ілгері қадам жасады. Үгіт науқаны барысында еліміздің өкілдері ұйымға мүше мемлекеттердің барлығына дерлік барып шықты. Тынбастан төгілген тердің нәтижесінде Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл 20-жылдық тарихында бұрын-соңды болып көрмеген тағы бір белес бағынды. Көптеген елдер, өтінім беру барысында Астана қаласы инфрақұрылымның даму деңгейін, қала халқының өмір деңгейі және жалпы, Қазақстан экономикасының даму жайы жөнінде жоғары пікірге ие болды.

Ендігі күні асығы алшысынан түскен Астанаға «Іске сәт!» деп тілеу ғана қалып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға