Жаңалықтар

Астана EXPO-2017 көрмесінің иесі атанды!

Астана EXPO-2017 көрмесінің иесі атанды. Дауыс берудің қорытындысы жаңа ғана, Парижде өтіп жатқан EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 161 елдің жасырын дауыс беру қорытындысы EXPO-2017 көрмесі өтетін қаланы анықтады. Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал белгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады.  Еске сала кетсек, ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласқа түсті. Бельгия «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырыпты ұсынған болатын. Ал Астана энергияның балама көзіне және «жасыл» технологияға арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды. 2011 жылдың маусым айында Париждегі Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы СІМ-нің жауапты хатшысы, ҚР-дағы ЕХРО жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев қазақстандық үкіметтің атынан ХКБ-ның бас хатшысы Висенте Лоссерталеске 2017 жылы Астанада ЕХРО Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған өтінімді ұсынды. 2011 жылдың қарашасында-ақ ХКБ Бас Ассамблеясының 150-ші сессиясында Қазақстан делегациясы ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Астана таныстырды. Көрме 2017 жылдың жаз маусымында үш ай бойы өткізіледі. Оған 50 млн-ға дейін адамдар қатысады деп күтілуде. 2012 жылдың маусымында Парижде Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 151-ші сессиясында Астана ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге үміткер қала ретінде таныстырылды. Қазақстанның өтінімін таныстыра отырып, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Астананың жас қала екенін, сондай-ақ ЕҚЫҰ Саммиті, Қысқы Азиада ойындары, Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезі және өзге де ауқымды шараларды сәтті өткізгенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының атынан делегаттарға бейнеүндеу жасады. Елбасы өз сөзінде бұл ЕХРО шекарасын кеңейтетін ТМД елдері мен Орталық Азия кеңістігіндегі тұңғыш көрме болатынын және «Болашақ энергиясы» жершарының дамуына арналған дұрыс бағыт екенін атап өтті. Қазіргі уақытта 47 ел Қазақстанды қолдайтынын жазбаша растады және тағы 35 ел ауызша растады. Астананың кандидатурасын қолдау бойынша насихат жұмыстары әлем бойынша жүріп жатыр. Мәселен, қазан айының басында ҚР Географиялық қоғамының авто-мото-экспедициясы 9 айлық сапарына шықты. Байкер Дмитрий Петрухин Қазақстанның туын қолына алып, Халықаралық көрмеге мүше 160 елдің қатарына кіретін Америка құрлығындағы 35 мемлекетті аралап шықпақшы. Себебі дәл осы елдер ағымдағы жылдың 22 қарашасында өтетін 2017 жылы EXPO көрмесін өткізу құқығы үшін сынға түсетін елдерге дауыс беруге қатысады. Сондай-ақ ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» бейнеролигі жылсайынғы «Cannes Corporate Media & TV Awards» фестивалінде «Корпоративті фильм» санаты бойынша күміс дельфинге ие болды.
22.11.2012 20:18 3909

Астана EXPO-2017 көрмесінің иесі атанды. Дауыс берудің қорытындысы жаңа ғана, Парижде өтіп жатқан EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

161 елдің жасырын дауыс беру қорытындысы EXPO-2017 көрмесі өтетін қаланы анықтады. Астана үшін ХКБ-ның 103 мүше-мелмекеті дауыс берген, ал белгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинады. 

Еске сала кетсек, ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласқа түсті. Бельгия «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырыпты ұсынған болатын. Ал Астана энергияның балама көзіне және «жасыл» технологияға арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды.

2011 жылдың маусым айында Париждегі Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы СІМ-нің жауапты хатшысы, ҚР-дағы ЕХРО жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев қазақстандық үкіметтің атынан ХКБ-ның бас хатшысы Висенте Лоссерталеске 2017 жылы Астанада ЕХРО Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған өтінімді ұсынды. 2011 жылдың қарашасында-ақ ХКБ Бас Ассамблеясының 150-ші сессиясында Қазақстан делегациясы ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Астана таныстырды.

Көрме 2017 жылдың жаз маусымында үш ай бойы өткізіледі. Оған 50 млн-ға дейін адамдар қатысады деп күтілуде.

2012 жылдың маусымында Парижде Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 151-ші сессиясында Астана ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге үміткер қала ретінде таныстырылды. Қазақстанның өтінімін таныстыра отырып, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Астананың жас қала екенін, сондай-ақ ЕҚЫҰ Саммиті, Қысқы Азиада ойындары, Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезі және өзге де ауқымды шараларды сәтті өткізгенін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының атынан делегаттарға бейнеүндеу жасады. Елбасы өз сөзінде бұл ЕХРО шекарасын кеңейтетін ТМД елдері мен Орталық Азия кеңістігіндегі тұңғыш көрме болатынын және «Болашақ энергиясы» жершарының дамуына арналған дұрыс бағыт екенін атап өтті.

Қазіргі уақытта 47 ел Қазақстанды қолдайтынын жазбаша растады және тағы 35 ел ауызша растады.

Астананың кандидатурасын қолдау бойынша насихат жұмыстары әлем бойынша жүріп жатыр. Мәселен, қазан айының басында ҚР Географиялық қоғамының авто-мото-экспедициясы 9 айлық сапарына шықты. Байкер Дмитрий Петрухин Қазақстанның туын қолына алып, Халықаралық көрмеге мүше 160 елдің қатарына кіретін Америка құрлығындағы 35 мемлекетті аралап шықпақшы. Себебі дәл осы елдер ағымдағы жылдың 22 қарашасында өтетін 2017 жылы EXPO көрмесін өткізу құқығы үшін сынға түсетін елдерге дауыс беруге қатысады. Сондай-ақ ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» бейнеролигі жылсайынғы «Cannes Corporate Media & TV Awards» фестивалінде «Корпоративті фильм» санаты бойынша күміс дельфинге ие болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға