Жаңалықтар

Үкімет басшысының қатысуымен Өскеменде аймақаралық форум өтеді

Бүгін Өскеменде «Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының интеграциясы аясындағы аймақаралық ынтымақтастық» республикалық форумы басталады.  Келелі жиынға ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов қатысады деп күтілуде. Форумда жалпы елді табысты түрде ілгерілету бағытында биліктің, кәсіпкерліктің және қоғамның өзара әрекеттесу тетіктері талқыланбақ. Жоспар бойынша басқосуға қатысушылар еліміздің шығысындағы бірқатар жүйе құраушы кәсіпорындарда болады, өңірлердің индустриялық-инновациялық мүмкіндіктеріне арналған және олардың өнімдері қойылған көрмені аралайды. Форум шеңберінде ынтымақтастық және аймақаралық байланыстарды кеңейту келісімінің нобайына қол қойылады деп күтілуде.  ҚазАқпарат
12.07.2013 04:18 2925

Бүгін Өскеменде «Алматы, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының интеграциясы аясындағы аймақаралық ынтымақтастық» республикалық форумы басталады. 

Келелі жиынға ҚР Үкімет басшысы Серік Ахметов қатысады деп күтілуде.

Форумда жалпы елді табысты түрде ілгерілету бағытында биліктің, кәсіпкерліктің және қоғамның өзара әрекеттесу тетіктері талқыланбақ.

Жоспар бойынша басқосуға қатысушылар еліміздің шығысындағы бірқатар жүйе құраушы кәсіпорындарда болады, өңірлердің индустриялық-инновациялық мүмкіндіктеріне арналған және олардың өнімдері қойылған көрмені аралайды. Форум шеңберінде ынтымақтастық және аймақаралық байланыстарды кеңейту келісімінің нобайына қол қойылады деп күтілуде. 


ҚазАқпарат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға