Қазақстан ұсынған «Болашақ энергиясы» тақырыбы жаһандық экономиканың дамуын айқындайды &
22.11.2012 18:39
3127
ЕХРО–2017-де Қазақстан ұсынған «Болашақ энергиясы» тақырыбы жаһандық экономика дамуының тәртібін анықтайды. Бұл жөнінде Астананың көрмені өткізу құқығын жеңіп алғаннан кейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Біздің «Болашақ энергиясы» атты тақырыбымыз күн тәртібіндегі маңызды тақырып. Осы көрмелер әлемдік жаһандық экономика дамуының күн тәртібін айқындайды. Біз Астанада ЕХРО-ны саламыз және заманауи технологиялармен жабдықтаймыз. Бұл өте әдемі нысан, біздің еліміздегі үздік нысандардың бірі болады. Бұл Қазақстанды әлемге тағы да танымал ететін бүкіл Қазақстан үшін, барлық қазақстандықтар үшін оңды оқиға», – деді Н.Назарбаев журналистердің алдында сөйлеген сөзінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Казахстан поблагодарил Бельгию за честную конкуренцию