Жаңалықтар

Неміс ұлтының асхана мәзірі

Қазақстанда тұратын ұлттардың дәстүр, мәдениет, ән, би, киім сонымен қатар ұлттық тағамдарында өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары бар.
01.03.2014 10:31 39421
Қазақстанда тұратын ұлттардың дәстүр, мәдениет, ән, би, киім сонымен қатар ұлттық тағамдарында өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтары бар. Ұлттық тағамның жасалу жолдары мен құпиясы атадан балаға беріліп отыратын мирас.  Еліміздегі неміс диаспорасының ас әзірлеу сырларымен таныса отырайық.
 
Қазақстанның түкпір-түкпірінде тұратын немістердің дәстүрлі асына – ет тағамдарын және сан түрлі тоқаштар әзірлеу тән болып табылады.  Еттен шницель, гамбургше филе, разбрат, шморбратен, шнельклопс және түрлі шұжықтар жасағанды жандары сүйеді.  Елімізде өтілетін мереке күндері шошқа етінен дайындалған ас мәзірі немесе қырыққабат бұқтырылып салынған қаз немесе тауық әзірлейді. Немістер мұндай қырыққабаттың емдік қасиеті бар деп санайды. Жергілікті неміс халықтары өздерінің нағыз Отанында пісірілетін тағамдарды да ұмытпаған. Бір уақытта екі тағамды алмастыратын түстік ас: ет, ысталған тағамдар, шұжық (сосиска) қосылған қою көже – айнтопф неміс асханасына тән ерекшелік. Немістер сусындардың ішінен кофені сүйіп ішеді. Қазіргі таңда Алматы немістері болсын, Германия немістері болсын қымыздың денсаулыққа берер пайдасы мен дәмін жоғары бағалап қазақтан кем ішпейтін болған. 
Неміс диаспорасы дәстүрлі тағамдары – тауық кеспесі, үзбе кеспе қосылған көже, жеміс көжесін жасаудың шеберлері. Мерекелерде қырық қабат қосылған шошқа немесе қаз етін дайындап, бәліш пісіреді. Оны «кухе» деп атайды.  
Орамалар – штрудельдердің бірнеше түрі кеңінен тараған. Қыстың қамын ерте ойлайтын немістер шошқа майын, ет және балықты сүрлейді, шұжықтың әр түрін жасап дайындайды.  
Кейбір неміс тағамдары географиялық жерлердің атауларына ие болған, мысалы, Шварцвальд немесе Вестфаль ветчинасы немесе Нюрнберг пряниктері. 
Немістердің сүйсініп жейтін тағамдарының бірі - шницель.  Шницель - неміс тілінен аударғанда “schnitzen” – кесу деген мағынаны білдіреді. Шницельді бұзау етінен де, күркетауықтан да, тауықтан да дайындауға болады, тек төс етін пайдалану қажет.  Төс еттің қабықшасын және май қабықшасын сылып алып тастау керек. Негізінде — қарапайым ет кесегі маманның белгілі бір іс-әрекеттері арқасында аспаздық шедеврге айналады. Шницельге арнайы гарнир көкөністен жасалады. Шалғамды жұқалап жартылай дөңгелектеп, қызыл пиязды ірілеп және черри қызанақтарын майдалап, түрлі түсті болгар бұрышын жұқалап кеспелеп турайды. Кесек етті сопақ пішінді болғанша ұрғылайды. Артқы санының бөлігін жалпақша етіп кесіп алып, тура осылай ұрғылау керек. Олар дәмдеуіштерді мейлінше аз қосып, еттің табиғи дәмін сақтап қалуға тырысады. Тұз бен  бұрыш қосып тағамның дәмін әрлендіре түседі. Содан соң жартылай дайындалған өнімді кептірілген нан ұнтағына аунатып қуырып, қуырылған үй картобымен, саңырауқұлақтармен, қозықұйрықпен қоса ұсынады.  
 Қазақстанда тұратын немістердің асханасының басты мақтанышының бірі  - шұжық түрлері. Олар осы ет өнімінің әлемдегі ең үздік дайындаушылары болып саналады. Мұнда шұжықтардың 1500-ден астам түрі әзірленеді. Деликатестік ет өнімдерін жеке тағам ретінде де, сондай-ақ, екінші және бірінші тағамдардың қосымша ингредиенті ретінде де пайдаланыла береді. Ал, неміс асүйіндегі бұқтырылған қырыққабатпен бірге берілетін сосискалардың атағы әлемге әйгілі.  
Қазақ жеріне сіңісіп кеткен немістер борщ, кеспе көже, тіпті бесбармақ та дайындайды. Наурыз мерекесінде наурыз көже ішіп, ыстық бауырсақ жеуді ұнатады. 
 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға