Визалар 5 жылға дейін жарамды болады
9 шілдеде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Вашингтонға ресми сапары барысында ҚР мен АҚШ арасында өзара түсіністік қағидаты негізінде 5 жылға дейін жарамды көп реттік визалар беру туралы уағдаластықтың күшіне енуіне орай, екі ел өкілдері ноталармен алмасты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарласты. Қазақстан мен АҚШ 1 тамыздан бастап жарамдылық мерзімі 5 жылға дейін жарамды көп реттік дипломатиялық, қызметтік, іскерлік, туристік, жеке және студенттік визаларды бере бастайды. Бұрын виза беру мерзімі 1 жылдан аспайтын. Аталған уағдаластық Қазақстан мен Америка арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристік және басқа да байланыстарды нығайтуға, сонымен қатар, екі ел азаматтарының өзара сапарларын мейлінше жеңілдетуге бағытталған. Baq.kz9 шілдеде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Вашингтонға ресми сапары барысында ҚР мен АҚШ арасында өзара түсіністік қағидаты негізінде 5 жылға дейін жарамды көп реттік визалар беру туралы уағдаластықтың күшіне енуіне орай, екі ел өкілдері ноталармен алмасты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарласты.
Қазақстан мен АҚШ 1 тамыздан бастап жарамдылық мерзімі 5 жылға дейін жарамды көп реттік дипломатиялық, қызметтік, іскерлік, туристік, жеке және студенттік визаларды бере бастайды. Бұрын виза беру мерзімі 1 жылдан аспайтын.
Аталған уағдаластық Қазақстан мен Америка арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық, туристік және басқа да байланыстарды нығайтуға, сонымен қатар, екі ел азаматтарының өзара сапарларын мейлінше жеңілдетуге бағытталған.
Baq.kz
