Жаңалықтар

Қазақстанда ЕХРО-2017 қоры құрылды — Қайрат Келімбетов

Қазақстанда ЕХРО-2017 қоры құрылды. Бұл туралы, BNews.kz тілшісі хабарлағандай, Парижде ЭКСПО-2017 көрмесі бойынша «Болашақ энергиясы» бағдарламасының қорытынды таныстырылымында вице-премьер – ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті. «Қазіргі уақытта Қазақстанда болашақ энергиясы саласын зерттеу жұмыстарын қолдау үшін ЕХРО-2017 қоры құрылды, біздер дамушы елдерде зерттеу жобалары мен ғылыми жұмыстарды қаржыландыруды бастап кеттік, ол 69 елге қаржылай және техникалық қолдау көрсетуге жетерлік.  Біз Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесін ең жоғары технологиялы көрмелердің біріне айналдыруға ұмтылатын боламыз. Көрме алаңы қайта қалпына келетін энергия көздері арқылы жарықтандырылатын болады. Осылайша, Астана өз алдына «Болашақ қаласына» айналмақ. Біздер екіжақты кездесулер барысында бірқатар елдермен келіссөздер жүргізіп, Астанадағы алаңды әлдеқайда тартымды ету бойынша көптеген кеңестер алдық», - деп мәлім етті вице-премьер Қ.Келімбетов. Естеріңізде болса, 2017 жылы EXPO Дүниежүзілік көрмесін өткізуге үміттеніп отырған Астананың кандитурасын қолдау үшін түсірілген «Astana Expo 2017. Great Expectation of Kazakhstan» атты Қазақстан фильмі қазан айында Каннада өткен халықаралық фестивалде марапатқа ие болған. Бұл да Астанаға халықаралық көрмені өткізу құқығына ие болу үшін үлкен мүмкіндік береді.  ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің тапсырысы бойынша түсірілген «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» фильмі осы жылдың 18-қазанында жыл сайынғы «Cannes Corporate Media & TV Awards» халықаралық фестивалде «Корпоративті фильм» санаты бойынша екінші орынды иемденген болатын.  Сол кезде-ақ ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» бейнеролигінің жүлде алуы айтулы оқиға болағанын атап өтіп, Қазақстан EXPO-2017 көрмесін өткізудегі бәсекеде жеңеді деген үмітін білдірген.  Cannes Corporate Media & TV Awards дәстүр бойынша өз алаңында PR-агенттіктер, компаниялар, мемлекеттік құрылымдар, режиссерлер, видеостудия өкілдері, мультимедиялық компаниялар, телеарналар, жарнама агенттіктерінен құралған маркетингтік коммуникация саласындаңы нағыз мамандарды жинайды.  Биыл Ресей мен ТМД елдерінен қатысатындардың саны бірнеше есеге артқан, ал жалпы осы елдерден түскен өтініштер саны 65-ке жетіпті.Ал Қазақстаннан «The Great Expectation of Kazakhstan» бейнеролигінен бөлек қосымша тағы екі өтініш берілді.  Еске сала кетсек, ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласуда. Бельгия «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырыпты ұсынды. Ал Астана энергияның балама көзіне және «жасыл» технологияға арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды.  2011 жылдың маусым айында Париждегі Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы СІМ-нің жауапты хатшысы, ҚР-дағы ЕХРО жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев қазақстандық үкіметтің атынан ХКБ-ның бас хатшысы Висенте Лоссерталеске 2017 жылы Астанада ЕХРО Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған өтінімді ұсынды. 2011 жылдың қарашасында-ақ ХКБ Бас Ассамблеясының 150-ші сессиясында Қазақстан делегациясы ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Астана таныстырды.  Көрме 2017 жылдың жаз маусымында үш ай бойы өткізіледі. Оған 50 млн-ға дейін адамдар қатысады деп күтілуде.  2012 жылдың маусымында Парижде Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 151-ші сессиясында Астана ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге үміткер қала ретінде таныстырылды. Қазақстанның өтінімін таныстыра отырып, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Астананың жас қала екенін, сондай-ақ ЕҚЫҰ Саммиті, Қысқы Азиада ойындары, Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезі және өзге де ауқымды шараларды сәтті өткізгенін атап өтті.  Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының атынан делегаттарға бейнеүндеу жасады. Елбасы өз сөзінде бұл ЕХРО шекарасын кеңейтетін ТМД елдері мен Орталық Азия кеңістігіндегі тұңғыш көрме болатынын және «Болашақ энергиясы» жершарының дамуына арналған дұрыс бағыт екенін атап өтті.  Қазіргі уақытта 47 ел Қазақстанды қолдайтынын жазбаша растады және тағы 35 ел ауызша растады. Астананың кандидатурасын қолдау бойынша насихат жұмыстары әлем бойынша жүріп жатыр. Мәселен, қазан айының басында ҚР Географиялық қоғамының авто-мото-экспедициясы 9 айлық сапарына шықты. Байкер Дмитрий Петрухин Қазақстанның туын қолына алып, Халықаралық көрмеге мүше 160 елдің қатарына кіретін Америка құрлығындағы 35 мемлекетті аралап шықпақшы. Себебі дәл осы елдер ағымдағы жылдың 22 қарашасында өтетін 2017 жылы EXPO көрмесін өткізу құқығы үшін сынға түсетін елдерге дауыс беруге қатысады. Сондай-ақ ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» бейнеролигі жылсайынғы «Cannes Corporate Media & TV Awards» фестивалінде «Корпоративті фильм» санаты бойынша күміс дельфинге ие болды. Дереккөзі: www.bnews.kz.
22.11.2012 17:43 3451

Қазақстанда ЕХРО-2017 қоры құрылды. Бұл туралы, BNews.kz тілшісі хабарлағандай, Парижде ЭКСПО-2017 көрмесі бойынша «Болашақ энергиясы» бағдарламасының қорытынды таныстырылымында вице-премьер – ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта Қазақстанда болашақ энергиясы саласын зерттеу жұмыстарын қолдау үшін ЕХРО-2017 қоры құрылды, біздер дамушы елдерде зерттеу жобалары мен ғылыми жұмыстарды қаржыландыруды бастап кеттік, ол 69 елге қаржылай және техникалық қолдау көрсетуге жетерлік. 

Біз Астанада өтетін ЕХРО-2017 көрмесін ең жоғары технологиялы көрмелердің біріне айналдыруға ұмтылатын боламыз. Көрме алаңы қайта қалпына келетін энергия көздері арқылы жарықтандырылатын болады. Осылайша, Астана өз алдына «Болашақ қаласына» айналмақ.

Біздер екіжақты кездесулер барысында бірқатар елдермен келіссөздер жүргізіп, Астанадағы алаңды әлдеқайда тартымды ету бойынша көптеген кеңестер алдық», - деп мәлім етті вице-премьер Қ.Келімбетов.

Естеріңізде болса, 2017 жылы EXPO Дүниежүзілік көрмесін өткізуге үміттеніп отырған Астананың кандитурасын қолдау үшін түсірілген «Astana Expo 2017. Great Expectation of Kazakhstan» атты Қазақстан фильмі қазан айында Каннада өткен халықаралық фестивалде марапатқа ие болған. Бұл да Астанаға халықаралық көрмені өткізу құқығына ие болу үшін үлкен мүмкіндік береді. 

ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің тапсырысы бойынша түсірілген «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» фильмі осы жылдың 18-қазанында жыл сайынғы «Cannes Corporate Media & TV Awards» халықаралық фестивалде «Корпоративті фильм» санаты бойынша екінші орынды иемденген болатын. 

Сол кезде-ақ ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Қазыбаев «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» бейнеролигінің жүлде алуы айтулы оқиға болағанын атап өтіп, Қазақстан EXPO-2017 көрмесін өткізудегі бәсекеде жеңеді деген үмітін білдірген. 

Cannes Corporate Media & TV Awards дәстүр бойынша өз алаңында PR-агенттіктер, компаниялар, мемлекеттік құрылымдар, режиссерлер, видеостудия өкілдері, мультимедиялық компаниялар, телеарналар, жарнама агенттіктерінен құралған маркетингтік коммуникация саласындаңы нағыз мамандарды жинайды. 

Биыл Ресей мен ТМД елдерінен қатысатындардың саны бірнеше есеге артқан, ал жалпы осы елдерден түскен өтініштер саны 65-ке жетіпті.Ал Қазақстаннан «The Great Expectation of Kazakhstan» бейнеролигінен бөлек қосымша тағы екі өтініш берілді. 

Еске сала кетсек, ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Қазақстанның бас қаласы Астана және бельгиялық Льеж қаласы таласуда. Бельгия «Адамдарды біріктіре отырып» деген тақырыпты ұсынды. Ал Астана энергияның балама көзіне және «жасыл» технологияға арналған «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынды. 

2011 жылдың маусым айында Париждегі Халықаралық көрме бюросының (ХКБ) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы СІМ-нің жауапты хатшысы, ҚР-дағы ЕХРО жобасының ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев қазақстандық үкіметтің атынан ХКБ-ның бас хатшысы Висенте Лоссерталеске 2017 жылы Астанада ЕХРО Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған өтінімді ұсынды. 2011 жылдың қарашасында-ақ ХКБ Бас Ассамблеясының 150-ші сессиясында Қазақстан делегациясы ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге Астана таныстырды. 

Көрме 2017 жылдың жаз маусымында үш ай бойы өткізіледі. Оған 50 млн-ға дейін адамдар қатысады деп күтілуде. 

2012 жылдың маусымында Парижде Халықаралық көрме бюросы Бас Ассамблеясының 151-ші сессиясында Астана ЕХРО – 2017 көрмесін өткізуге үміткер қала ретінде таныстырылды. Қазақстанның өтінімін таныстыра отырып, Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов Астананың жас қала екенін, сондай-ақ ЕҚЫҰ Саммиті, Қысқы Азиада ойындары, Әлемдік және дәстүрлі діндердің съезі және өзге де ауқымды шараларды сәтті өткізгенін атап өтті. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының атынан делегаттарға бейнеүндеу жасады. Елбасы өз сөзінде бұл ЕХРО шекарасын кеңейтетін ТМД елдері мен Орталық Азия кеңістігіндегі тұңғыш көрме болатынын және «Болашақ энергиясы» жершарының дамуына арналған дұрыс бағыт екенін атап өтті. 

Қазіргі уақытта 47 ел Қазақстанды қолдайтынын жазбаша растады және тағы 35 ел ауызша растады.

Астананың кандидатурасын қолдау бойынша насихат жұмыстары әлем бойынша жүріп жатыр. Мәселен, қазан айының басында ҚР Географиялық қоғамының авто-мото-экспедициясы 9 айлық сапарына шықты. Байкер Дмитрий Петрухин Қазақстанның туын қолына алып, Халықаралық көрмеге мүше 160 елдің қатарына кіретін Америка құрлығындағы 35 мемлекетті аралап шықпақшы. Себебі дәл осы елдер ағымдағы жылдың 22 қарашасында өтетін 2017 жылы EXPO көрмесін өткізу құқығы үшін сынға түсетін елдерге дауыс беруге қатысады. Сондай-ақ ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің тапсырысымен түсірілген «Astana Expo 2017 «The Great Expectation of Kazakhstan» бейнеролигі жылсайынғы «Cannes Corporate Media & TV Awards» фестивалінде «Корпоративті фильм» санаты бойынша күміс дельфинге ие болды.

Дереккөзі: www.bnews.kz.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға