Джорджио Армани Рамазан айы құрметіне арнайы шоколад тарту етпек
Әйгілі италияндық дизайнер Джорджио Армани қасиетті Рамазан айының құрметіне эксклюзивті кәмпиттер топтамасын шығармақшы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының muftyat.kz сайтының жазуынша, жаңа кәмпит құрамы кептірілген жемістер қосылған қара шоколадтан және шафран, кардамон гүлдерінің хош иістерімен дәмдендірілген, бастысы, спирт қосылмай жасалған. Жаңа тәттілер топтамасы араб елдерінің дүкен сөрелеріне жақын арада қойылады. Одан кейін 1 шілде мен тамыз айының соңына дейін Милан, Нью-Йорк, Кувейт, Дубай, Бахрейн, Доха және Малайзияның таңдаулы дүкендерінде ғана сатылады деп жоспарланып отыр. ҚазАқпарат.
09.07.2013 08:44
3828
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының muftyat.kz сайтының жазуынша, жаңа кәмпит құрамы кептірілген жемістер қосылған қара шоколадтан және шафран, кардамон гүлдерінің хош иістерімен дәмдендірілген, бастысы, спирт қосылмай жасалған. Жаңа тәттілер топтамасы араб елдерінің дүкен сөрелеріне жақын арада қойылады. Одан кейін 1 шілде мен тамыз айының соңына дейін Милан, Нью-Йорк, Кувейт, Дубай, Бахрейн, Доха және Малайзияның таңдаулы дүкендерінде ғана сатылады деп жоспарланып отыр.
ҚазАқпарат.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алмас Әбсейіт Алматыда бильярдтан өтіп жатқан Әлем чемпионатының қола жүлдесіне ие болды
Келесі жаңалық
Таразда жаңа көпірдің құрылысы басталды