Әділбек Жақсыбеков Нұрсұлтан шыңын бағындырды
Астананың 15-жылдығына орай, Іле Алатауындағы Нұрсұлтан шыңына өрмеледі. 800-ге тарта адам теңіз деңгейінен 4 376 метр биіктікке көтерілуге талпынды. Альпинистер Нұрсұлтан шыңына жыл сайын жаппай көтерілуді әдетке айнадырған, ал бұл альпиниада дәстүрінің негізін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қалаған болатын. - Астана күні қарсаңында өткізілетін барлық мерекелік іс-шаралар жалпыұлттық және бұқаралық сипатқа ие болуы тиіс. Жыл сайын тауға өрмелеушілер санының артуы, қоғамда оң өзгерістердің белең алғанын көрсетеді, дейді ТЖМ республикалық жедел-құтқару отрядының басшысы Владимир Цой. - Біздің міндетіміз – альпинистердің қауіпсіздігін және байланысын қамтамасыз ету, осының арқасында олар өздерінің күшін шамалай алады. Альпинистердің техникалық даярлығы әрқайсысында әртүрлі, ал тауға шығу оңай іс емес. Таңертеңнен бастап ауа-райы жақсы болып тұрды, уақыт өте күн күрт өзгерді – жаңбыр, қар, бұршақ жауып, жел тұрды. Нұрсұлтан шыңының ұшар басына 800 адамнан тек 207-сі ғана көтерілді. Олардың арасында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков те бар. Бақ.кзАльпинистер Нұрсұлтан шыңына жыл сайын жаппай көтерілуді әдетке айнадырған, ал бұл альпиниада дәстүрінің негізін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қалаған болатын.
- Астана күні қарсаңында өткізілетін барлық мерекелік іс-шаралар жалпыұлттық және бұқаралық сипатқа ие болуы тиіс. Жыл сайын тауға өрмелеушілер санының артуы, қоғамда оң өзгерістердің белең алғанын көрсетеді, дейді ТЖМ республикалық жедел-құтқару отрядының басшысы Владимир Цой.
- Біздің міндетіміз – альпинистердің қауіпсіздігін және байланысын қамтамасыз ету, осының арқасында олар өздерінің күшін шамалай алады. Альпинистердің техникалық даярлығы әрқайсысында әртүрлі, ал тауға шығу оңай іс емес. Таңертеңнен бастап ауа-райы жақсы болып тұрды, уақыт өте күн күрт өзгерді – жаңбыр, қар, бұршақ жауып, жел тұрды. Нұрсұлтан шыңының ұшар басына 800 адамнан тек 207-сі ғана көтерілді. Олардың арасында Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков те бар.
Бақ.кз
