Журналистер арасында футболдан жарыс өтеді
Журналистер арасында салауатты өмір салтын насихаттап, өзара әріптестікті нығайтуды көздеген «Қазконтент» АҚ футболдан турнир өткізеді. «Алатау» спорт кешенінде 29 маусым күні сағат 09.00-де басталатын турнирде «Хабар» агенттігі», «24.kz», «Қазақстан Ұлттық арнасы», «Керекинфо» порталы, «Астана ақшамы» газеті, «Қазақ радиосы», «Қазмедиа» орталығы, «Қазконтент» АҚ секілді 8 команда «Қазконтент» АҚ-нің кубогы үшін додаға түседі. Мерекелік турнирге қолдау білдіремін деуші жанкүйерлерді «Алатау» спорт кешенінде күтеміз.
28.06.2013 13:20
2621
Бөлісу:
![Telegram](https://el.kz./static/site/images/tel26.png)
Алдыңғы жаңалық
Размножение. Питание
Келесі жаңалық
Лифтте балаға шабуылдаған жасөспірім қазір қайда