Жаңалықтар

Қазақстандағы ұйғырлардың мәдени қоғамы

1997 жылы «Қазақстанның ұйғыр жастарының қауымдастығы», «Ұйғыр аналар Кеңесі», «Қазақстан ұйғырлары», «Достлар», «Ұйғыр әйелдерінің кеңесі» ұйымдары Қазақстан Республикасындағы ұйғырлардың мәдени қоғамына біріктірілді.
01.03.2014 10:55 6248
1997 жылы «Қазақстанның ұйғыр жастарының қауымдастығы», «Ұйғыр аналар Кеңесі», «Қазақстан ұйғырлары», «Достлар», «Ұйғыр әйелдерінің кеңесі» ұйымдары Қазақстан Республикасындағы ұйғырлардың мәдени қоғамына біріктірілді. Қоғамның төрағасы Фархад Таипович Хасанов – Қазақстан Республикасы жанындағы Ұлттық Кеңестің мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі. 
 
Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында ұйымның филиалдары құрылды. Қоғам Қазақстанның ұйғыр ұлттық мәдени орталықтарының, «Шырин» әйелдер клубының қызметін үйлестіреді. 
 
Қазақстанда 200 мыңнан астам ұйғырлар тұрады.
 
Ұйғыр мәдениет қоғамы Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының елшілігімен тығыз байланыс жасайды. ҚХР үкіметінің шақыруымен қоғамның делегациясы екі рет Қытайда – Пекин, Шанхай, Үрімші және басқа қалаларында болды. Оларды бұл қалаларда жоғары партиялық және үкіметтік деңгейде қарсы алады. Делегация мәдениет, білім беру салаларында және бірігіп әрекет етудің басқа да аспектілерінде өзара әрекеттестік пен алмасу туралы келісім жасады. 
 
Бірлестік елшіліктердің жетекшілерімен халықаралық қоғамдық ұйымдардың көшбасшыларымен елшіліктердің жанындағы мәдениет атташесімен шетелдік және қазақстандық БАҚ тілшілерімен кездесулерді өткізіп тұрады. 
 
ҚР Ұйғыр мәдени қоғамы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырып отыратын шараларға белсенді араласады, халықтар арасындағы достықты нығайтуға, этносаралық келісім сақтауға өз үлесін қосады. 
 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға