«Мицва» еврей ұлттық-мәдени орталығы
01.03.2014 10:55
5054
Еврейлер (ивритше – иегудим, адшас - идн) жер жүзіне тараған көне халық. Олардың негізгі отаны бүгінгі Израиль (палестина жері). Еврейлердің жалпы саны 15 млн (1995) адам. Еврейлерді әлемнің әр түкпірінен кездестіруге болады. Мәселен АҚШ-та – 6 млн, Израильде – 3,6 млн, Францияда – 650 мың, Англияда – 41 мың, Аргентинада – 300 мың, Канадада – 300 мың, Бразилияда – 150 мың, Оңтүстік Африкада – 120 мың. Еврей диаспорасы Латын Америкасында, Иранда, Түркияда, Ресейде, Қазақстанда т.б. елдерде бар. Толық емес мәліметке қарағанда Алматы қаласының өзінде ғана үш мыңдай еврей ұлтының өкілі бар. Екінші дүниежүзілік соғыс алдында еврейлердің 30% еуропадан шыққандарды ашкеназдар деп атаған.
1992 жылы республикадағы барлық еврей ұлттық-мәдени орталықтарын біріктірген «Мицва» ҚР еврей ұлттық ұйымдарының Қауымдастығы құрылды. Кейінірек Қазақстанда Хэсэд Еврей қайырымдылық ұйымы өз жұмысын бастады, Алматы қаласында алғашқы «Римон» Еврей Қауымдық орталығының негізі салынды. Қауымдастық ҚР Ұлттық Кеңесінің мүшесі, Дүниежүзілік Орыс тілді Еврей Конгресінің және Еуро-Азиялық Еврей Конгресінің төралқа мүшесі Александр Иосифович Барон басқарады.
Жыл санап еврейлердің өмір салтын, дәстүрін, қайта өрлеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп келеді. Көпшілік Хэсэдтерде Тораны үйрету бойынша сабақтар жүргізілуде. Бұл кездесулер қызметкерлер үшін де, волонтерлер, еврей ұйымдарының қарамағындағылар үшін де, сондай-ақ еврей халқының мәдениетіне қызығушылық танытқан басқа адамдар үшін де ұйымдастырылып тұрады.
Жастар клубтары табысты әрекет етуде; Қарағанды, Астана Өскемен қалаларында балалар шығармашылығының орталықтары, музыкалық, әдебиет клубтары, ана тілдері – иврит пен идишті оқыту бойынша клубтар ашылған. Алматы қаласында «Мицва» Қауымдастығында компьютер классы жұмыс істейді.
«Мицва» Қауымдастығының қызметі туралы қауымдастықтың «Давар» газетінің хабаршысынан www.mitsva.kz ақпараттық web-сайтынан оқуға болады. Олардан басқа республикада «Шолом» газеті шығарылады.
Қауымдастық қызметі еврей мәдениеті мен салт-дәстүрін қайта өрлетуге, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға, жастарды қауымдастық өміріне тартуға бағытталған.
Ашкеназдар неміс дилектісінің араласуы негізінде қалыптасқан идиш тілінде сөйлеп келген Роман тілінің араласуы негізінде қалыптасқан. Джудезмо тілінде Түркия, Марокко, Болгария еврейлері сөйлеген. Еврей тілінде түрлі диалектілер көп. Олар әр елде тұрғандықтан тілдерінде сол елдің тілдік әсерінен аралас терминдер диалекті болып сіңісіп кеткен. Еврейлердің жартысына жуығы ағылшын тілінде сөйлейді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандағы ұйғырлардың мәдени қоғамы
Келесі жаңалық
Заттыбек Көпбосынұлы туған күнін дүркіретіп атап өтті